Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ербол Қалмаханұлы.
Әлішеров Ербол Қалмаханұлы 1978 жылы 22 қыркүйегінде Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. 1985 жылы Тереңөзек кентіндегі №36 орта мектеп табалдырығын аттап, оны 1995 жылы бітірді. Алғашқы еңбек жолын 1995-1996 жылдары Алматы қаласындағы «Габи» ЖШС-де қарапайым жұмысшы болудан бастаған. 1996-2001 жылдар аралығында Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетінде оқып, «Құрылысшы инженері» мамандығын алды. 2001-2002 жылдары Алматы қаласында ҚР Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеді.
2002-жылдан бастап азаматтық қорғау органы саласында қызмет етуде. 2002-жылдан Қызылорда облысы МӨҚҚБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инженері, 2004-жылдан Қызылорда облысы МӨҚБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімі нормативтік техникалық тобында аға инженері, 2005-жылдан Қызылорда облысы ТЖ МБҚБ нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы, 2006-жылдан Қызылорда облысы Өртке қарсы қызмет департменті өртке қарсы нормалау және лицензиялау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бастығы, 2007-жылдан Қызылорда облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Қызылорда қаласы Өртке қарсы қызмет басқармасының бас маманы, 2008-жылдан Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар депаратменті Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, 2011 жылдан Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар депаратменті Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығының міндетін атқарушы, 2011-жылдан Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар депаратменті Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, 2012-жылдан Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, 2014-жылдан Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы, 2017 жылдан Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар депаратменті Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
Төтенше жағдайдың алдын алу жұмысына тоқталсаңыз?
Туған жердің қауіпсіздігін сақтау жолында еңбек ету мен үшін үлкен абырой. Елдің амандығы бәріміз үшін де маңызды. Сол себепті қала бойынша судағы қауіпсіздік ережесін сақтау, өрт қауіпсіздігі іс-шараларының атқарылуы, төтенше жағдайдың алдын алу барысында атқарылған іс-шаралар да ауқымды. Атап айтқанда, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссиясының 2017 жылға арналған жоспарға» сәйкес 4 рет жоспарлы, 1 рет жоспардан тыс комиссия отырысы өткізілді.
«2017 жылы Қызылорда қалалық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бойынша өткізілетін оқу-жаттығудың жоспары» жасалып, қала әкімі бекітті. Қызылорда қалалық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бойынша 186 оқу-жаттығу өткізілді.
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қызылорда орман жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, «ӨСжАҚЖҚ»ММ қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінің Ақжарма, Махамбет ауылдық округтеріндегі ерікті өрт сөндіру жасақтарының қатысуымен «Эдельвейс» саяжайында өрт-тактикалық жатығулар өткізілді.
Жыл мезгіліне байланысты қала аумағындағы қауіпті кезеңге талдау жасалды. Көктем мезгіліндегі су тасқынының алдын алу бағытында Сырдария өзені мен су қоймаларына мониторинг жасалды. Су тасқынының алдын алу үшін әкімдіктің жұмысшы тобымен бірге Сырдария өзенінің жағалауындағы қорғаныс бөгеттерінің жағдайы тексеріліп, 15 қауіпті аймақ анықталды, оған 19 мекемеден авариялық-құтқару қызмет құрылымдары дайындыққа келтірілді. /167 жеке құрамы, 52 арнайы автотехника/.
2017 жылдың 8 айында 9 адам суда қаза болған, оның 3-еуі бала және 2 адам құтқарылған. Осындай қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ, «ОӨАЖҚЖ» ММ және Апаттар медицинасы орталығымен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру үшін «Сырдария» балалар сауықтыру лагерінде профилактикалық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар судағы қауіпсіздіктің алдын алдын алу мақсатында қала әкімдігінің, жергілікті полиция қызметінің және қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, Сырдария өзенінің бойына рейдтер жүргізілді. Осы кезеңде 33 рейд өткізіліп, ішкі істер қызметкерлері тарапынан 40 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Қызылорда қаласы бойынша 2017 жылдың 8 айында 30 техногендік төтенше жағдай тіркелді. Жеке тұрғын үйлерде, шаруашылық нысандарда төтенше жағдайдың, өрттің алдын–алу мақсатында қалада орналасқан ірі сауда орны мен базарларда дауысзорайтқыш құралы арқылы 8 айда өрт қауіпсіздігі жөнінде 128, төтенше жағдай туралы 118 рет хабарлама оқылды. «Қазақстан-Қызылорда» және «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 14 телесюжет көрсетілді. Сонымен қатар судағы қауіпсіздіктің алдын алу бойынша «Мезгіл мәселесі» бағдарламасында сұхбат берілді. Баспасөзде 25 мақала жарияланды. Комитеттің Web-сайтына 6 мақала және «Сыр құтқарушысы» журналына 7 мақала жарияланды. Оқу орталықта, Халыққа қызмет көрсету орталығында және орта мектеп қызметкерлері мен оқушыларына «Ғимараттарда өрт қауіпсіздігін сақтау» және «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.
2017 жылдың 8 айында Қызылорда қаласы бойынша 154 өрт оқиғасы орын алды, 1 адам қаза болды, 2 адам жарақат алды. Өрттердің 111-і жеке тұрғын үйлерде болған. Өрт қауіпсіздігін тексеру жоспарына сәйкес 8 айда 142-не тексеріс жүргізілді. 114 әкімшілік шаралар қаралды, 45 лауазымды тұлғаға, 41 заңды тұлғаға, 15 жеке тұлғаға айыппұл салынды. Өрт оқиғасы бойынша 32 кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2017 жылдың І жарты жылдығында 2 нысанға ішінара тексеріс жүргізіліп, 2 лауазымды тұлғаға ҚР ӘҚБтК 643 бабы бойынша әкімшілік шара көрілді. Қызылорда қаласының прокуратурасы, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы және құқық қорғау органдардың қатысуымен 5 маусымда «Әкімшілік кедергісіз кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда баяндама жасалып, өрт қауіпсіздік бағытында жүргізіліп жатқан нысандардың ерекше тәртібі бойынша тексеру туралы айтылды.
Орман және дала өрті бойынша қалаға қарасты кент және ауылдық елді мекендерден 22 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды, онда 177 өртке қарсы жұмысшылар тіркеліп, 4 өрт сөндіруші машинасы, 17 бейімделген техника, 96 алғашқы құрал, 2 мотопомпа, 1 тонна жанар-жағар май қоры және 12 мамандарылған медициналық бригадалармен жарақтандырылып, дайындыққа келтірілді.
Қаладағы елді-мекен көшелерінде халыққа, жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмысы жүргізіліп, үнпарақтар таратылды. Онда «Электр қондырғыларын тиімді пайдалану», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері», «Пештерді тазалау және пайдалану ережелері», «Балалардың отпен ойнауы», «Газ баллонын дұрыс пайдалану ережесі» және тағы да басқа тақырыптар қамтылды. Дауысзорайтқыш арқылы «Өрттен келетін қауіп-қатер», «Өртті болдырмау», «Газ жақсы қызметші, жаман қожа» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жасалды. «Суда болу ережелері», «Судағы қауіпсіздікті сақтау», «Алғашқы медициналық көмек көрсету» және «Өрттің алдын алу» тақырыптарында теория мен тәжірбиелік бойынша сабақтар өтті. Балалар арасында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түрлі ойындар, сурет салу жарыстары, эстафеталық жарыстар т.б. шаралар ұйымдастырылды. Балалардың ой-өрісін кеңейту, қызығушылығын тудыру мақсатында қала, аудан орталықтарында орналасқан өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар жасалды.
Негізгі мақсатыңыз?
Азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізу. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген. Бірінші кезекте, Отбасы күнін мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген екен.
Отбасыңыз туралы бірер сөз?
Отбасымда 4 қыз тәрбиелеп отырмын. Жұбайым - Нұргүл Аманқызы үй шаруасында балалардың тәрбиесімен айналысуда. Тұңғыш қызым Айжан №15 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы. Маржаным – №9 мектеп гимназиясының 6 сынып оқушысы. Аяулымым №136 мектеп гимназиясының бастауыш сыныбының оқушысы. Кенже қызым Фаризам 2 жаста.
Әңгімеңізге рахмет. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметіңіз абыройлы, отбасыңыз аман, келе жатқан туған күніңіз құтты болсын.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.