Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 наурыз 2018 г.
578
0
Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне ізгі ниетін білдіріп, қызметіне зор табыс тіледі.Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты диалогты нығайту мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жеке жолдауы табыс етілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 наурыз 2018 г.
432
0
Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзінде Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсімі ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне тоқталып, бұл іс-шара Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы консультативтік жұмыс кездесуіне тұспа-тұс келгенін атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 наурыз 2018 г.
495
0
Аумақты ғарыштық және навигациялық бақылау технологияларының көмегімен қашықтықтан мониторинг жүргізу аймақ экономикасының бірқатар салаларының дамуына айтарлықтай үлес қоспақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз 2018 г.
857
0
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты биылғы жылы еліміздің Қарағанды қаласында өтуі мүмкін деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз 2018 г.
1 160
0
Наурыз мейрамын атап өтуге арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, 14-22 наурыз аралығында әрбір күнге тақырыптық атаулар берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз 2018 г.
955
0
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде: «Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп өз көзқарасын айқын білдірген болатын. Жақында ғана «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы да қолданысқа енгізілді. Біз жазуымызды жаңғырту арқылы ана тіліміз бен қоғамдық санамызды жаңғыртуға зор мүмкіндік алдық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз 2018 г.
801
0
1988 жылы 30 наурыз күнi Алматыдағы М.Горький атындағы демалыс паркiнде 62 жылдық үзілістен кейін Наурыз мейрамы қайта тойланды. Мерекеге жиналған жүз мыңдай адам «Наурыз тілек», «Наурыз бата» рәсімдерін, «Батырлар шеруін», «Алдар көсе», «Тазша бала» ертегілерінен үзінділер, «Алтыбақан», «Тең көтеру», «Жаяу жарыс», «Арқан тартыс», «Бағанаға өрмелеу» сияқты ойындарды тамашалады. Өлгені тіріліп, өшкені жанған елдің қуанышында шек болмады. Үш жылдан соң Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, ұлттық мерекесін күнтізбеге қызылмен белгіледі. Осылайша соңғы 30 жылда Наурыз қазақпен бірге жасасып келеді. 2010 жылдың 10 мамырында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 наурызды «Халықаралық Наурыз күні» деп атау туралы қарар қабылдады. Сол жылдан бері елімізде Наурыз мейрамы 3 күн бойы, яғни 21-23 наурыз аралығында ресми түрде тойланады. Ал ЮНЕСКО 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.Негізі 1921 жылы 5 наурызда Орынборда өткен Казақстан Автономиялы Республикасы орталық атқару комитетінің төралқа мәжілісінде Құрбан айт пен Ораза айтқа 3 күн, Наурыз мерекесіне 1 күн демалыс беру туралы қаулы қабылданған. Арада 5 жыл өткенде, яғни 1926 жылы Наурызды тойлауға мүлде тыйым салынды. Бірақ, халық сол кездегі режим «керітартпа рәсімдер» деп таныған күн мен түннің теңелуін, көктемнің, жаңа күннің келуін мерекелеуді тоқтатқан жоқ. «Наурыз көже» пісіруді, арықтарды тазалап, ағаш отырғызуды, ең бастысы – ренжіскен жандарды мәмілеге келтіруді осы күні атқарған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз 2018 г.
872
0
Қызылорда қаласы15 наурызНаурыз мерекесіне орай облыстық өлкетану мұражайында ашық есік күні.Сағат 09.00-18.00.16 наурыз«Шалқар шабыт мерекесі – Әз Наурыз!» атты мерекелік шара және «Наурыз – бірлік пен ізгіліктің бастауы» атты кітап көрмесі. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, сағат 10.00.«Армысың, Әз Наурыз!» атты музейлік сабақ. Облыстық тарихи-өлкетану музейі, сағат 11.00.Білім беру ұйымдары мен балабақшаларда «Қош келдің, Наурыз!», «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбымен мерекелік салтанатты шаралар.Барлық білім беру мекемелері, сағат 09.00-18.00.Ұлттық спорт түрлерінен студенттер арасында сайыстар. Қалалық мәдени және демалыс паркі, сағат 11.00.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз 2018 г.
1 101
0
Күні кеше 143 отбасы Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан жаңа көпқабатты үйден баспана алды. Бұған дейін олар комиссия қорытындысымен апатты деп танылған «Титов» шағын ауданындағы жатақханада тұрған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпан күні «Титов» шағын ауданында орналасқан көпқабатты жатақхананың адам тұрмайтын бір бөлігі құлаған болатын. Осы оқиғадан кейін қала көлемінде орналасқан 22 жатақхананың жағдайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия қорытындысы 12 наурыз күні жарияланды. Тексеруден өткен 22 жатақхананың 3-і техникалық жағдайы жақсы, 18-і қанағаттанарлық, бірақ жөндеуді қажет ететін, ал «Титовтағы» №32 жатақхана апатты деп танылған болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз 2018 г.
610
0