Британия ЕО-дан шықты

Ұлыбритания 47 жылдан соң, британиялықтардың 51,89%-і Brexit үшін дауыс берген соң, Еуропалық Одақтан шықты. 2020 жылдың желтоқсан айының соңына дейін өтпелі кезең аяқталғанша ешқандай нақты өзгерістер болмайды.

Жыл бойы ЕО мен Ұлыбритания өзара болашақ қарым-қатынастары туралы келіссөздер жүргізеді. Премьер-министр Борис Джонсон еркін сауда туралы келісімге қол жеткізу, сондай-ақ бірқатар салаларда, ең алдымен қауіпсіздік пен барлау саласында тығыз ынтымақтастықты сақтау туралы уағдаласу ниетін мәлімдеді.

Ал Ұлыбритания мен ЕО арасындағы келіссөздер сәтсіз болған жағдайда, елде Brexit-тің тиімсіз болжамдары орындалуы мүмкін. Олар – ДСҰ тарифтерін енгізу, бағалардың күрт өсуі, шекарадағы жүк көліктерінің кезегі, дәрі-дәрмектер мен еуропалық өнімдердің тапшылығы. Қазір Ұлыбритания мен ЕО келіссөздерге да­йын екені байқалады. Құрама Корольдікке биыл өзінің жаңа иммиграциялық саясатын пысықтап, ЕО-ға кірмейтін елдермен сауда келіссөздерін бастау қажет. Үкімет бұған дейін үш жыл ішінде сауда айналымының 80%-і еркін сауда туралы келісіммен аяқталады деп есептейтінін хабарлаған.

Саясат 04 ақпан 2020 г. 2 204 0