Назарбаев Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекараны ратификациялау туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекараны ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында. Сондай-ақ, Президенттің "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы" Заңға қол қойғаны айтылады.
Саясат 06 қараша 2018 г. 4 900 0