ӘРІПТЕСТІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ

ӘРІПТЕСТІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢКеше облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен «Әріптестікке ықпалдастық жөніндегі Қазақстан-Корей орталығы» АҚ директоры Ву Джонг Хи ханым өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Әріптестік туралы құжатқа қол қоймас бұрын облыс әкімі алдағы уақытта меморандум аясында жүзеге асатын жобалардың болашағы жарқын екенін атап өтті. Оның ішінде «Қорқыт ата» халықаралық әуежайы жолаушылар терминалы мен Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтеретін жаңа қала құрылысы, экологияны жақсарту мәселелері, агроөнеркәсіп кешені технологияларын дамыту, туризм, соның ішінде ғарыштық туризм, мия тамырын өңдеу, ІТ-технология және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында әріптестік мәселелері мен Қызылорда қаласында аталған орталықтың кеңсесін ашу жайын талқылады. Аймақ басшысы бұл жобаларды іске асыру қазақ-корей әріптестігінің дамуына жаңа серпін беретінін жеткізді.  
Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Инновациялар және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің  «Технологиялық болжаулар Ұлттық орталығы» РМК және «Әріптестікке ықпалдастық жөніндегі Қазақстан-Корей орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2017 г. 807 0