Қытайдың Қазақстандағы елшісі ауысты

Тәжірибелі дипломат Чжан Сяо ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі болып тағайындалды. Ол Астанаға келіп, өз міндеттеріне кірісіп те кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Чжан Сяо 1964 жылы желтоқсан айында дүниеге келген. Бейжің шет тілдері университетінің орыс тілі факультетін тәмамдағаннан кейін 1987 жылы ҚХР СІМ-ге жұмысқа тұрған.

1989-1990 жылдары А.И. Герцен атындағы Ленинград мемлекеттік педагогикалық институтында тағлымдамадан өткен.

Өткен 30 жыл ішінде ол Қытайдың Украинадағы және Беларусьтегі елшіліктерінде, ҚХР-дің Санкт-Петербургтегі бас консулдығында жұмыс істеген.

2011-2013 жылдарда Қытайдың Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған.

2014 жылдан бастап ҚХР-дың Ресейдегі Елшілігінде еңбек етті.

Еске сала кетсек, ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы бұрынғы елшісі Чжан Ханьхуэй 2018 жылы 18 мамырда Астанадан Бейжіңге оралып ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі лауазымына тағайындалған болатын.

Саясат 31 тамыз 2018 г. 1 641 0