« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ маркетинг және сатылым бойынша Басқарушы директоры Дәурен Алыбаев WNFM (World Nuclear Fuel Market – Дүниежүзілік Ядролық Отын Нарығы) Басқарушы Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Дәурен Алыбаевтың тағайындалуы АҚШ-тың Монтерей қаласында өткен WNFM жыл сайынғы кездесуі барысында дауыс беру арқылы анықталып, жарияланды.
WNFM Кеңесінің құрамында өз өкілінің болуы Қазатомөнеркәсіп тарихындағы бірінші жәйт. Бұл компанияның табиғи уран өндірісіндегі көшбасшы ретінде, әлемдік атом өнеркәсібін қолдауға белсенді ұмтылысын көрсетеді.
1974 жылы құрылған WNFM бейбіт атомды коммерциялық тұрғыда қолдану саласында әріптестік орнататын алғашқы алаңдардың бірі. Ассоциация атом саласына қажетті ядролық материалдар өндіруші, жеткізуші, тұтынушы ірі компанияларды біріктіреді.
WNFM мүшесі болып әлемнің 20 елінің 90 компаниясы танылған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ аталмыш ұйымға 2002 жылдан бері мүше.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |