Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.


«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Саясат 26 наурыз 2018 г. 856 0