« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Бидай – қырда, күріш – Сырда» деген қазақ. Енді Қызылорданың ақ маржаны халықты рекордтық көрсеткіштерімен ғана қуантпайтын болды. Себебі, күрішті елден ырысты өнім шығарылуда.
«МеаПрим» ЖШС өнімдерінің сауда белгісі «Бай-Кот» деп аталады. Қытырлақ өнімдердің (чипс) негізгі шикізаты күріш болғандықтан, ол ел арасында «рипсы» деген атаумен танылып жүр. Негізгі компанияның мағынасы да көңіл қоярлықтай. Ол күріш астығына негізделген технологияны игеруде бәрінен биік тұруды көздейді. Mea – мен, біз, Prim – бірінші. Яғни, біз – бәрінен біріншіміз деген ұранды ұстаным еткен.
Кәсіпкер Владимир Павлов Қармақшы аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы құжаттар әзірлеп, жоба дайындаған. Еуразия кеңістігінде алғаш рет тіркелген өнім жобасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 8 млн теңге қаржылай қолдауға ие болды. Нәтижесінде, Қармақшы ауданы Ақай ауылында күріш жарнасынан тұзды таяқшалар дайындайтын цех ашылды. Идея авторы инженер- электрик Владимир Александровичпен жаңа өнім жайында әңгіме өрбіттік.
− Рипсы дайындау идеясы қалай туындады? Кәсіпорын қай жылы құрылды?
− Біздің өңіріміз күрішке бай. Алайда оны өңдеп, жаңа өнім шығаратын кәсіпорын жоқтың қасы. Тіпті тұтастай Қазақстан аумаған алғанда мұндай өнім тіркелмеген. Біз осы олқылықты ескере отырып, «Бай-кот» өнімін ойлап таптық.
«МеаПрим» ЖШС 2015 жылғы 17 тамызда мемлекеттік тіркеуден өтті. 2017 жылдың шілдесінде кәсіпорын экструдталған астық өнімдерін өндіре бастады. Тамыз айында шикізат (ұнтақталған күріш және балық өнімдері) және тағамдық қоспаларды (тұз, қант, дәмдеуіштер, өсімдік майы және тағы басқа) дайындадық. Қыркүйек айынан бастап кәсіпорын облыстағы тағам өнімдерінің нарығын толық меңгерді. Қазіргі уақытта «MеаПрим» ЖШС «Скиф трейд» ЖШС-мен (Қызылордадағы SMALL дүкендері) келісімшартқа отырды.
− Өнім құрамы, негізгі шикізаты қандай? Өнім өндіру қандай кезеңдерден тұрады?
− Өнімнің негізгі шикізаты – күріш. Тұздалған таяқшалар Арал теңізі балықтарының кептірілген ұнтағы арқылы әзірленеді. Сондай-ақ өнім құрамында табиғи және шығыс дәмдеуіштері, мақта майы бар. Рипсының тәтті түрлерінде құрғақ жеміс-жидек ұнтағы қолданылады. Шикізаттың 95 пайызын Қызылорда облысында бар.
Өндірістік желінің негізгі жабдығы – экструдер болып табылады (оның ішінде таяқшалар дайындалады). Күріш дәнін өңдеудің барлық сатысы экструзиологиялық технологиямен жасалады. Бұл технологияның ерекшелігі – күрішті жоғары қысымда дайындай алады. Компаниямыз Қазақстанда алғаш рет бұл технологияны күріш астығын өңдеу үшін пайдаланып отыр.
− Рипсы адам ағзасына қаншалықты пайдалы?
− Күріш – әлемде қарсы көрсетілімі жоқ негізгі өнім әрі балалар тағамында да жиі қолданылады .
Рипсы басқа дәнді дақылдар мен көкөністі тағамдарда жоқ тоғыз ерекше қасиетке ие. Біріншіден, күріш – қуаттылығы төмен, жеңіл, сіңімді өнім. Сондықтан ол артық салмақтан арылғысы келетін адамдар үшін пайдалы. Күріштің құрамында глютен жоқ. Глютен деп отырғанымыз – адам ағзасында ауыр аллергия тудыратын ақуыз. Рипсы – аллергиялық реакцияларға бейім балалар мен ересектер үшін қауіпсіз тағам. Күріштің тағы бір қасиеті ол денеге сіңген барлық зиянды заттарды жұтып, ағзадан артық тұзды, улы заттарды арылтып, табиғи сіңіргіш қызметін атқарады. Рипсы құрамында Е дәрумені (жастық пен сұлулық витамині) және мақта майы бар. Біздің миымыздың 70 пайызы майдан тұрады. Омега-3 және моносинтезделген май қышқылдары өнім құрамында бар. Өнім майда қуырылмайды. Сондықтан оның құрамында пальма майы, жасанды тағамдық қоспалар және бояғыштар жоқ. Күріш құрамындағы кремний тісті белсенді түрде тазартады әрі қатайтады. Тағы бір ерекшелігі, рипсы құрамындағы калий жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады.
− Өнім неліктен «Бай-кот» деп аталады?
− Өнімнің ұраны – «Байлардың дәмді асы қолжетімді бағада» деп аталады. Таңба ретінде, компания ұлттық киім киген мысықты таңдады. Сонымен қатар бұл сөз «бойкот» сөзіне ұқсас. Онда фразаланбаған үндінің «o» әрпі «а» деп дыбысталады, нәтижесінде, бұл сөз «баикот» деп айтылады. Осылайша, «МеаПрим» ЖШС импорттық өнімдерге бойкот жариялауды көздейді.
Өнім 1001-161 БК кәсіпорнының стандарты бойынша дайындалған, сапа сертификаты бар.
− Қазіргі таңда кәсіпорында қандай қиындықтар кездеседі?
− Бүгінде кәсіпорын «Тұздалған балықтар қаптамасы» (ысталған лососьтің дәмі бар), «Хош иісті балықтар мен рыцарлар» (лосось мен васабий дәмі бар), «Мексикадағы рипс» (мексика тұздығының дәмі мен хош иісі бар), «Хош иісті қауын» (қауынның дәмі мен хош иісі бар), «Қылқалам», «Аязды шие» (шие мен жалбыздың дәмі мен хош иісі бар), «Тропиктік рипс» (лайм, банан және манго дәмі мен хош иісі бар) деп аталатын өнім түрлерін шығарады. Кәсіпорында айтарлықтай қиындықтар жоқ. Болашақ шетелде шығарылатын өнімдерді өзімізде өндіру үшін технологиялық желілердің жаңа түрлерін сатып алу қажеттілігі бар. Мысалы, күріш майы, күріш соусы сынды тағамдық заттар.
− Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Гүлдана ЖҰМАДИН, Қызылорда қаласы
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |