Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Шыңтөбе» пікірталас клубында ел экономикасының негізгі проблемаларын атады.
«Ішкі негізгі мәселе – экономиканы несиелендірудің жетіспеушілігі болып отыр. Банкілер несиелері бағаларының қолжетімсіздігі ІЖӨ-нің өсуіне әсер етпейді. Экономиканы ақшалы ету немесе оны ақшамен молықтыру бүгінгі таңда жеткіліксіз», - деді әкім.
Көшербаевтың айтуынша, экономиканы ынталандыру үшін, оның ішінде кәсіпкерлікті жаппай дамыту да бар, Ұлттық банктің саясатын өзгерткен тиімді, яғни ақша-несие саясатын шектеуді азайтып, инфлияциямен күресте ақшаландыру деңгейін кезең-кезеңімен көтеру арқылы экономиканы сауықтыру саясатын қолданған дұрыс.
Аймақ басшысы сондай-ақ, экономиканы долларсыздандыруға бағытталған шараларды жалғастыра берген жөн деп санайды.
«Валюталық операцияларды орындау кезінде, импорттаушы компаниялар төлемінен басқаларында, салық салуды енгізу қажет. Банк секторындағы субьектілердің шетелдік валютада несие беруі кезенде салық салынып, банктердің ашық валюталық ұстанымдарына қатаң шектеу қойылу тиіс. Бұл жағдайда салымдарды сақтандыру жүйесінен шетелдік валютадағы депозиттерді шығару ұсынылады», - деп түсіндірді ол.