Назарбаев ҚХА сессиясын шақыру туралы өкім шығарды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы өкімде:

«1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын», - делінген.




Саясат 27 наурыз 2018 г. 868 0