« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған жолдауында 2050 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігін атап көрсеткені баршаңызға мәлім. расында да, дені сау ұрпақ – қоғамның байлығы.
Сыр өңіріне арнайы іссапармен келген Елбасы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мемлекет басшысының ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, үш ауысымдық білім беруді болдырмау, апатты мектептер орнына жаңа мектептер құрылысын салу жөніндегі негізгі үш тапсырмасы Қызылорда облысында мерзімінен бұрын толықтай орындалды.Сонымен қатар, биыл апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен шешілді. Балабақшалардың 71 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 4 жылда мұндай балабақшалар саны екі есеге артты.Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында бүгінде 452 түлек грант негізінде білім алуда.
Денсаулық саласы да қарқынды дамуда. Осы жылы «Денсаулық» бағдарламасын орындау аясында медициналық ұйымдардың медициналық техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 45,19% -дан 73,4% -ға дейін өсті.
Мұның бәрі біздің аймақтағы білім мен денсаулық сақтау салаларына ерекше мән берілуінің нақты көрсеткіші. Қазалы ауданының барлық ауылдарында денсаулық сақтау орындары жаңадан салынған. Аудан орталығынан типтік жобадағы 150 орындық аурухана ғимараты бой көтеріп жатыр. Жаңадан салынып жатқан аурухана құрылысының соңғы жұмыстары жүргізіліп жатыр. 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұдан өзге денсаулық сақтау саласында қандай өзгерістер мен жетістіктер жайлы Қазалы аудандық аурухана басшысы Күншығар Әбіловтен сұраған едік.
– Күншығар Әбілұлы, әңгімемізді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан бастасақ...
– Аталған бағдарлама аясында Қазалы ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары, скринингтік бақылау мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күні амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық ауруханаға аурухана, орталық емхана, 2 ауылдық емхана, 1 қалалық құрылымдық бөлімше, 14 дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 15 медициналық бекет қарайды.
Халыққа 145 дәрігер мен 763 орта буын медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және даму министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің арасындағы облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған меморандумының нысаналы көрсеткіштеріне сәйкес Қазалы аудандық орталық ауруханасының мақсатты индикаторлары және көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында халыққа қолжетімді жұмысты ұйымдастыру жүзеге асырылуда, «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы алдын ала дәрігердің қабылдауына жазылып, уақытылы кезексіз қызмет көрсетілуде. Жалпыайтқандаденсаулықсақтаусаласыдамыпкеледі.
– Биыл денсаулық сақтау саласына енген жаңалық, яғни, медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі ауданымызда қалай жүзеге асуда?
– Қазалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 4 қарашадағы №345-ші өкіміне сәйкес «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму саласы бойынша түсіндіру штабы құрылып, штаб ережесі бекітілді. Штабтың негізгі міндеттерінің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге, еліміздегі демографиялық ахуалға анағұрлым әсер етуші аурулардың 5 тобы бойынша медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылуын ұйымдастыруға штаб мүшелерімен бірге орталықа урухана қызметкерлерінен жұмысшы топ құрылып, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік статусын анықтауда да жұмыстар атқарылып жатыр.
– Ана мен бала денсаулығы аса маңызды. Жүкті және босанатын әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру және ана мен бала өлімін төмендету мақсатында қандай шаралар жасалуда?
– Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Отбасын жоспарлау бөлмелерінің жұмысын жетілдіру туралы» және «Жасыл дәліз» бұйрығы негізінде емханада арнайы жүкті әйелдерді тіркеу орны ашылды. Тіркеу бөлмесінде жүкті әйелдерге психолог маман кеңес беруде.
Ауданымызда ана өлімі тіркелмеген. Ұрпақты болу жасындағы әйелдер жыл сайын профилактикалық бақылаудан өткізіліп, электронды базаға салынуда. Сәбилер арасында өлім-жітімді азайту және аурушаңдықты төмендету мақсатында емдеу мекемелерінде КЗР, отбасын жоспарлау ресурстық орталық, жас аналар мектебі ұйымдастырылып, жұмыс жасалуда.
– Жыл өткен сайын аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсарып келе жатқанындығын естіп-біліп жүрміз. Биылғы жылы қандай медициналық аппараттармен толықты?
– Иә, дұрыс айтасыз. Жыл сайын медициналық аппараттардың жаңа легі алынуда. Мәселен, 2017 жылы 3 ЭКГ аппараты, пациент мониторы, 2 микроскоп, 3 рецикулятор сәулелендіргіші, ИВЛ – HAMILTON – C-1 – 2 дана лизинг әдісі бойынша, ранимациялық балалар керуеті, ВМЗ пациент мониторы, 3 пульсоксиметр, ота шарықшамы, жаңа туылған балаларды қайта тазалайтын үстел, ауа реттегіш центратор алынды.
– Тұрғындар асыға күтіп жүрген жаңа аурухана ғимараты қашан пайдалануға беріледі?
– Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысының жоба-сметалық құны 4285,3 миллион теңге. Жобалаушы «Крез-Сервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «СК Энерго-OIL» ЖШС. Бас мердігер «КАЗҚұрылысСервис» ЖШС. 2016 жылға республикалық бюджеттен 200,0 миллион, облыстық бюджеттен 20,0 миллион теңге бөлінді.
Жаңа аурухана пайдалануға берілгенде толық заманауи медициналық құралдар мен жабдықталмақ. Облыс әкімінің қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей елінің мамандарымен келісім жасалынып, жаңа ғимаратқа қондыру жұмыстары жүргізілуде. Аурухана жуық арада ашылады деп күтілуде.
Оқырманға түсінікті болу үшін ангиограмм аппаратына тоқтала кетейін. Бұл құрылғы медицинада ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Ангиграф жүрек-қан тамырлары диагностикасына аса қажет. Бүгінгі күні көптеген медициналық мекемелерде ангиограмманың сандық форматтағы түрін көп пайдаланады. Рентген жүйесінде пайдаланылатын құрылғы буын және жұмсақ тіндерде болатын түрлі процестерді көруге мүмкіндік береді.
– Жаңалықтарыңызбен бөліскеніңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |