ЖАСТАРДЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

  Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетовпен сұхбатымыз салада атқарылған жұмыс және алдағы жоспар төңірегінде өрбіді.

–Ерсұлтан Амантайұлы, сіз же­текшілік ететін басқарманың құрыл­ғанына көп болақойған жоқ. Дегенмен, осы аралықтағы басты жетістік ретінде нені атар едіңіз?

–Ресей мен Қазақстанның ветеринарлық қызметтері 2011 жылы еліміздің 5 облысынбуферлік аймақ қатарына қосты. Өйткені олар аусыл індетіне қолайсыз Өзбекстан,Қырғызстан, Қытай мемлекеттерімен іргелес орналасқан. Сөйтіп, республиканыңөзге аймақтары мен Кеден одағына мүше мемлекеттерге аусылға бейім мал мен шикіет өнімдерін жөнелтуге тыйым салынды. Үлкен күш-жігер жұмсап, ауқымды жұмысатқарғанымыздың арқасында 2017 жылы буферлік аймақтан шықтық. Бұл бізгеөзіміздің өнімді сыртқа жөнелтуге жол ашты. Біріккен Араб Әмірлігі, Иран,Моңғолия, Ресей секілді мемлекеттерге бағытталған экспорт көлемін арттырды.Өткен жылдың өзінде Өзбекстан – 285, Біріккен Араб Әмірліктері 69 бас түйеніқабылдап алды. Халықаралық эпизоотиялық бюроның талабына сәйкес ветеринарлықбекеттер, стансалар мен ұйымдар материалдық-техникалық қажет­тілік­пенқамтамасыз етілді. Барлық елді мекенде типтік жобадағы мал қорымдары болуы тиісдеген мәселе кезең-кезеңімен шешіліп келе жатыр. Осы күні облыста 146 малқорымы бар болса, соның 75-і талапқа сай, типтік жобада салынған. 

–Аймақта эпизоотиялық тұрақ­тылықты сақтауға қаншалықты мән беріледі?

–Басқарма құрылғаннан кейін біз эпизоотиялық карта жасадық. Онда адамдар менжануарларға ортақ Сібір жарасы, оба, құтырма, лептоспироз сияқты аурулар туралыжан-жақты ақпарат қамтылған. Биыл аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы ветеринарлықпрепараттар бөлініп отыр. Оның ішінде еліміздің бірнеше ай­мағында тіркелгенэкзотикалық нодулярлы дерматиттің алдын алу мақсатында мүйізді ірі қаралартолық егіледі. Межеленген жұ­мыс жылда сапалы, уақытылы әрі жоғары деңгейдеатқарылып келеді. Соның арқа­сында облыстағы эпизоотиялық ахуалды қалыпты деугеболады. 

–Дегенмен, ауру ошақтарын түгелдей жою мүмкін емес шығар...

–Диагностикалық тексеру нәтижесінде былтыр Сібір жарасының 67 ошағы тіркелді.Оның ішінде 60-ның координаттарын нақтыланып, жер кадастрыныңавтоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді. Арнайы бөлінген қаржыесебінен ауру ошақтарының орны қоршалып, қауіпсіздік белгілері орнатылды.Диагностикалық тексеру нәтижесіне сәйкес 57 бас мүйізді ірі қара, 190 бас уақмал сарып ауруымен тіркеліп, санитарлық қасапханаларда сойылды. 2015 жылғадейін дертке шалдыққан түліктер өртеу арқылы жойылып, республикалық бюджетесебінен иелеріне өтемақы төленіп келді. Қазір олай емес, сойылады. Ол үшінауруға шалдыққан жануарды мал сою пунктеріне апарып өткізу керек. Мал сойылып,еті қайта өңделген жағдайда тұтынуға рұқсат етіледі. Өтемақының 70 процентікәсіпорын, қалған бөлігі мемлекет тарапынан төленеді. 

–Салада негізінен қандай заңбұ­зушылықтар кездеседі?

– Малөнімінің халыққа таза күйінде жетуі, оған дейінгі процестің бәрі біздің қатаңбақылауымызда. Осы орайда мамандар тиісті заң талаптарының орындалуын ұдайыназарда ұстайды. Өткен жылы аудандар мен облыс орталығында ауыл шаруашылығыжануарларын ветеринариялық анықтама, паспортсыз тасымалдап, заң бұзғандаркездесті. Бір жыл ішінде осылайша 36 айыппұл салынып, 1035 нұсқама берілді. 

–Ел арасында кейбіреулердің малды тезірек семіртіп, қымбат бағаға сату үшінарнайы дәрі-дәрмек пайдаланатыны туралы әңгіме айтылып жүр. Шынымен, солай ма?

– Қазірмалға арналған вакцинаның түрі көп. Егесі оның қайсысын пайдаланам десе де, өзеркі. Біз ешқандай шектеу қоя алмаймыз. Көпшіліктің арасында «кейбірдәрі-дәрмек малды тез семіртеді екен» деген кереғар пікір жүргенін білеміз.Алайда, оның адам денсаулығына зияны бар-жоғын анықтау біздің құзырымызғакірмейді. Ішкі сауда объектілерінде, мал сою алаңдары мен бекеттеріндесараптамалық орталықтар бар. Олар қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.Бірақ барлығы бәсекелестік ортаға тиесілі. 

–Ерсұлтан Амантайұлы, ветеринария мамандарының бүгінгі беделі, жастардың салағақызығушылығын қалай бағалар едіңіз? 

–Ветеринария – мал шаруашылығының ең беделді бағыты. Орыс ғалымы, академикКонстантин Скрябиннің «Медицина адамды емдейтін болса, ветеринария адамзаттыемдейді» деген сөзі бар. «Мал-жаның аман ба?» деп амандық сұрасатын қазақ үшінаталған саланың маңызы әрқашан жоғары. Бүгінгі күні де әріптестеріміздіңбеделіне шүбә келтіре алмаймыз. Өйткені оларға қажетті жағдайдың барлығыжасалып отыр. Облыс елді мекендерінде 139 ветеринарлық пункт, 8 станцияорналасқанын ескерсек, ешбірінде ғимарат, көлік, құрал-жабдық жөнінен мәсележоқ. Жастардың салаға қызығушылығы соңғы жылдары арта түсті. Ол үшін жоғарысынып оқушылары арасында түсіндірме, насихат шараларын жиі ұйымдастыру септігінтигізіп келеді. Жобалық басқару аясында облыстық жобалық кеңсеге бірнеше жобаұсынған едік. Соның ішінде студенттерді сапалы маман ретінде даярлау жәнежетілдіру бағытындағы жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде өткен жылы 7 жас маманжұмысқа қабылданды. 

–Сөз соңында биылға белгіленген жоспар туралы айтып берсеңіз...

–Алдымызда аса қауіпті жұқпалы және энзоотиялық аурулар үшін қажеттіветеринариялық препараттардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, алдын алаегу, диагностикалық тексеру шараларын уақытылы ұйымдастыру, бірдейлендіружұмысының жүргізілуін тұрақты бақылау секілді міндеттер тұр. Сарыппен ауыратынмал түрлерінің санитарлық қасапханаларда сойылуы қатаң бақылауда болады. Биылсалынатын типтік жобадағы 22 мал қорымының жобалық-сметалық құжаты дайын. Оның6-на облыстық, 2-не Қазалы аудандық бюджетінен қаржы бөлінді. 

–Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен 

Назерке ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы».

Cұхбат 16 ақпан 2019 г. 1 362 0