« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ел сеніміне селкеу түсірмеуді азаматтық ұстанымына айналдырған Тілеуберген Шәутайдың есімі көпшілікке етене таныс. Оның облыстық мәслихаттың депутаты ретінде атқарып жүрген жұмыстары да көптің көңілінен шығады. Ең бастысы, жұрт оны уәдесінде тұратын азамат ретінде құрметтейді. Біз елдің алғысы мен құрметіне бөленіп жүрген азаматпен халық қалаулысы болудың жауапкершілігі төңірегінде әңгімелескен едік.
– Сайлауалды бағдарламаңызда қандай мәселелерге басымдық бердіңіз?
– Мен «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған кандидатпын. Сондықтан негізгі ұстанымымның бірі – партияның сайлауалды бағдарламасының абыроймен орындалуына, мақсаттарының толықтай іске асуына жұмыс жасау.
Мен үшінші рет қатарынан сайланып отырғандықтан өткен 4 және 5 шақырылымдарда жүргізген жұмыстарымды жалғастырамын. Елді мекендерді таза ауызсумен, аяқсумен қамтамасыз ету, ауылдарға кіреберіс жолдар мен ішкі көшелердің мәселелерін шешу бағытында жұмыс істеп жатырмын.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының құрылысына, күрделі жөндеуіне қаржы бөлінуіне ықпал етемін.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына, шағын және орта бизнестің аймағымызда дамуына, ауыл шаруашылығының өркендеуіне мүмкіндігінше үлес қосып келемін.
– Сол мәселелер қаншалықты шешіліп жатыр?
– Қазір «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы міндетін де қоғамдық негізде атқарып жүрмін. Бекітілген желілік кесте негізінде ҚР Ұлттық қорынан қаржыландырылатын, нысаналы трансферт есебінен жүргізілетін құрылыс нысандарына құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында рейдтер ұйымдастырылады. Дөңгелек стол мен семинарлар өткізіледі, қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштерге талдау жүргізіліп, шешімі табылуы үшін тиісті мекемелерге жолданады.
Аймақ халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында әріптестеріммен бірге облыстық бюджеттен бөлінетін қаржылардың орнымен, тиімді жұмсалуына атсалысудамын. Осы күнге дейін алтыншы шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының 18 сессиясы өтті. Онда күн тәртібінде 180 мәселе қаралды.
– Өз округінен кімнің депутат болып сайланғанын көбі біле бермейді. Халық пен депутаттың байланысын қалай арттыруға болады?
– Өз округінен кімнің сайланғанын білмейтіндер қарбаласы көп қалада болатын шығар, ал ауылдағылардың бәрі өз депутаттарын біледі. Себебі, ел сенім білдірген азаматтардың барлығы ауылдан, сол округтен шыққандар.
Меніңше, халық пен депутаттың байланысын арттыру деген ұғымды да дұрыс түсіне білу керек сияқты. Қазіргі кезде әр депутат өзі сайланған округтің ғана емес, жалпы аймаққа қатысты мәселелерді жетік біледі, елге жүйелі түрде шығып тұрады.
Мәселелер күнде туындамайды, негізінен бұрыннан жинақталған, шешімі кезегін күтіп тұрған істер. Жұмыс барысында пайда болған мәселелерден ақпараттық технологиялар дамыған қазіргі кезеңде елге бармай-ақ хабардар болуға болады. 2016 жылы сайлауалды кездесулерімде мен мұны айтып өткенмін. Ауылдық округ әкімдері өткен 5 шақырылымнан бері мәселелерді маған электронды пошта арқылы жеткізіп отыр. Электронды поштасы жоқ, елге барғанда кездесулерге қатыса алмаған сайлаушыларым егер жергілікті жерде шешімін таппаған сұрақтары болса, WhatsApp арқылы да ойларын маған жеткізуіне болады. Мен оны әрі қарай билік өкілдеріне жеткізу арқылы, бірлесіп шешу жолдарын қарастырып, ықпал жасауға тырысамын.
– Облыстың мәслихат құрамының белсенділігі қандай?
– Жоғарыда айтып өткенмін, депутаттар тек өздері сайланған округ емес, аймақ мәселелерін де жетік біледі. Мәслихаттың жұмысшы органы болып табылатын 4 тұрақты комиссияның құрамында жұмыс жасайды және сол мәселелерді зерттеу арқылы шешімін табу жолдарын қарастырады. Депутаттық корпус құрамы жоғары білімді, өмір тәжірибелері жеткілікті, әр саланы жетік меңгерген, жоғары қабілет иелері, белсенді азаматтар. Халық қалаулыларының қызметінің басты бағыты – аймақтың экономикалық-әлеуметтік мәселелерін атқарушы органмен бірлесе шешу және бұл бағыттағы жұмыстардың оң нәтижесі көрініп отыр деп ойлаймын.
Еңбектің бағасын ел береді. Біздің міндет – сол елге аянбай қызмет ету.
– Әңгімеңізге рақмет!
Әңгімелескен
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |