« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында «Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Оның айтуынша, шарттың басты мақсаты – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара сызығын халықаралық құқықтық деңгейде бекіту.
«Шекараны шегендеу туралы шартқа 2017 жылғы 25 желтоқсанда Астанада Қырғыз Республикасы мемлекеті басшысының Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жəне Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойды. Шартқа сәйкес Қазақстан, Қырғызстан, Қытай шекараларының түйісу нүктесі – шекараның бастапқы нүктесі, шекара сызығының соңғы нүктесі ол – Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесі», - деп атап өтті министр.
Әбдірахманов шекара сызығы және шекарадағы бүкіл шекаралық белгілердің орналасқан жері шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын картаның 46 парағына түсірілгенін айтты.
«Шекараны шегендеу нәтижесінде мемлекеттік шекара сызығының ұзындығы 1257,07 шақырымды құрады. Шекара сызығында 1 055 шекаралық бағана орнатылды. Оның 533-ін Қазақстан, 522-сін Қырғызстан тарапы қойды. Шарт мерзімсіз болып табылады және денонсациялауға жатпайды. Шарттың күшіне енуі Қазақстанның мемлекеттік шекарасының халықаралық құқықтық рәсімдеу процесін аяқталуына, Қырғызстанмен арада аумақтық даулардың туындауын алдын ала жоюға ықпал етеді. Қырғыз тарапы шартты ратификациялау процесін жүргізеді. Тиісті заң жобасы Қырғызстанның Жоғарғы кеңесі Парламентінде қарастырылуда», - деді ҚР Сыртқы істер министрі.
Ол сөз соңында Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі деп – еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық рәсімдеу екенін айтты.
Парламент Сенатының депутаттары заң жобасын талқылаудан соң «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау» туралы заң жобасын мақұлдады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |