АСТАНА АСПАНЫНДА  СЫРДЫҢ САЗЫ ҚАЛЫҚТАДЫ

АСТАНА АСПАНЫНДА СЫРДЫҢ САЗЫ ҚАЛЫҚТАДЫ

Биыл барша қазақстандықтар еліміздің жүрегі Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тамыздың соңғы аптасында облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі орындаушылар мерейлі мереке құрметіне арнап «Астана – төрім, ордалы елім» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2018 г. 710 0
ЖАҢҒЫРТУ  КӨП ТҮЙТКІЛДІҢ  ТҮЙІНІН ТАРҚАТАДЫ

ЖАҢҒЫРТУ КӨП ТҮЙТКІЛДІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТАДЫ

Елбасы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басым бағыттың бірі болып қала беретінін, тұрғындардың денсаулығы ауыз суға тікелей байланысты болғандықтан, бұл салада тиянақты жұмыстар атқарылуы қажеттігін айтқан болатын. Облыста бұл бағытта бірқатар іс қолға алынып, «Ақбұлақ» бағдарламасы кезінде мың шақырымнан астам су құбырлары жүргізілді. 2015 жылдан бері «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ескірген су желілерін жаңғырту бағытындағы жұмыстар қарқын алды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2018 г. 959 0
ЖЕР  ҚОЙНАУЫН  ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен  жер қой­науын пайдаланушылар қатысқан мәжіліс өтті. Аймақ басшысы мұнай компания­ларының өкілдерін қыркүйектің алғашқы жексенбісінде атап өтілген кәсіби мерекемен құттықтап, саладағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Шілде айында Қызылорда облысындағы мұнай-газ саласының дамуы туралы сұрақтар Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Мәминнің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланған еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2018 г. 612 0
САММИТ ЖӘНЕ САЛМАҚТЫ МІНДЕТТЕР

САММИТ ЖӘНЕ САЛМАҚТЫ МІНДЕТТЕР

Жақында халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығына орай Түрікмен­станда қордың құ­рылтайшы мемлекеттері бас­шыларының саммиті өтті. Саммитте қордың құрылған алғашқы күнінен бастап бүкіл Арал өңірінің күрделі әлеуметтік-экономикалық, су шаруа­шылығы және эколо­гия­лық мәселелерін шешуге ба­ғыт­­талған жұмыстардың ат­қа­ры­лып жатқаны атап өтілді. Ұйым­ның белсенді жұмыс істеу нәтижесінде әлемдік қоғам­дас­тық пен халықаралық қаржы инс­титуттары тарапынан ай­тар­­лықтай көмек көрсетіліп келеді. Бірлескен жұмыстардың ар­қа­сында бұл қор БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2018 г. 519 0
АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ  ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРУМЕН ПАРА-ПАР

АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРУМЕН ПАРА-ПАР

Аралдың экология­лық проб­ле­масына әлем жұрты алаңдайды. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары Әмудария мен Сырдария өзені бойындағы халықтың саны 2,2 есеге артып, суға қа­жеттілік өсті. Соның сал­дарынан теңізге құйы­­латын су мөлшері азайды. Яғни, қос өзеннің суын бел ортадан бөгеп, күріштік пен мақта ал­қаптарының көлемі артты. Мұндай антропогендік факторлардан теңізге 1960-1965 жылдары 44 мың текше метр су құйылса, 1974-1978 жылдары 13 мың текше метрге азайды. Тіпті, 1990 жылдары судың мөлшері екі есеге кеміді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2018 г. 659 0
ЗЕРТТЕУЛЕР ПЫСЫҚТАЛА ТҮССЕ

ЗЕРТТЕУЛЕР ПЫСЫҚТАЛА ТҮССЕ

Маман ретінде Кіші Арал теңізін қайта қалпына келтіру «САРАТС-2» жобасы жайлы ұсыныс-пікірлерді үнемі қадағалап жүремін. Жақында телеарнадан осы сала маманы С.Смайлов Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу мәселесіне байланысты екі нұсқа айтты. Бірінші нұсқа бойынша Кіші Арал теңізінің деңгейін Балтық теңізі системасымен 42-ші метрден 46-шы метрге жеткізу болса, екінші нұсқада теңіздегі су деңгейін 42 метрлікте ұстап қалып, Сарышығанақ бөлігін 50 метр деңгейге жеткізу қарастырылып жатқанын айтты. Бұдан бұрын да «Көкарал» бөгетінің деңгейін өсіріп, Кіші Арал теңізін біртұтас 50-ші метрге жеткізу сөз болғанын газеттерден оқып білгенбіз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2018 г. 539 0
ШЕТЕЛДІК МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

ШЕТЕЛДІК МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Жаңа оқу жылынан бастап мектепте жаңадан 3 шетелдік мұғалім жұмысқа қосылды.Сабақ берудің халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында бірнеше жылдан бері Зияткерлік мектептерге шетелдік пән мұғалімдерін шақыру жөніндегі жоба жүзеге асып келеді. Биыл қызылордалық оқушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген халықаралық деңгейдегі жоғары білікті жеті маманнан сабақ алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2018 г. 617 0
Ыстықкөлдегі саммит: Назарбаевтың ұсыныстары

Ыстықкөлдегі саммит: Назарбаевтың ұсыныстары

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI саммитіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2018 г. 527 0
Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесі ұйымдарын қысқартуды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесі ұйымдарын қысқартуды ұсынды

Назарбаевтың айтуынша, Түркі ынтымақтастық институттарының қызметінде қосарланушылық кездеседі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2018 г. 559 0
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Сандық технологияларды нарықтық стандарттарға сәйкес дамыту мақсатында Қызылорда облысында арнайы мемлекеттік орган – цифрлық технологиялар басқармасы құрылды, сонымен қатар облыс әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аппарат мәжілісінде хабарлады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2018 г. 859 0