Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы ҚР мен ҚХР арасындағы цифрландыру және «ақылды» технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа кең жол ашады. Бұл туралы ҚХР Реформа және даму істері жөніндегі мемлекеттік комитет (РДМК) төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ (Ning Jizhe) айтты, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын зерттеп, өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да алдыңғы қатарлы салаларды дамыту бойынша сіздің еліңіздің маңызды жоспарларына назар аудардық. Біз адамзаттың индустриялық салада реформаны талап ететін жаңа кезеңге аяқ басқанына келісеміз», - деді ол бүгін өткен Қазақстан-Қытай индустриализация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен комиссияның 14-ші отырысында.
РДМК пікірінше, Нин Цзичжэ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаның ерекшеліктері ретінде индустрияландыру мәселесін Интернет, «жасыл» және «ақылды» технологиялар, жалпы алғанда экономиканы цифрландырумен тығыз байланыстыру деп атады.«Қытай да Қазақстан секілді экономиканың осы бағыттарын дамытуға баса назар аударуда - бізде «Қытайда жасалған - 2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазір қытайлық смарт-технологиялар әлемде алдыңғы орындарға шыға бастады. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге, сондай-ақ Қазақстандағы өндірістік қуаттарды дамытудың бірлескен бағдарламасындағы цифрландыру және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларға қосылуға дайынбыз», - деп атап өтті ол.