« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қымбатты достар, кәсіпкерлерге кеңес беру айдарымызды жалғастырамыз. Бүгінгі қозғалатын тақырып салық мәселесіне қатысты. Кеңес беруші Кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Айзада Есенбаева.
- Айзада ханым, сәлеметсіз бе. Кәсіпкерлерді толғандыратын сауалдың бірі бұл салық мәселесіне қатысты. Биылғы жылы Салық кодексінде қандай да бір өзгерістер бар ма?
- Кәсіпкерлердің басым бөлігі салық режимінің арнайы салық режимін қолданады. Оның ішінде патент, яғни оңайлатылған деклорацияны қолданады. Биылғы жылы патентке өзгерістер енді. Патенті бар кәсіпкер дегеніміз – бұл кәсіпкерлік формасында бір ғана адам – кәсіпкердің өзі ғана жұмыс жасай алады, қосымша жұмысқа ешкімді ала алмайды және бір бағытта жұмыс жасайды. Патентті көбіне сауда орындарындағы, базардағы кәсіпкерлер, сондай-ақ таксистер жиі қолданады. Патенті бар кәсіпкерлер үшін биылғы жылдағы өзгеріс әлеуметтік салық қысқартылды. Себебі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қосылуына байланысты бұл кәсіпкерлерден әлеуметтік салық алынып тасталды. Бұл кісілер (кәсіпкерлер) қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда бұрын жалпы табысынан 2 пайыз салық төлейтін. Сол екі пайыздың 1 пайызы табыс салығы, 1 пайызы әлеуметтік салық. Осы медициналық сақтандыруға байланысты кәсіпкерлерге берілген жеңілдік әлеуметтік салық алынып тасталды. Бірақ егер де кәсіпкерлер қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда 2 пайыз жеке табыс салығын төлейді. Биылғы жылға 2018 жылға жаңадан салық режимі қосылды. Бұл салық режимі бойынша 50 адамға дейін қызметкер алуға болады және табысы 300 млн. теңгеге дейін болуы қажет.
- Келесі сұрақ, кәсіпкерлер үшін өте маңызды мәселе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты. Өткен жылы арнайы реформа болды. Бірақ Елбасының тапсырмасы негізінде бағдарлама уақытша тоқтатылды. Осы мәселеге қатысты кәсіпкерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақ: «Медициналық сақтандыру қорына қаржыны төлей береміз бе, әлде тоқтатамыз ба?». Осы жағын ашып айтып бересіз бе?
- Міндетті әлеуметтік медицналық сақтандыру бойынша 2017 жылы 1 шілдеде Заң күшіне енді. Содан бері кәсіпкерлер айына 2446 теңге, яғни ең төменгі айлық көрсеткішінің екі еселенген 5 пайызын төлеп келген. 6 ай көлемінде кәсіпкерлер төледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап уақытша тоқтатылды, 2020 жылға дейін. Тек айта кететін бір мәселе, кәсіпкерлер қарамағындағы жұмысшыларына 1,5 пайыздан төлеп отыруы тиіс.
- Кеңесіңізге рахмет. Жақсы, сау болыңыз.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |