АУЫЛ АРДАҚТЫСЫ

Біз айтулы ауыл азаматы, қа¬лаулы перзентінің бірі кім десе, кімді атар едік? Әрине, бала досымыз Әбдікәрім Торғайұлы Елі¬баев болатын. Әбдікәрім Жа¬лағаш пен Қармақшы аудандары аралығындағы «Бескепе» деп ата¬латын шағын мекенде, балықшы жан¬ұясында 1957 жылдың ақпан айында дүниеге келген. Жалағаш ауданына қарасты Жалағаш совхозында (қазіргі Далдабай ауылында) кезіндегі №114 «Актив» деп аталған мектебімізде оқып, оны 1974 жылы бітірді.
Ол өзінің болар бала екенін бала жастан-ақ танытқан, біз оқыған мектептің үлгілі оқушысы болды. Өзін жасынан ересек ұстайтын және байсалды көрінетін ол сабақты үздік оқитын білімділігімен қатар, шебер ұйымдастырушы және өнерге өте жақын болды. Мек¬теп¬тің және ауыл саханаларында тамылжыта ән салатын. Барлық музы¬калық аспаптарға жан бітіріп, шебер ойнайтын керемет талант иесі болды. Сол кезде дауыстары  керемет өнер иелері «Дос-Мұқасан» ансамбліне еліктеп, соған ұқсағысы келіп арман қуған жастардың бірі осы – Әбдікәрім болды.
Ауыл сахнасында құдды «Дос-Мұқасан» болып, дүркіретіп «Той жырын» айтып, ән салғызған да осы Әбдікәріміміз еді. Мектеп директоры Тасқара Балғабаев ағай¬ы талант көзін байқап, бар¬лық істі жиып қойып, талантты шәкіртін Ташкент қаласына апарып, ансамбльдің қବ¬жетті құрал-жаб¬дық¬та¬рын таңдатып алып берген еді. Ол мектеп қабыр¬ға¬сында жүріп-ақ өздерінің «Қыз¬ғал¬дақ¬тар» атты ан¬самблін  құрды. Ой, шір¬кін, сахнада солар салған ән әлі көкіректе сайрап тұр. Ол сахнада өзінің жеке орындауында «Жан досым» және сыныптасы Шынар Мекебаева екеуі дуэт болып, «Ақтоты» сияқты керемет әндерді тамылжытып орындайтын.
Мектеп бітірген соң алғашқы болып бұларды класымен Семейдегі шұбар¬тау-лықтардың ¬бас¬тамасымен, «50 миллион ел дәулеті» деген ұранмен, сол кездегі саясат бойынша қой бағуға алып қалды. Олар бар болғаны уыздай он жеті жаста ғана болатын.  «Арман», «Сұңқар» деген 2 бригадамен қиян далада Қарақұм кезіп қой бақты. Әбдікәрім «Арман» атты бри¬гаданың бригадирі болды.  Адам жаны төзбейтін аптап ыстықта, қыс¬қы сақылдаған сары аязда күніне екі оқушыдан алдарына 500 қой¬дан жайып, аптасына үш-төрт рет кезекпен қырды кезіп қой бағу оңай шаруа емес еді. Совет армия¬¬сы қатарында қызмет борышын өтеді. Содан соң еңбек мектебін байланыстырып,  қазақтың маңдайалды оқу орны С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік  ун謬верситетінің заң факу¬¬льтетінде оқып, оны 1982 жылы аяқ¬тады. Еңбек жолында 1982-1984 жылдары Қызылорда облыстық сотының судьясы мү¬ше¬лігіне талғамгер, мұнан кейін¬гі жылдары Қызылорда об¬лыс¬¬-тық сотының судьясы, Шиелі аудандық соты, Қызылорда облыс¬тық сотының шаруашылық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы, 2001 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласының  экономикалық сотында судья болып өмірінің соңына дейін қызмет атқарды. Осы саланың білгір маманы болды.
Оған мысал, Алматы қаласы Бос¬тандық аудандық №2 сотының төрағасы, майталман әріптесі Жанат Бекжанов өзінің «Заң» газетіндегі «Әріптестер ара¬сында шоқтығы биік Әбекең» атты ой-толғамында былай деп төрелі ой білдіргенін айтайық:
«...Судьялар ¬арасында Әб¬ді¬кәрім Торғайұлының шоқ¬тығы биік еді. Ол білім, тәжірибе, шешендік жағынан да еріксіз ерекшеленіп тұратын. Қос тілде мүдірмей сөй¬лейтін. Әр дүйсенбі сайын өтетін соттың жедел мәжілісінде әрбір жаңа қабылданған заңдар мен оларға енгізілген өзгерістерді сот практикасы немесе бұзылған не өзгерген сот актілерін талқылаған кезде өзіндік орынды пікірін білдіріп, белсенділік көрсетіп отыратын. Әбекеңді ұжымда бәрі сыйлайтын және пікіріне құлақ асатын. Қазақша, орысша сөйлегенде қазақ пен орыстың тауып айтылған әдемі мақал-мәтелдерін орынды келтіріп, ойын дөп айтатын. Баспасөз құрал¬дарымен тығыз ¬байланыс¬та болды. Сот жүйесінде жүріп жатқан реформаларға басқа да саланың түйткілді мәселелері болсын, ұдайы өзіндік тың ой-пікірін баспасөз бетінде ашық білдіріп отыратын. Ағамыздың бұл ерекше қасиеті ізденімпаздығы мен сот жүйесіне деген жанашырлығын көрсетіп отыратын. Әбекең өнер мен мәдениетке, әдебиетке де жақын еді. Қос тілде жарасымды әзіл-қалжыңдарын айтып, күлкіге қарық қылатын. Абай атамыздың қара сөздері мен өлең¬де¬рін, орыс ойшылдарының қа¬натты сөздерін жатқа айтып, айна¬ла¬сын-дағыларын еріксіз еліктіріп әкетіп отыратын ерекше қасиеті де бар еді. Ал, Әбекең қолына гитараны алып қоңыр дауыспен ән салғанда кәсіби әншілер жолда қалатын».
Азаматтың қарбаласқан ты¬ғыз да тынымсыз еңбек жолын, жұмыс бабын, тамаша талантын әріптесі осылай шебер айшықтапты. Еңбекте жұлдызы жанған, шоқтығы биік азамат екенін халқына, біз сияқты оны сағына жүретін еліне арнап жазған екен. Соңғы бір кездескенде ауыл азаматы, інісі Абдолла Изжановқа естелік жазайық дейді екен.
Біздің досымызды, аяулы жан, сүйікті жар, балаларының асылы, халқының қалаулысы, туған ауылымыз Далдабай ауылы¬ның ардақты азаматы болған Әбдікәрім Торғайұлының арамыздан кеткеніне бір жыл толыпты.  
Артында болаттай ұлдары, үл¬біреген қыздары, немерелері және Бағ¬даттай қалаулы жары қалды. До¬сымыздың әулеті ұрпағымен мың жасасын дейміз.
Жаса СЕРІКБАЕВА.
«Білім беру ісінің үздігі»,
«Құрмет» төсбелгілерінің иегері.
ТАҒЫЛЫМ 16 желтоксан 2017 г. 723 0