« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазалыдағы қазағым, тіршілік еткен тірмізік,
Жалғанның тағы жалған екенін білгізіп.
Қайда алып жөнедің, қара көзіңнен мұңды үзіп.
Аттан құлаған ақыныңды
көкірегіңдегі таққа мінгізіп.
Атадан бері аласармаған тауымсың,
Мың батпан қайғыға белі шыдаған қауымсың.
Ақыныңды жыққан аттың тұяғы ауырсын.
Атар таңға аманат тасыған кептердің
қанатынан сусып түсті бір қауырсын.
Аға деп шыққанда жүрегін ашып алдымнан,
Аспанның нұрын көзіне құйып алдырған.
Айтқанын қылған айналып-толғанып тағдырдан.
Көңіл-кенеземнің айызы қанатын,
көктей дүркіреп көктемгі жаңбырдан.
Көкке жеткізген қолымнан аспайтын төбемді,
Көктен боратқан тектен терілген өлеңді.
Аға деп айтпайды, алты барсам да ол енді.
Уа, Қазалыдағы қазағым,
Абдолла ақын беймезгіл шақта неге өлді?
...Қыс жақын, ақ шытпен тысталар қатқақтар,
Оның бейнесін ап қашқан қатқыл соқпақтар.
Елесі ғана Қазалы жақты жиектеп кеп тоқтар.
Аспан астынан қалықтап,
Абдолла сонарының
ізін алып түседі аппақ қар.
Тәрік хәм мәрік, бұл өлеңді жазғаным,
Қабырғамды сындырып қайғымды қозғадым.
Сосын кеудемді ұстап күрсіндім – өз қамым.
Өлеңім емес, өксігім айту керек,
Абдолла ақынның дүниеден озғанын...
Дүйсенбек Аяшұлы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |