Алпауыт елдердегі ахуал қандай?

Қазіргі таңда алпауыт елдерде болып жатқан ахуал қандай? Бұл туралы шетелдегі БАҚ не дейді?  

Brexit Британияның бас ауруына айналды

Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығуының жыры әлі бітер емес. Қарт құрлықтағы белді ұйымның құрамынан шығу процесінің түйткілді мәселелері ағылшындарға оңай тиіп тұрған жоқ. Күн тәртібінде тұрған бұл жол­­ғы мәселе – Британия мен Еу­ро­одақ арасындағы сауда-сат­тық және тауар айналымы жө­нін­дегі заң жобасы.  Биылғы жазда Ұлыбри­та­нияның Еуропа одағынан шы­ғу жөніндегі министрі Дэвид Дэвис жоғарыда аталған құ­жат­ты парламенттің назарына ұсы­нған болатын. Заң жобасы 1972 жылы қабылданған Еуропа қо­ғамдастығы актісінің күшін жойып, Еуроодақтың бүкіл за­ңын Ұлыбритания жарғылық құжат­та­ры қатарына енгізіп, қажетсіз заң­дарды өзгертуге немесе күшін жоюға министрлерге құқық бе­реді. Бірінші оқылымда заң жо­ба­сындағы кемшіліктер айтылып, өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін кері қайтарылған болатын. Содан бері елдегі ха­лық қалаулылары бірнеше мәр­те құжатты талқылап үлге­р­ді. 
BBC арнасы «Брексит» бас­тал­ған­ға дейін парламент нақты бір шешімге келуі керек деп есеп­тейді.  «Брексит министрі Дэвид Дэвис шығу процесі барысында ақша, азаматтар құқығы және бас­қа бірқатар мәселелер пар­ламенттің жаңа актісі арқылы заң­ға айналуы керектігін айтқан болатын. Лейбористік партия мұн­­дай «бас тартуды» қолдап отыр, алайда парламенттің басқа мү­шелері заң жобасы қайта тал­қы­ланбаса, қарсылық танытуы мүмкін», деп мәлімдейді BBC.  
The Guardian басылымының ақпаратына сүйенсек, Ұлы­бри­тания ел парламентінің қандай шешімге келгеніне қарамастан, 2019 жылы Еуроодақ құрамынан то­лық шығады.  «Брекситті қолдаушылардың бірі Оуэн Патерсон сенімділік мақ­­сатында Д.Дэвистен «Пар­ла­­мент ұсынылған заң жобасын қа­былдамаса, Ұлыбритания 2019 жылғы 29 наурызда Еу­ро­па одағ­ы­нан шыға ма?» деп сұ­рады. Брексит министрі «Иә» деп жауап берді. Сондай-ақ Дэ­вис депутаттар заң жоба­сын өз­гер­ту арқылы Брексит про­­цесін ба­яулатуға, не одан бас тар­туға мүм­кіндігі жоқ екенін жет­кізді», – деп хабарлады The Guardian га­зеті.  

Трамптың Азиядағы табысы

CNN агенттігі жазғандай, АҚШ президенті Дональд Трамп­­­тың Азияға сапары аме­ри­­­к­алықтардың назарынан тыс қал­­­ған. Ақ үй басшысының жұ­мы­­сы өз еліне қарағанда, Азияда кең талқыланған.  «Егер Трамптың Жапонияға, Оң­түстік Кореяға, Қытайға, Вьетнамға және Филиппин аралдарына сапарын аталған мемлекеттер және олардың басшыларымен қарым-қатынасты нығайту мақсатында қарастырсақ, оның табысқа толы болғаны анық. Президенттің Азияда өткізген уа­қыты шетелде оның оң имиджін қалыптастырды», деп есептейді CNN.  
BBC арнасы Азиядағы сапары барысында Трамптың ұран­датқан мәлімдемелеріне қа­ра­мас­тан, оның сөздерін аме­ри­ка­лықтардың есте сақтап қалуы не­ғайбыл екенін жазады.  «Ол аймақты Солтүстік Корея­­ның баллистикалық ра­ке­­таға және ядролық қару бағ­дар­ламасына қатысты әрекетіне лай­ық жауап беруге үгіттеді. Ол өзі­нен бұрынғы басшыларды айып­тай отырып, сауда-саттық мә­селелері мен америкалық жұ­мыс жөнінде талқылады. Ол Үндістанның АҚШ үшін аймақтағы стратегиялық маңы­зын білдіру мақсатында «Үнді-Ты­нық мұхиты» терминін бір­не­ше қайтара айтты. Әйтсе де АҚШ-тағы жаңалықтар ағымы оның бұл әрекетіне қарамастан, өз арнасымен кетті», дейді BBC.  BBC-дің хабарлауынша, Д.Трамп сапарының ал­ғаш­қы аптасына Техастағы атыс кө­леңке түсірген. Ал Вирд­жи­ния штатындағы рес­пуб­ли­кашылардың жеңілісі оның са­пары жөніндегі апта орта­сын­дағы ақпараттардан басым шық­ты.  

Қытай – супер-компьютер жасау шебері  

Қытайдағы компьютер жасай­тын компаниялар өз өнім­де­рінің мықтылығын тағы да дә­лелдеді. Жапонияда жасал­ған су­перкомпьютерлер де биыл аме­рикалық өнімдерге қарағанда, үз­дік шыққан.  
«Екі жыл сайын жүргізілетін әлемнің ең үздік 500 суперком­пь­ютерін анықтайтын рей­тинг­те Қытайдың Sunway TaihuLight ком­пьютері төртінші мәрте №1 жүйе атанып, деңгейі 93,01 пе­таф­лопқа жетті», деп жазады Xinhua агенттігі.  Флоп – жылжымалы нүктелі сан­дарды қосу операцияларының бір секундтағы санымен анық­та­латын компьютер өнімділігінің өл­шем бірлігі. Яғни, Sunway TaihuLight компаниясының қуаты 93,01 квадриллион флопқа жетіп отыр.  
Xinhua агенттігінің ақ­па­ра­тына сай, тағы бір қытай­лық өнім Tianhe-2 әлем­нің теңдессіз екінші суперкомпьютері атанған. Үздік үштікті Швейцарияда жа­салған Piz Daint компьютері қо­рытындылап тұр. Жапониялық Gyoukou компьютері төртінші сатыға жайғасса, америкалық Titan компьютері өнімділігі тұрғысынан бесінші орынды мі­се тұтты. Дегенмен АҚШ ақ­параттық жүйе жасау тұр­ғы­сынан ешкімге дес беретін емес. Америкалық HP компаниясы су­перкомпьютерге жүйе орнату жөнінде бірінші орында тұр.  

АҚШ Ресейге есе жіберді

«РИА Новости» ресейлік астық өндірушілер әлемдік на­рық­та америкалық фер­мерлердің ор­нын алмастырып жатқанын мә­лімдеді. Ресейлік агенттіктің бұ­лай көсілуіне The Wall Street Journal-ға шыққан «Ресейлік би­дай фермерлерінің қайта жандануы АҚШ-тың тынысын тарылтты» атты мақала себеп болып отыр.  Кейінгі уақытта әлемдегі астық нарығы бірқатар өзгеріс­тер­ге ұшырады. Мәселен Вашингтон билігі «Астық қау­ым­дастығының» Египеттегі өкіл­дігін  жауып тынған. Бұл – ұйым үшін үлкен соққы. Өйт­кені Мысыр бидайды ең көп им­порттайтын мемлекеттер қа­та­рында.  
«Кейінгі жылдары ресей­лік­тердің ауыл шаруа­шы­лы­ғында табысты болуы дәс­түр­ге айналды. Алайда болып жат­­­қан үдерістердің барысын түсініп, оған ой жүгірту үшін сыртқы және пейілі тар бақы­лау­шылардың бағасын оқып көрген абзал. Жалпы, The Wall Street Journal-да шыққан ма­қала айтарлықтай деректерге сүйе­не отырып жазылған рия­сыз сараптама», дейді «РИА Новости».
Мәселен агенттік амери­ка­лық журналда айтылған мы­­на бір ақпаратты негізсіз деп есептейді. The Wall Street Journal-дың пайымдауынша, Ре­сей­­дегі рекордтық мөлшердегі ас­­тық түсімі әлемдік нарықтағы ба­ға­ның 4 есе құлдырауына әкеліп соқ­қан. The Wall Street Journal кейінгі бес жылда солтүстіктегі көршіміздің астық түсімі 70 пайызға ұлғайып, АҚШ-та оның көлемі 4 есеге азай­­ғанын ха­барлаған. «РИА Но­вос­ти» аме­ри­калық басылым­да жа­рия­ланған осы ақ­па­ратты да сын садағына түйреп үлгеріпті.
«WSJ шыққан сараптама се­кіл­ді мақалалар Батысты шар­пы­ған иррационалдық есі­ру­ді, яғни әлемнің кез келген нүк­те­сінде болған оқиғадан «орыс қол­таңбасын» іздеуді тү­­сінуге мүм­кіндік береді. Бұл – тыл­сым­ның рухы анық бай­қа­ла­тын феноменмен кездескен­де пай­да болатын, түсінуге тұрарлық және адами реакция», деп жа­зады «РИА Новости».  
Агенттік Ресейдегі астық тү­сімінің молшылығын елдің ауыл шаруашылығына ден қоюынан бөлек, табиғат-ананың Ресей тарапына жылы қабақ таныт­қа­нымен түсіндіреді.    

Саясат 16 қараша 2017 г. 909 0