Қазақстан мен Ресей тағы бір меморандумға қол қойды

25-ші MITT Мәскеу халықаралық туристік көрмесінде Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Ростуризм Ресей федералды агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Қазақстан тарапынан келісімге Kazakh Tourism басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов, ал Ресей тарапынан – Ростуризм басшысы Олег Сафонов қол қойды.

Меморандум екі елдің туризм саласын дамыту бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған, атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық турларды бірлесіп дамытуға және инвестициялық жобаларға қатысу мәселелерін шешеді.

Kazakh Tourism өкілі мәлім еткендей, қол қойылған құжат мемлекеттердің туризмді дамыту бағытындағы қарым-қатынасына серпін бермек.
Сондай-ақ, 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол жеткізілді.


Дереккөз: kazinform.kz
Саясат 14 наурыз 2018 г. 769 0