Қызылордада Үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді

Қызылордада Үкіметаралық комиссияның отырысы өтедіҚызылордада сәуір айында Ресей мен Қазақстанның Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен еркін кездесуде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, дейді BAQ.kz тілшісі.
Қырымбек Елеуұлының айтуына қарағанда бұл отырыс Байқоңыр ғарыш орталығының тағдырына тікелей қатысты.
«Құдай қаласа, сәуір айында Қызылорданың тарихында алғаш рет, Байқоңыр болып аталған 62 жылдың көлемінде тұңғыш рет Ресей мен Қазақстанның Үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мамин мен РФ Үкімет төрағасының орынбасары Дмитрий Рагозин қатысады. Ол жерде облыс әкімінің ұсынысы бойынша күн тәртібінде 8 мәселе қаралатын болады. Олардың қатарында шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу қатарлы ұсыныстар бар» - деді өңір басшысы.
Сонымен қатары, облыс әкімі өңірдегі атқарылған жұмыстар мен бірқатар мәселеге тоқталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2017 г. 800 0