« Қазан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Құрметті достар!
Бүгін бәріміз ерекше әрі тарихи оқиғаға байланысты елордамыздың төрінде жиналып отырмыз.
Бұл – ел тарихында бұрын-соңды болмаған маңызды іс-шара.
Сондықтан, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Биыл – Волонтер жылында көптеген ауқымды жобалар қолға алынады. Осы арнайы кеңседе өте маңызды бастамалар жүзеге асады деп сенемін.
Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылды.
Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек.
Себебі, біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет.
Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын асар дәстүрі бар.
Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз.
Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету.
Өздеріңізге тарихтан мәлім, кезінде Қазақстанға көптеген ұлт өкілдері жер аударылды.
Сол қиын-қыстау уақытта халқымыз оларды бауырына басып, бір үзім нанын бөлісті.
Шынайы жанашырлық көрсету – қазақ халқына тән қасиет. Міне, нағыз волонтер болудың озық үлгісі деп осыны айтуымыз керек.
Бүгінде дүние жүзінде бұл үрдіс кең таралып, әлемдік қозғалысқа айналды.
Қазірдің өзінде жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам волонтерлікпен айналысады. Ал бізде – 16 мың. Бұл, әрине, аз. Бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін көтеруге болады.
Олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы – Еріктілер еңбегінің нәтижесі.
Көптеген елде Ерікті болу қалыпты жағдай, үлкен құрмет саналады. Жұртшылық оларды сыйлайды.
Мысалы, Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған.
Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен.
Біз де осындай деңгейге ұмтылуымыз керек.
Азаматтарымыз өзгеге көмек көрсетуден аянып қалмауы қажет.
Сол арқылы қоғамда әлеуметтік жауапкершілікті арттырамыз.
Волонтерлік – патриотизмнің бір көрінісі.
Еріктілер, ең алдымен, елдің игілігіне қызмет етеді.
Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Волонтерлік дегеніміз – «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет ету.
Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы.
Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет.
Ұлы Абайдың «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ұлағатты сөзі осындай игі істерге үндейді.
Сондықтан, біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға бір ел, тұтас ұлт болып атсалысуымыз қажет.
Волонтерство стало выражением высшей степени патриотизма, подкрепленного конкретными делами. Волонтеры, все, кто здесь находится, – патриоты нашего государства.
Любовь к Родине – это не громкие лозунги и пустые декларации, а ежедневный труд, добрые дела во благо нашего народа, по зову души. Можно сказать, волонтерство – это состояние души, обширные знания, высокая культура поведения, что вы демонстрируете своим поведением, своей культурой ежедневно. Я вас очень уважаю за это.
В то же время нужно понимать, что люди, которые позволяют себе врываться в чужие дома, заниматься мародерством и при этом выкрикивать псевдопатриотические лозунги, – это, конечно, не патриоты. Это люди, которые преступили закон, то есть преступники, криминальные элементы. Поэтому они должны отвечать перед обществом и государством по всей строгости закона.
Өзгелердің мүлкін тонап, олардың өміріне қауіп төндірген азаматтар ешқашан халқымыздың патриоты бола алмайды. Мұндай адамдар – заңды өрескел бұзған қылмыскерлер. Олар заң алдында жауап беруі тиіс.
Патриотизм, служение обществу и созидательная деятельность – яркие проявления высокого уровня личностного и духовного развития человека.
Волонтерство является показателем развитости государства и общества в целом. Достижения и победы страны напрямую зависят от активных действий патриотично настроенных граждан, ежедневно совершающих полезные и важные дела. И таких граждан у нас немало. 16 тысяч человек – это только начальная цифра. Абсолютно уверен, что не менее 100 тысяч, а может быть и миллионы людей, в принципе, по зову своей души готовы заниматься волонтерством, добровольчеством.
Задача государства, исполнительных органов, а также депутатов Парламента – помочь вам включиться в волонтерское движение. И мы будем это делать.
Добрые устремления казахстанцев говорят о зрелости и успешности государства.
Волонтерская деятельность играет важную роль в модернизацию всего государства. Своей деятельностью волонтерство вносит конкретный вклад в релизацию очень важных реформ, без которых Казахстан, естественно, не сможет выдержать конкуренцию в современном мире и стать развитой страной, развитым обществом.
Через трудолюбие, открытость миру мы сможем построить новую экономику, которая будет базироваться на новейших технологиях и высокой производительности труда.
Активное продвижение идей волонтерства, несомненно, будет способствовать формированию новой парадигмы мышления казахстанцев, то есть за вами, молодыми людьми, будущее нашей страны. Вы должны быть носителями нового мышления, нового менталитета. Поэтому наши надежды на молодежь, в том числе и в первую очередь на волонтеров.
В нашей стране существуют многовековые традиции взаимовыручки и бескорыстной помощи ближнему. Эти традиции позволили нам сохранить себя как нацию в самые сложные периоды истории.
Бүгін де еліміздің азаматтары мұқтаж жандарға қол ұшын беруге әрдайым дайын екенін көрсетіп келеді.
Арыс оқиғасы – соның айқын дәлелі.
Төтенше жағдай кезінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған волонтерлер зардап шеккендерге көмектесті. Қаланы қалпына келтіруге белсене атсалысты.
Біздің халқымыз өзгенің басына түскен жағдайға ешқашан бей-жай қарамаған. Бұған күнделікті өмірден көптеген мысалдар келтіруге болады.
За 10 лет своей деятельности Национальная волонтерская сеть объединила тысячи активистов, готовых прийти на помощь к тем, кто оказался в тяжелой жизненной ситуации.
Организация активно помогает развивать корпоративное волонтерство в крупных компаниях, обеспечивает методическую поддержку, готовит добровольцев для встречи туристов и гостей нашей страны.
Сондай-ақ, «Lider.kz» волонтерлік қозғалысының жұмысын ерекше атап өткен жөн.
Бұл ұйым төтенше жағдайда көмек көрсету үшін құрылған.
Оның мүшелері жоғалған азаматтарды іздестіруге белсене атсалысып келеді.
Қазір осы қозғалыстың қатарында бір жарым мыңнан астам ерікті бар.
Волонтерлікпен айналысып жүрген «Best for kids» қоғамдық қорының да жұмысы көпшілікке үлгі-өнеге.
Бұл ұйым өз қызметін осыдан он жыл бұрын Ақмола облысында бастаған.
Содан бері балалар үйіндегі жасөспірімдерге тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
Қор жастарға жігер беретін түрлі дәрістер, тренингтер өткізеді.
Сонымен қатар жетім балаларға көмектеседі.
Міне, осындай волонтерлік ұйымдарды көбейтуіміз керек.
Добровольцы столичного клуба «28 петель» занимаются вязанием одежды для перинатальных центров. Я только что ознакомился с их деятельностью. Сегодня проект стал международным и объединяет свыше 2 тысяч женщин из 9 стран мира. Сегодня мы видим, что в каждой области существуют клубы волонтеров. Я благодарен вам всем за эту работу.
Одним из самых узнаваемых волонтёрских брендов в стране стал «Клуб добряков», на попечении которого находятся свыше 500 казахстанских семей. Волонтеры помогают в трудоустройстве, социализации и подготовке детей к школе. Заслуживает похвалы и работа защите животных. Это очень важная работа. Недавно я получил письмо от известной киноактрисы Бриджит Бардо с просьбой помочь в защите собак и других животных. Я думаю, что это правильное обращение. Мы должно обратить на него внимание и показать себя милосердной нацией, и, конечно же, уделить внимание не только защите наших людей, включая детей, но и защите животных.
Можно привести тысячи подобных примеров. Мы видим, что волонтерство в Казахстане постепенно принимает общенациональный масштаб.
Уверен, этот процесс объединит еще больше наших граждан благодаря мероприятиям Года волонтера.
Добрые дела становятся неотъемлемой частью нашей культурной идентичности.
В стране уже действует более 200 волонтерских организаций, в которых участвует свыше 50 тысяч добровольцев.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы зор ондаған жалпыұлттық жоба қолға алынды.
Волонтер жылының басты ұраны – «Birgemiz». Сондықтан, биылғы барлық бастамалар мен игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейді деп сенемін.
Мен ұсынған «Әр алуан пікір – біртұтас ұлт» тұжырымы осындай шаралар арқылы жүзеге асуы керек.
Мемлекет Еріктілерге әрқашан қолдау көрсетеді.
В предстоящий период мы должны особое внимание уделить нескольким ключевым моментам.
ПЕРВОЕ. На церемонии подведения итогов Года молодежи мной был назван ряд адресных проектов, призванных решать конкретные вопросы нашего общества.
В поддержке нуждаются молодежь села, воспитанники детских домов, ветераны и одинокие пенсионеры.
Особенно ценной станет помощь в адаптации и уходе за больными.
Усилия волонтеров позволят решить многие проблемы в сфере правовой грамотности, экологии, сохранения культурного наследия Казахстана, увековечивания памяти героев нашей страны.
Но и этим не стоит ограничиваться. Я вот здесь вижу в ваших рядах социального предпринимателя Эмина Аскерова, который проводит очень большую работу, сочетая предпринимательство с социальной помощью. Мы будем поддерживать это направление. По сути дела, это тоже является волонтерством.
Следует активно вовлекать граждан в международные волонтерские инициативы, решающие глобальные и региональные вопросы.
Казахстан готов присоединиться к всемирной экологической кампании «World Clean up Day», объединяющей свыше 20 миллионов человек из 116 стран.
Участие казахстанцев в добровольческих программах ООН, ЮНИСЕФ, AIESEC и других международных инициативах позволит познакомиться с опытом разных государств и привлечь в нашу страну лучшие волонтерские практики.
ЕКІНШІ. Еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету керек.
Менің тапсырмам бойынша оларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады.
Мысалы, енді волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептеледі.
Сондай-ақ, волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат етіледі.
Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі.
Осыған орай, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді.
Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ.
Одан бөлек, әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлуді тапсырдым.
Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады.
ТРЕТЬЕ. Наши усилия будут направлены на создание благоприятной среды для активного развития волонтерского движения.
Стоит задача по формированию новой культуры взаимопомощи и широкого участия в этом процессе каждого ответственного гражданина страны.
Для этого мы формируем новую инфраструктуру волонтерства.
Сегодня открывается республиканский офис по координации и мониторингу волонтерских программ и проектов. Аналогичные центры созданы во всех регионах страны, свидетелями чего мы стали.
Любой желающий сможет обратиться сюда для реализации своей идеи или конкретного проекта.
Планируется создать волонтерские объединения в вузах, колледжах и школах Казахстана.
Кроме того, с нынешнего года был обновлен Единый волонтерский портал, где собрана вся информация о новых проектах и возможности участия в них.
Все это будет формировать устойчивую и эффективную инфраструктурную сеть волонтерского движения в стране.
ЧЕТВЕРТОЕ. Все проекты необходимо реализовать в тесном взаимодействии с госорганами и бизнесом.
Считаю, что повестка этого года даст серьезный импульс развитию корпоративного волонтерства.
Призываю предпринимателей принять активное участие в реализации мероприятий Года волонтера.
Естественно, важную роль должны играть исполнительные органы, которым необходимо задавать тон в продвижении волонтерских инициатив и создавать все условия для активистов. Считайте, что я дал поручение руководителям всех исполнительных органов.
В первую очередь, госслужащим, работникам нацкомпаний и коммунальных предприятий следует показать пример в этом направлении. Несколько часов в рамках рабочей недели важно посвящать безвозмездной помощи обществу в разных сферах.
Волонтерская деятельность должна стать частью рабочей культуры государственных и частных компаний, а также открывать возможности для создания «социальных лифтов», что крайне важно.
БЕСІНШІ. Волонтерлер еліміздің рухани әлеуетін арттыруға үлес қосуы керек.
Мәдениетімізді дамытпай, өсіп-өркендеу мүмкін емес. Сондықтан, осы мәселеге ерекше мән беру қажет.
Қазіргі таңда мәдениет және өнер саласындағы жас таланттардың арқасында Қазақстан күллі әлемге танылып келеді.
Біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек, яғни ойы ұшқыр, дарынды азаматтарды барынша қолдау қажет. Сонда ғана төл мәдениетімізді жаңа белеске көтеретін буын қалыптасады.
Для этого я поручил создать Фонд культуры и поддержки творческих инициатив. Эта структура будет оказывать финансовую и иную помощь творческим союзам и перспективным проектам.
Қордың жұмысына волонтерлерді де тарту қажет. Олар музей, кітапхана және өнер мекемелерінде өздерінің жобаларын жүзеге асыра алады.
Осы шаралар еліміздің шығармашылық әлеуетін нығайтуға мол мүмкіндік береді.
* * *
Для реализации всех этих задач мы намерены совершенствовать законодательную базу волонтёрской деятельности.
Важной задачей является организация тренинговых программ для подготовки волонтеров. На постоянной основе будут проводиться обучающие семинары.
Традиционный молодежный лагерь «ZEREN» в текущем году также будет посвящен этой тематике.
Идеи волонтерства станут элементом образовательной программы в вузах.
Важно широко освещать добрые дела наших граждан в СМИ и социальных сетях.
Призываю представителей средств массовой информации активно продвигать идеи волонтерства в информационном пространстве.
Құрметті достар!
Сіздер күн сайын ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарып келесіздер.
Сол арқылы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосасыздар.
Мен еліміздің әр өңірінде волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін.
Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шаралар қабылдады.
Біз бұған зор мән береміз.
Алайда, Волонтер жылы – кезекті науқан емес.
Осыны халыққа түсіндіруіміз керек.
Еріктілік – ел үшін, қоғам үшін адал қызмет.
Волонтерлік халқымыздың өмір салтына айналуы керек.
Оны тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақ сипаты ретінде дәріптеуіміз қажет.
Еріктілердің бойындағы қайрат-жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс.
Еліміздегі әр ауыл-аймақ осы маңызды жұмыстан тыс қалмайды деп сенемін.
Бұл – ең алдымен, өркениетті Елдің және зор жауапкершіліктің белгісі.
Ғұлама Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» баршамызға өсиет қалдырды.
Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі.
Сендер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі боларына күмәнім жоқ.
Мен волонтер жылында, ең алдымен, еліміздің жастарына зор сенім артамын.
Әрдайым абыройлы әрі табысты болыңыздар!
Бәріміз Бірге болайық!
« Қазан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |