« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Газетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен «Байқоңыр» кешенінде болды.
Жұмыс сапарында Асқар Ұзақбайұлы ғарыштық қызмет жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының Бас директоры Д.О.Рогозинмен кездесті.
Кездесуге облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов, республикалық қаржы, энергетика, білім және ғылым вице-министрлері, құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы және бірқатар орталық мемлекеттік орган жетекшілері қатысты.
Кездесуде «Байқоңыр» кешенін дамытудың мәселелері талқыланып, бұл туралы биылғы жылдың 9 қарашасында Петропавл қаласында өткізілетін аймақаралық ынтымақтастық форумында Қазақстан және Ресей мемлекеті басшыларына хабарланатыны айтылды.
Сондай-ақ, «Бәйтерек» жобасының жүзеге асырылу барысы, Байқоңыр қаласын дамытудың бірқатар мәселелері пысықталып, «Гагарин стартын» жетілдірудің бірлескен жобасы бойынша Ресей, Қазақстан және Біріккен Араб Эмираты үш жақты жұмыс тобының есебі тыңдалды.
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Байқоңыр қаласындағы бірқатар нысанда болды.
Құрылыс алаңында А.Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Тұрғын үй құрылысын жыл соңында аяқтау жоспарланған, осыған байланысты Асқар Ұзақбайұлы келер жылы да арендалық құрылысты жалғастыруды, тұрғындардың «7-20-25» бағдарламасы бойынша коммерциялық тұрғын үйлер алуына жағдай жасау қажеттігін жеткізді.
№277 орта мектепте болғанда білім сапасын түбегейлі жақсартуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының балаларын Қазақстан стандарттары бойынша оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру керектігін атап өтті. Сонымен бірге «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындау барысында мектеп мұғалімдерінің, сондай-ақ Байқоңыр қаласы балабақша тәрбиешілерінің жалақы төлеу жүйесін жетілдіру ерекшеліктерін ескеру қажеттігі сөз болды.
Ал қонақ үй ғимаратымен танысу барысында туризм инфрақұрылымын дамыту үшін инвесторларды тарту аталған қонақ үй базасында жоғары деңгейдегі отельдерді ұйымдастыруға ықпал етеді.
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары нысандарды аралау қорытындысы бойынша «Байқоңыр» кешенін дамыту мәселелері Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында тұрғанын атап өтіп, Елбасының әрбір қала өзінің тұрақты экономикалық өсу моделіне сүйене отырып дамуы керек деген тапсырмасы Байқоңыр қаласына да толық қатысты екенін жеткізді.
Ж.ӘБІШЕВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |