Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. «Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі», - деп жазды Берік Уәли.
Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.