Тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткізген тұстан бері еліміздің шекарасы шегенделіп, қорғаныс қабілеті күшейе түсті. Биылғы жылы қуанышқа толы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерейлі мерей тойы атап өтілді. 25 жылда қазақ әскерінің жеткен жетістігі сарапталды.
Дегенмен, әскери салаға ел президенті мен үкімет басшыларының басты назарда ұстауы әскери қызметшілер үшін асқан абырой, зор мақтаныш - деп айтсақ артық болмас. Сонымен қатар, Отан қорғаушыларымызға моральдық-материалдық жағдайлар жағынан толықтай қамтылған. Тек қызметке аса жауапкершілікпен қарап, міндеттерін адал орындаса болғаны. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң аясында әскери қызметшілер алғашқы үш жылдан бес жылға және жет жылдан он жылға дейінгі шекті жасына қарай келісімшартқа отырып, қызмет атқаруға болады. Осы тақырып төңірегінде толығырақ ақпаратты білу үшін Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру басқармасы басшысы, капитан Мелдебеков Нұржан Беркімбайұлымен әңгімелесуді жөн көрдік.
− Нұржан Беркімбайұлы: келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерудің талап-шарттары қандай?
Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс, қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болуға тиісті.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға ең алдымен мерзімді әскери қызметін өтеп келген және ақылы негізде әскери техникалық мектептің жиынынан өткен жасы 19-бен 30 жасқа дейінгі әскери міндеттілер қабылдана ала-алады. Тағы бір жаңалық, әскерге бармағандарға 24-27 жасқа дейінгі жігіттер 40 күндік әскери - техникалық курстан өте алады. Аталған курс жылына 8 рет ұйымдастырылады. Оқытылатын адам саны да шектеулі мөлшерде белгіленеді. Бұл туралы қосымша ақпаратты жергілікті қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдерге өтініш беру арқылы білуге болады.
- Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерудің қандай артықшылықтары бар?
Жоғарғы Бас қолбасшымыз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әскеріміздің өркендеуіне, жаһандануына үлкен қолдауын білдіріуінің арқасында қазіргі таңда үлкен бетбұрыстар жасалынуда. Әскери қызметшілерді ақшалай қамтамасыз ету, тұрғын үйдің жалға алу төлемінің кепілдігі, ақысыз медициналық қамтамасыз ету және жыл сайын кезекті еңбек демалысына шыққан уақытта үш айлық көлемінде ақшалай қаражат төленеді. Бір әскери бөлімдермен келесі әскери бөлімдерге ауысқан кезде 100 шақырымнан асатын болса, әскери қызметшіге 2 айлық жалақы көлемінде, жолдасы мен балаларына әр қайсысына бөлек- бөлек 1 айлық жалақы көлемінде ақшалай қаражат төленеді. Балаларды кезексіз балабақшаға орналастыруға мүмкіндік бар.
Әскери қызметтің артықшылықтары осы. Ал, ең бастысы, тәртіптілікпен қатаң жауапкершілікті үйретеді.
- Өңірімізден келісімшарт бойынша қызмет атқарып жатқан әскери қызметшілер барма?
Әрине, әскери саланы таңдап, келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жатқан жігіттер қатары жылдан-жылға көбеюде. Былтырғы жылы Келісімшарт бойынша әскери қызметке былтырғы жылы 66 әскери қызметші Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әскери бөлімдерінде әскери қызметтерін атқаруда. Сонымен қатар, биылғы жылы келісімшарт бойынша әскери қызметтерін 45 әскери қызметшілер өткеруде. Қазіргі таңда, Аягоз, Өскемен, Семей, Гвардейск, Үшарал, Сарыөзек, Қапшағай, Приозерск және Ақтау қалаларында орналасқан әскери бөлімдерге келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылу жұмыстары жүргізілуде.
Ақерке Шағырбаева.