Бауырға сағыныш (Талғат Сражадинұлына арналады)

Кереқарыс ақмаңдай,
Жүрекке жылу жиғандай.
Күндей күліп есіктен,
Кіріп келе жатқандай.

Аршып бір алған асылдай,
Ашылмай кетті ау ашылмай.
Сағыныш қалды басылмай,
Жарық етіп сөнді жасындай.

Ағараңдап үміт таңы атқандай,
Қуанышқа орап жүрегімді мақпалдай.
Елегіземін, елеңдеймін мен бүгін,
Күлімсіреп Талғат келе жатқандай.

Жан едің жазғы таңдай жайраңдаған,
Алланың құдіретіне қайран қалам.
Жан едің шуағыңды шашып тұрған,
Қайырымды сендей інімді  қайдан табам!

Жаратқан жарылқасын жаңылыссаң,
Қайтейін қабыл алсын қабірыстан.
Сар дала секілденіп Сағым ұшқан,
Сені аңсап, сарғаямыз сағыныштан,
Бақыл бол бауырым, бақыл бол!!!

Туған  бауырың: Абильда Сражаддинұлы Абибуллаев.
ТАҒЫЛЫМ 10 қараша 2017 г. 3 650 0