А.Меркель партиясы Бундестаг сайлауында жеңіске жетті

Германияда өткен парламент сайлауында канцлер Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан-социалистік одағы (ХСО) мен Христиан-демократиялық одағы (ХДО) біріккен блок жеңіске жетті. Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша, оны сайлаушылардың 33 пайызы қолдаған. Бірақ бұл партия тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. Соңғы рет 1949 жылы ең төмен дауыс жинаған.
Мартин Шульц басқаратын Социал-демократиялық партия 20 пайыз дауыс жинаған. Бұл да партия тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. "Неміс толқынының" хабарлауынша, социал-демократтар оппозицияға кететінін мәлімдеген.
Ал үшінші орынға шыққан оңшыл "Германияға альтернатива" партиясына сайлаушылардың 12 пайызы дауыс берген. Мәскеу билігімен байланысы бар бұл партия бірінші рет бундестагқа барады.
Сайлауға 75 сайлаушы келген. Сайлаудың нақты ресми қорытындысы бір аптадан соң жарияланады.
Босқындар, денсаулық сақтау, білім проблемасы, зейнетақы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыптары парламент пен болашақ үкіметтің айналысатын бас істері болмақ.
Саясат 25 қыркүйек 2017 г. 1 166 0