« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болады. Конституциямызда Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жазылған. Демек, бұл бағыттағы жемісті саясат Ата Заңмен де тығыз байланысты. Дегенмен, әлемдегі алдыңғы отыз елдің қатарына ену мақсатын қойған Қазақстан үшін әлі көп іс атқарылуы керек. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атаулы әлеуметтік көмекке келгенде қыжылды мәселе айқындалғанын айтып өткен еді. Бұл орайда Президент Үкіметке нақты тапсырма берді. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің облыс бойынша департамент басшысы Төреахмет Жолымбетовпен газет тілшісінің сұхбатында өңірде жасалып жатқан істер мен алдағы жоспарлар туралы сөз болады.
– Төреахмет Сайлаубайұлы, кешегі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салаға ерекше көзқарас танытып, Үкімет пен аймақ басшыларына бірқатар міндеттерді жүктеген болатын. Осы міндеттердің халықты әлеуметтік қорғау бағытындағы мәселелерін атап өтсеңіз және ол бойынша біздің өңірімізде қандай шаралар бар?
– Ел Президенті өзінің сайлауалды бағдарламасында да, Үкіметтің кеңейтілген отырысында да Үкімет пен жергілікті әкімдердің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі – халықтың әл-ауқатын көтеру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған байланысты, Президент халыққа көрсетілетін кепілдік берілген әлеуметтік қолдау шараларының тұрғылықты жеріне қарамастан, бірыңғай жүйесін әзірлеуді, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсетудің нақты және ашық механизмдерін қалыптастыруды тапсырды және бұл ретте әлеуметтік көмек тек қана оған мұқтаж адамдарға көрсетілуі керектігін қадап айтты. Бұл мақсатта біздің өңірде де біршама жұмыстар атқырылды. Мәселен, ҚР 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына енгізілген толықтыруларға байланысты кәмелетке толмаған мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінде мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалып, төленуде. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасап отырған ата-анасына немесе қамқоршысына 1,05 күнкөріс деңгейінің мөлшерінде ай сайын мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленуде. Сондай-ақ, өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың 27 ақпанында Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Бұл съезде Мемлекет басшысы мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 30 процентке көбейтілетіндігін және осы шараларды іске асыруға 2019-2021 жылдарға қосымша қаражат бөлуді тапсырған болатын. Осыған орай, республика бойынша жәрдемақы алушылардың саны 100 мыңнан аса, оның ішінде облыс бойынша 5638 алушының жәрдемақы мөлшері 31183 теңгеден ал (1 шілдеден бастап) 41578 теңгеге көбейді. Сонымен қатар, қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және 16 жасқа дейінгі мүгедекке жұмыс жасауға мүмкіндігі болмай, соларға күтім жасаған кезеңдерін соттың шешімімен расталған жағдайда күтім жасаушылардың еңбек өтілдері есепке алынады.
– Президент мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау жүйесін де тілге тиек етті. Осы ретте, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларына тоқталып кетсеңіз...
– Дұрыс айтасыз, елімізде өкінішке орай, алғашқы мүгедектік санатын алып жатқан адамдар санының жыл сайын өсуі байқалады. 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша облысымызда «Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесі негізінде барлығы 30008 адам тіркелген. Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен 2019 жылдың 6 айында 5759 қызмет алушыларға «Мүгедектікті және (немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу) қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі көрсетілді. Сонымен бірге,1193 қызмет алушыға алғашқы рет мүгедектік тобы тағайындалды.
– Өзіңізге белгілі, биылғы жылдың сәуір айынан бастап халықтың табысы төмен топтарына мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Осыған байланысты ел Президенті Үкімет алдына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу үшін мемлекет тарапынан бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұл бағытта қандай шаралар қолданылатын болады?
– Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілгелі оны алушылардың үлесі үш есеге артқандығын атап өтті. Мұнда кейбір азаматтарымыздың қайтсе де аталған көмекті алудың небір айлаларын тауып, мәселен әдейі ажырасу, істеп жүрген жұмысынан шығу, мүлкін өзгелердің атына аудару секілді әрекет жасап, табысын азайтудың тәсілдерін қолданып жүргендері бар. Мұндай деректер қосымша қаржыландыруға және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға, сондай-ақ табысы жеткілікті әрі тұрмыс жағдайы жақсы адамдарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға байланысты бюджет қаражатын тапшылыққа әкелетінін, нәтижесінде көмекке нақты мұқтаж азаматтар мемлекет тарапынан демеу ала алмайтын жағдай туындауы мүмкін. Осыған байланысты, қазіргі таңда тиісті заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралып жатыр. Алдағы уақытта, халыққа атаулы әлеуметтік көмек тағайындау шараларына мемлекеттік бақылау жүргізу біздің департаменттің құзырына берілетін болады. Бұл ретте, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған мемлекеттік органмен қатар, құжаттарды тапсырған адам (отбасы) да тексеріліп, негізсіз тағайындалып, төленген атаулы әлеуметтік көмек бюджетке өндірілетін болады.
Әңгімелескен
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |