Кеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуін өткізді.
Кездесуде аймақ басшысы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алда атқарылар міндеттерді саралады. Жиынға қала тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым, жастар қатысты. Сонымен бірге, барлық аудан жұртшылығы кездесуді онлайн режим арқылы тамашалап, көкейдегі сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Және де тұрғындардың Call орталығына түскен ұсыныс-пікірлері тыңдалып, телефон арқылы сұрақтар қойылды.
Облыс әкімінің есебіне ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасы Асқар Жұмағұлов қатысты.
Есептік кездесуде облыстың әлеуметтік -экономикалық, мәдени-рухани дамуы сараланып, өңірдегі жаңа жетістіктер, үлкен мүмкіндіктер, игерілген игі істер, ел мүддесі жолындағы барша құндылық ой сарабына салынды.
Міне, тағы бір жылды артқа қалдырдық.
2016 жылдың ел тарихындағы аса бір белесті жыл болғанын баршаңыз білесіздер.
Халқымыздың қадірін асырған, еліміздің еңсесін көтеріп, бүкіл әлемге әйгілі еткен қастерлі де қасиетті Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Осы ұлан-асыр мерекені барша елімізбен бірге Сыр елі де ерен еңбекпен, толағай табыстармен қарсы алды. Сол ширек ғасырдың ішінде жүріп өткен «тар жол тайғақ кешуде» қажыр мен қайрат көрсеткен, тәуелсіздіктің тұғырын бекітіп, айбынын асыруда береке-бірліктеріңізді бекемдеп, ұлтымыздың ұйтқысы бола білген баршаңызға шын жүректен ризашылық білдіруге рұқсат етіңіздер!
Осындай асқаралы жылда біздің өңірде атқарылған атап айтарлық ауқымды істер аз емес. Міне, бүгінгі басқосуда соларды рет-ретімен баяндап, алдымыздағы жылдағы міндеттерді тиянақтайтын боламыз.
Естеріңізде болар, Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған елең-алаң кезеңде Елбасы үш қастерлі де қасиетті міндетті алдымызға қойған болатын.
Оның:
Біріншісі – әлеуметтік бағдарланған Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалап, тұғырын биіктету;
Екіншісі – нарықтық экономиканы қалыптастыру;
Үшіншісі – қоғамдық ой-сананы қайта жаңғырту.
Ел тарихының ширек ғасырында еліміз осы үш ұлы мақсатты темірқазық етіп ұстанып келеді.
Бұл жылдар біздің еліміз үшін халықтың әл-ауқатын арттырған тұрақты, үдемелі дамудың дәуірі болды.
Қазақстан 25 жылда экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, бірегей табыс тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекетке айналды. Ширек ғасырда кейбір мемлекеттердің ғасырда жүріп өтетін жолын өз ырқына бағындырды. Мұндай алмағайып кезеңде өркениет көшіне ілесе алмай, шаң қауып қалған мемлекеттер де аз болған жоқ емес пе?!
Біздің көпэтносты еліміздегі бейбітшілік және келісім, мәдениеттер мен діндердің диалогы әлемге «қазақстандық жол» ретінде танылды.
Елбасы атап көрсеткендей, мемлекетіміз әлемнің аса қарқынды дамушы елдерінің қатарына кіріп, әлденеше әлемдік экономикалық дағдарыстың соққысына төтеп беріп, өзінің қандай сынға болса да төзе алатынын танытты.
Мысалға, көліктік инфрақұрылымның көптеген стратегиялық маңызды нысандары салынып, аймақтық және жаһандық шаруашылық байланыс жүйесіне енуге мүмкіндік берді.
Кәсіпкерлікпен айналысуға жақсы жағдайлар жасалып, заманауи банктер мен салық жүйесі құрылды.
Өтпелі кезеңде Президенттік билік өзінің тиімділігін көрсетті, Қазақстан ішкі қоғамдық тұрақтылық пен бейбіт сыртқы саясатты ұстанған, экономикалық өскелең елге айналды.
Міне, осындай ұлы Отанымызда атқарылып жатқан тарихи маңызды шаруалардың барлығында қызылордалықтардың қомақты үлесі, айшықты қолтаңбасы бар. Біз оны әрқашан мақтанышпен айта аламыз.
Елбасының «Біздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзінің себебі осында.
Әсіресе, біздің ұлттық құндылықтар мен халықтық қасиетімізді қастерлеудегі орнымыз ерекше бөлек. Сыр өңірін қазақ халқының тарихын, ежелгі дәстүрлері мен мәдениетін, тілін сақтап отырған қазақтың қасиетті өлкесі деуге болады.
Сол ұлттық болмысымызды сақтай отырып біздің ел кемел келешекке апаратын жаңа технологиялар мен жетістіктерді де жете меңгеруде. Сондықтан, біздің өңірдің символы екеу – Қорқыт ата мен «Байқоңыр» ғарыш айлағы, ал, мәні – «Сыр – Алаштың анасы» деген ұғымда.
Құрметті жерлестер! Бүгін менің Сіздердің алдарыңызда аймақ басшысы ретіндегі төртінші есептік кездесуім.
Ең алдымен, іс-әрекетіміздің айқын, жұмысымыздың ашық болуы үшін біз жыл сайын облыс әкімінің Іс-қимыл жоспарын бекітіп, оны БАҚ беттерінде жариялау дәстүрін енгіздік. Естеріңізде болса, былтыр да осындай есептік кездесу кезінде дәл солай жасағанбыз. Енді соның нәтижесін сараптайық.
Экономикалық күрделі кезеңді ескере отырып, 2016 жылға арнап қабылданған облыс әкімінің Іс-қимыл жоспары, бұдан 2 жыл бұрын қабылданған бағдарламалар секілді, негізінен дағдарысқа қарсы Іс-қимыл жоспары қызметін атқарды.
Жылдың негізгі басымдықтары жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері, бағаны ретсіз өсірмеу, экономиканы әртараптандыру мен инфрақұрылымды бюджеттік мүмкіндіктердің шектеулігіне байланысты мемлекеттік-жекелік серіктестік пен халықаралық қаржы ұйымдары арқылы дамыту мәселелері болды.
Жоспарға 207 іс-шара кірді. Өкінішке қарай, олардың арасынан 2 тармағы жан басына шаққанда инвестиция өсімін қамтамасыз ету (103 пайызға дейін) мен жалпы өңірлік өнімнің белгіленген деңгейін (98,3 пайыз) орындауға қол жеткізе алмадық. Оның объективті себептері бар, мен оған кейінірек тоқталамын.
Әйтсе де, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тек қана макрокөрсеткіштер бойынша емес, оның халықтың күнделікті тіршілігіне қалай әсер етіп жатқанымен бағалау түсінікті де дұрыс болары сөзсіз.
Бірінші кезекте, бұл – денсаулық сақтау мен білім беру саласының даму көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейі мен материалдық әл-ауқаты, қоғамдық-саяси қауіпсіздік пен өмір сүру ұзақтығы.
Мәселен, 2015 жылдың өзінде Қызылорда облысында табиғи өсім 1000 адамға шаққанда 20 промилле болса (1000 адамға шаққанда 20 адам), 2016 жылы бұл көрсеткіш 21,2 промиллеге жетті.
Демек, адамдар өзінің болашағына сенімді бола бастаған. Туу көрсеткіші өсіп, өлім көрсеткіші азайды.
Бұл көрсеткіштерге мен әлі кеңірек тоқталатын боламын.
Бүгін біз өткен жылы атқарған жұмыстарымыздың нәтижесін сараптаймыз. Ал, соңғы нәтижелер салыстырумен анықталады.
Мәселенің мәні неде? Осы айтып жатқандарымыздың күнделікті өмірдегі көрінісі бар ма? Оған, әрине, «бар» деп жауап береміз.
Бізге экономика мен өнеркәсіп өндірісінің өсімін әрі қарай қамтамасыз ету керек. Ал, әлемдік экономикадағы тұрақсыздық, кейбір мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың күрделенуі біздің еліміздің дамуына, сонымен бірге, біздің өңірдің экономикасына кері әсер етіп жатса, оған қалай қол жеткіземіз?
Нақтылап айтсақ, аймақ экономикасы тәуелді болып отырған, өнеркәсіп құрылымында 62 пайызға ие мұнай өндірісі жыл сайын кен орындарының сарқылуынан кеми түсуде.
Әрине, біз бұрын болжамаған қиындықтарға тап болудамыз, оның үстіне, кейбір нәтижелерге қол жеткізу біздің жасап жатқан жұмыстарымызға тікелей байланысты да бола бермейді.
Солай бола тұрса да, біз үшін осындай қиын кезеңде қол жеткізген әрбір, мейлі, болмашы жетістіктің өзі аса маңызды. Өйткені, оның артында сырт көзге байқала бермейтін ауқымды ұйымдастыру жұмыстары тұр.
Мен соңғы жылдары біздегі мұнай-газ саласындағы күрделі жағдайлар туралы ашық айтып келемін. Оның мәнін осы залда отырған мамандар жете сезінеді деп ойлаймын.
Дағдарыс пен әлемдік мұнай бағасының төмендеуі – республиканың өзге өңірлеріне қарағанда біздің өңірге айтарлықтай ерекше әсері болды.
Соңғы 2 жылда республика бойынша қысқарған мұнай өндірісінің 70 пайызы біздің облыстың үлесінде. Яғни, елімізде кем өндірілген 3 млн тонна мұнайдың 2,2 млн тоннасы бізге тиесілі.
Бұл, өз кезегінде, жер қойнауын пайдаланушыларды өздерінің инвестициялық бюджетін қысқартуға мәжбүрлеуде. Соның әсерінен аймақтың өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері де (физикалық көлем индексі – 90,2 пайыз), жиынды барлық құрылыс жұмыстары да (ФКИ – 60,5 пайыз), инвестиция көлемі де (ФКИ – 86,9 пайыз) азайып отыр. Осылайша, мұнай өндіру секторындағы қиындықтардың экономиканың барлық секторына тікелей немесе жанамалай зардабы тиді деген сөз.
Сонымен бірге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының, «Сексеуіл-Бейнеу» теміржолының, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының аймақтағы учаскелерінің құрылыстары өз мәресіне жетті.
Мүмкін, бізге осындай сілкініс қажет те болған шығар. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген тәмсіл бар емес пе?! Біз Мемлекет басшысының экономикамызды әртараптандыру, оны жылдам¬датып индустрияландыру қажеттігі туралы жылдар бойы айтқандарының өзектілігін осы орайда ғана нақты сезіндік деуге болады.
Уақыт сынағы аймақ экономикасының құрылымдарын қайта құруға байланысты кезінде қабылданған облыстың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы тұжырымдарының дұрыстығын тағы бір дәлелдеді.
Әрине, экономика құрылымдарын өзгерту бір жылда жүзеге асатын процесс емес екенін, аймағымыздың көмірсутегі шикізаты мен мұнай бағасына әлі де біраз уақыт тәуелді болатынын біз жақсы түсінеміз.
Сол себепті, біз қазір Энергетика министрлігімен бірлесіп көмірсутегі шикізатының жаңа кен орындарын барлау және іске қосу, «ҚазАтомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясымен уранды тереңдетіп өңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешумен айналысудамыз. Мұнсыз біз аймақтың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Өйткені, шикізат секторының рөлі (мұнай, уран) біздің аймақ үшін әлі де ұзақ уақыт үлкен маңызға ие болып қала береді. Бұл –бұлтартпас факт.
Соған қарамастан, біз жыл басында міндетімізге алған бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша оң динамикалық нәтижелерге қол жеткіздік. Ал, олар жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырушылық жұмыстарына тікелей байланысты.
Атап айтқанда, өткен жылы өңдеу секторындағы өсім 15 пайызды құрады. Егер, ұзақмерзімді динамикаға көз жүгіртсек, мәселен, 2012 жылмен салыстырғанда облыстың шикізаттық емес өндіріс секторындағы өнім көлемі 52 пайызға өсті, осы кезеңде республика бойынша ол бар болғаны 4-ақ пайыз болды.
Өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі 6 есеге дейін өсті (ҚР бойынша – 2,4 есе ғана), ал, өңдеу өнеркәсібінің жалпыөңірлік өнімі (ВРП) құрылымындағы үлесі осы жылдары 3,5 есеге өсті (2012 жылы 2,2 пайыздан 2016 жылғы 7,8 пайызға дейін).
Шикізаттық емес сектордың даму қарқыны бойынша біздің облыс республика аймақтарының арасында көшбасшылар қатарында. Өңдеу саласының озық қарқыны сонау 2014 жылдың қыркүйегінде басталған болатын.
Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 27 жобаның бүгінде 21-і өнім өндіруде. Бұл – жақсы көрсеткіш. Жаңа кәсіпорындарда бүгінгі күні мыңнан аса адам еңбек етуде.
Өкінішке қарай, жобаларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдар кезеңде барлық тәуекелді ескеру қиын. Сондықтан, Карта шеңберінде жүзеге асырылған 6 жоба бойынша оларды жоспарлы қуатына жеткізу үшін дербес жұмыс жүргізудеміз.
Мысалы, біз Жалағаштағы мия тамырын өңдеу жобасы бойынша инвесторды алмастырдық. Жаңа инвестор жаңа қондырғыларды алып келді. Біз зауытқа шикізатпен көмектестік. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтарында алғашқы 20 тонна өнімді экспортқа (ҚХР) жібердік.
Сонымен бірге, мемлекет пен бизнестің ауқымды қаржыларын текке жұмсамау үшін 2016 жылы біз жобаларға сұрыптау жүргізіп, индустрияландыру идеясына сәйкес келмейтін жобаларды Картадан алып тастадық. Енді сол Картада қалдырылған жобалардың сапасын арттыру күн тәртібінде тұр.
Сонымен қатар, шикізат секторына тәуелділікті азайту мақсатында біз бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған жаңа өндірістер құру бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында біздің алдымызға қойып отыр.
Мәселен, салынып жатқан шыны зауытына қазірдің өзінде қондырғылардың 90 пайыздан астамы жеткізілді. Ағымдағы жылдың қазан айында оны іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Ол өз кезегінде 300-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
«Баласауысқандық» ванадий кен орнында тәжірибелік-өндірістік зерттеулер аяқталды. 2016 жылы кәсіпорын метаванадат аммоний мен ванадий тотығын Тайвань мен Ресейге экспорттай бастады. Метаванадат аммонийдің сынама топтамасы АҚШ-қа да жіберілді. Енді басқа да елдер нарығына шығару жолдары қарастырылуда.
Мұнан бөлек, 2016 жылдың қарашасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс жөніндегі үкіметаралық комиссияда британиялық компания қара тақтатасты автоклавты өңдеу бойынша осы аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаның ІІ және ІІІ кезеңін 125 млн доллар көлемінде қаржыландыру туралы шешім қабылданды.
Кен орындарын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинаты мен газтурбиналық электрстанциясын салуды бастаймыз. Барлық мәселелері шешілді, бұл жобаны жүзеге асыру үшін Еуропалық Банк арқылы реконструкциялау және дамытуға несие алу мақұлданды.
Ферроқорытпа зауыты бойынша күрделі жұмыстар жалғасуда. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, инфрақұрылымдары тартылды.
Ел Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның тәжірибелік-сынамалық жұмыстарды аяқтауға байланысты шешімін күтіп отырмыз.
2016 жылдың 23 тамызында Варшава қаласында аталған жобаны жүзеге асыру бойынша поляк компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге, Польшаның Ұлттық банкі жобаға шамамен 300 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайын екенін растады.
2016 жылы біз екі бірдей цемент зауыттарының құрылысын бастадық: Жаңақорған ауданында құрылыс цементі өндірісі және Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірісі бойынша. Бұл екі жоба бойынша инвестицияның көлемі 74 млрд теңгені құрайды.
Оларды жүзеге асыру шамамен 400 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыттарды 2018 жылдың басында іске қосу жоспарланған.
Арал қаласында «Аралтұз» акционерлік қоғамымен қуаттылығы 300 тонналық кальцийлендірілген сода зауытының құрылыс жобасын жүзеге асыруға «Қазақстан Даму банкі» арқылы қаржыландыру мәселелері шешілді. Бұл еліміздің барлық қажеттіліктерінің 75 пайызын өтейтін республикадағы бірден-бір заманауи кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт болмақ.
Айтқандай, Индустрияландыру картасы аясында өндіріске испан цехының іске қосылуы нәтижесінде «Аралтұз» бүгінгі таңда өз өнімінің 60 пайызын шет елге экспорттауда. Соңғы екі жылдың өзінде зауыт Ресейдің ас тұзы нарығының 12 пайызын иеленді.
Ал, 2016 жылы кәсіпорын ас және техникалық тұз шығаратын екінші цехты іске қосты. Нәтижесінде, құрғақтылығы нөлдік ас тұзын өндіру көлемі жеті есе ұлғайды. Шығарылатын өнімдердің түрі көбейді және қосымша 200-ден астам жұмыс орны құрылуда.
Таяу күндері Қызылорда қаласының индустрияландыру аймағында үшоксидтік молибден өндірісі бойынша («Тримо» ЖШС) кәсіпорын жұмысын бастайды. Кәсіпорынның өнімдері атом энергетикасы мен авиациялық-ғарыштық техникада, микро және оптоэлектроникада пайдаланылады. Осы орайда, өнімдерді Жапонияға да экспорттауды реттестіруді жоспарлап отырмыз.
Облысқа инвесторлар тарту үшін, сонымен бірге, өзара пайдалы қарым-қатынасты дамыту бағытында біз жыл сайынғы Инвестициялық форумдарды өткізу тәжірибесін жалғастыратын боламыз. Оған қоса, 2016 жылы біз алғаш рет халықаралық интернет форумын өткіздік. Қазіргі заманда бұл уақытты үнемдейтін тиімді формат.
Тұрақты даму тенденциясы агроөнеркәсіп секторында да байқалады. 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында не¬гізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 еседен артық өсті.
Егер естеріңізде болса, 2015 жылы инвестицияның өсу қарқыны өте жоғары болды, 2014 жылдың деңгейінен 11 есеге асып түскен еді. Осыған қарап-ақ, 2016 жылдың ауқымын бағалауға болады.
Әрине, мұның бәрі өзінің жемісін беруде. Нәтижесінде біз бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығында өндірістің өсу қарқынын айқын көріп отырмыз. 2016 жылы ол 7,3 пайызға артты.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерейлі мерекесі қарсаңында Сыр күрішшілері ел тарихында күріштің әр гектарынан 56 центнер, ал, жекелеген шаруашылықтар 80 центнерге дейін өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бүгінгі таңда күріштің өнімділігі 1991 жылғы көрсеткіштерден төрттен бір бөліктен (27 пайыздан) астам жоғары.
Бұл жетістікті Мемлекет басшысы да жоғары бағалап, біздің диқандарымызға арнайы құттықтауын жолдады.
Сыр өңірінің осындай жетістікке жетуіне аянбай үлес қосқан Сыр күрішшілеріне шынайы алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.
Соңғы 3 жылда күріштің жалпы жиынтық өнімі үштен бір бөлікке көбейді (32 пайыз), бұған дақыл көлемін ұлғайтудан емес, қайта күріш сорттарының өнімділігін арттыру есебінен қол жетіп отыр.
Егістікті әртараптандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. 2016 жылы күріш егісінің көлемі 4 мың гектарға қысқартылса, оның есесіне бидай (3,7 мың гектарға), жоңышқа (780 гектарға), бақша (760 гектарға), картоп (570 гектарға), көкөніс (215 гектарға) алқаптары ұлғайтылды. Үстіміздегі жылы бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.
Біз облыс тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату нарығына кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізіп және оны аграрлық сектордың мүмкіндік әлеуеттерімен байланыстырдық. Облыста ауыл шаруашылығын дамытудың 2020 жылға дейінгі Агрокартасында негізгі міндет ретінде экспорттық әлеуетті арттыру айқындалып, өнімдерді тарату нарығын кеңейту арқылы Парсы шығанағы елдеріне (Иран, Біріккен Араб Әмірліктері), Орталық Азияға (Қытай) және Шығыс Еуропаға шығу көзделген.
Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасындағы (2021 жылға дейін) нарықта бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға сұранысты ынталандыру мақсатына толық сай келеді.
Алғашқы кезекте біз негізгі дақылымыз – күріш үшін жаңа нарықтарды игере бастадық. Қазір Қытайға 20 мың тонна күріш жөнелту бойынша келіссөздер жүргізілуде, Түркия мен Англияға күріш өткізу мәселелері қарастырылуда.
Эмбарго алынғаннан кейін бізге Иранның үлкен рыногына жол ашылды. Бұл мемлекет жыл сайын 5 млн тоннаға дейін күріш тұтынады, оның тең жартысын сырттан тасымалдайды. Осы нарықты игеру мақсатында 2016 жылы Иран елінде үлкен сұранысқа ие «Тором Хошеми» күріш сортын тәжірибелік негізде өсірдік, өнімділігі мен сапасы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.
Бұл нәтижелерді көрген Иран кәсіпкерлері бізден күріш сатып алатын болды, тіпті өндірісті қаржыландыруға әзір екендерін білдірді. Бұл жөнінде біз 1 ақпанда Мазендеран провинциясының басшылығымен болған кездесу барысында келісімге келдік.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жұмыстарына да үлкен мән беріп отырмыз.
Өткен жылы Шиелі ауданында қуаттылығы тәулігіне 400 литр шұбат өндіретін цех іске қосылды.
Қызылорда қаласында жартылай фабрикат ет өнімдерінің фа¬бр謬касы, ал, Сырдария ауданында жылына 250 тонна өнім шы¬ға¬ратын ет комбинаты бар 10 мың бас қозы өсіретін кешен салынды.
Бүгінгі таңда тұтынатын құс етінің барлық көлемін облыстан тыс жерден әкелетінімізді ескеріп, импортты ауыстыру мәсе¬лесіндегі жұмыстарды белсенді жүргізе бастадық.
Құс еті өндірісіндегі жобаларды жүзеге асырушыларды ынталандыра бастадық. Республикалық инвестициялық орталық қаржысы есебінен Сырдария ауданында үйрек пен қаз өсіретін құс фермасының жобасын несиелендірдік (қазірдің өзінде осы фермада 10 мың бастан астам құс өсірілуде).
Облыстың аграрлық секторы шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы бола түсуде. Сондай бірлескен жобалардың бірі – 2018 жылы Жаңақорған ауданында томат пастасын шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда.
Жаңақорған ауданында жылына 100 мың тонна кешенді ми¬нералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау жос¬парланып отыр. Ал, Арал ауданында түйе сүтін өңдеу зауыты са¬лынбақ. Қазір бұл жобалар шетелдік инвесторлармен бірге әзірлену үстінде.
Бақша дақылдары өнеркәсібі өндірісін қалпына келтірудеміз. Көп жылдардан кейін, алғаш рет 2016 жылы біздің қауындарымыз Ре¬сей мен Қырғызстанға экспорттала бастады. Биылғы жылы бақ¬ша дақылдарының көлемін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.
2016 жылы біз ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру бойынша жұмыстарды белсенді жүргіздік. Осы орайда, Мемлекет басшысы өзінің ағымдағы жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында 5 жыл көлемінде кооперативтерге біріктірілген 500 мыңнан астам отбасы шаруашылығы мен шағын фермерлікті құруға жағдай жасау жөнінде міндет қойды.
Өткен жылы облыста құрылған 133 ауыл шаруашылығы кооперативтері өзінің қатарына 700-ден астам шағын тауар өндіруші өндірісті біріктірді. Үстіміздегі жылы тағы 500 шағын тауар өндірушілерді кооперативтерге біріктіруді жоспарлаудамыз.
Бұл аграршылардың мемлекеттік субсидия алуға да, несиелік ресурстар алуға да мүмкіндігін жеңілдетеді.
Аталған мәселелер бойынша біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз жұмыс жүргізудеміз. Өткен жылы аймақтық «Қызылорда» инвестициялық орталығы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын жүзеге асыра бастады. 2016 жылдың өзінде 774 млн теңгеге 124 жоба жүзеге асырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл жерде айрықша басымдық жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану және олардың базасында ет пен сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту болып табылады.
Тағы бір ерекше атап өтер жайт, аймақтық инвестициялық ор¬та¬лық құрылғалы 2 жыл ішінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға ауы묬¬дық жерлердегі 184 жоба қаржыландырылды. Олардың ба¬сым көпшілігі (70 пайызы) – жұмысын алғашқы бастаған кәсіп¬кер¬¬лер. Нәтижесінде, ауылдық жерде 650 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Бұл – біз үшін өте маңызды, өйткені, бізде экономикалық белсенді тұрғындардың үштен бірі бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Ал, олардың үштен екісі ауылдық жерлерде тұрады.
2018 жылдың қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандырудың жаңа жүйесінің енгізілуі ерекше маңызға ие болғалы тұр. Жұмыс істеуші азаматтарға қатысты барлығы түсінікті болса (олардың жарна төлеуінің тұрақты көзі бар), ал, өзін-өзі қамтыған тұрғындар бұл істі өздері үшін жасаулары тиіс.
Тұрақты табысы жоқ адам салық органдарына кәсіпкер ретінде тіркелуге бармайтыны анық. Демек, ол жұмыссыздар қатарын толықтыруы мүмкін немесе жүйенің қосымша көмегімен қамтылмай қалады деген қауіп бар.
Біздің міндетіміз – осындай азаматтарды жұмыспен қамта¬масыз ету және табыс табуына жағдай туғызу.
Осыған байланысты, облыс әкімінің орынбасарлары Қ.Д.Ысқақовқа, Е.Г.Кимге, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Н.Өмірсерікұлына, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Алдажаровқа, аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне осы бағытта нақты шараларды қабылдауды тапсырамын.
Өзін-өзі қамтыған және жұмыссыз тұрғындарды шағын бизнес қатарына тарту биылғы жылы алдымызға қойып отырған негізгі міндеттердің бірі болмақ. Бұл міндетті Мемлекет басшысының өзі де біздің алдымызға қойып отыр. Өйткені, шағын бизнес әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономиканың тұрақталуына да жол ашады.
Сол себепті, 2016 жылы шағын несиелендіруге бағытталған қаржы көлемін 2015 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге (2,5 млрд теңге) арттырдық. Шағын және орта бизнесті қолдауға, оның ішінде агроөнеркәсіп саласына барлық көздердің есебінен 16 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артық.
Мемлекет пен бизнес бір-бірімен тығыз байланысты. Күрделі жағдайларда мемлекет бизнеске қол ұшын созса, бизнес те өз кезегінде мемлекетке көмектеседі.
Соның арқасында бүгінде біздің облысымызда өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына септігін тигізіп отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес құры¬лымдары жұмыс істесе, одан бөлек 33 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары бар. Бұл секторда аймақтың экономикалық белсенді тұрғындарының үштен бір бөлігін құрайтын 100 мыңға жуық адам еңбек етуде.
Жаңа жұмыс орындары артуының басым бөлігін осы шағын және орта бизнес құрылымдары қамтамасыз етіп отыр десем, менімен келісетін боларсыздар. Тиімді кәсіпкерлік жүйесі болмаса, экономиканың болашағы да жоқ, өйткені, орта тап – қоғам тұрақтылығының іргетасы.
Шағын және орта бизнес – өзінің икемділігінің арқасында тіпті дағдарыс кезінде де кез келген жағдайға бейімделіп, осылайша, елдегі жағдайды өзгерте алатын кәсіпкерлік қауымдастықтың бір бөлігі. Дәл осы себепті Мемлекет басшысы еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға айрықша көңіл бөлуде.
Сондықтан, біз биылғы жылы да кәсіпкерлікті дамытуға айрықша қолдау көрсететін боламыз.
Өткен жылғы жұмыстарымыздың негізгі бағыттарының бірі – суармалы жерлердің су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру болды. Мемлекет басшысының өзі алдағы бес жыл көлемінде елімізде ең кем дегенде 600 мың га суармалы жерді айналымға шығару, жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру міндетін қойып отыр.
Бұл туралы біз ҚР Премьер-министрінің 2016 жылғы шілде айында облысымызға сапары кезінде Қамбашта суармалы жердің су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру жөніндегі арнайы республикалық мәжілісте қараған болатынбыз.
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 60 мың га суармалы жер пайдаланылмайды. Бұл – өңірдегі ирригация мен дренаж инфрақұрылымының тозуы салдарынан айналымнан шыққан суармалы жердің төрттен бірі.
Біздің аймақ Сырдария өзенінің төменгі бөлігінде орналас¬қандықтан мәселе жоғары орналасқан көрші мемлекеттердің шешіміне толық тәуелді екенін ескерсек, ирригациялық және дренаждық жүйелерін жаңғырту стратегиялық маңыз алады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын «Ирригациялық және дренаждық жүйені» жетілдіру жобасының екінші фазасы шеңберінде Жалағаш ауданындағы 15 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалық аймақта іздестіру және жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге ирригациялық және дренаждық жүйені жетілдіру жөніндегі жобаның үшінші фазасына облысымыздан тағы да 144 мың га жерді қосу мәселесін көтерудеміз. Сондай-ақ, 29 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін Ислам даму банкімен жұмыс жүргізудеміз.
Шиелі ауданының Күміскеткен шатқалындағы сыйымдылығы 600 млн текше метр көлемінде су жиналатын жаңа су қоймасы құрылысының жобасын әзірлеуді қатар бастадық.
Бұл – өте маңызды жоба. Су қоймасы салынғаннан кейін Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының 110 мың гектар суармалы жерлерін қамтамасыз ететін болады. Енді оны қаржыландыру үшін белсенді жұмыс жасауымыз қажет.
Мемлекет басшысының бастамасы болып табылатын «САРАТС» бірегей жобасының бірінші кезеңінің іске қосылуы арқасында балық шаруашылығы даму үстінде.
Міне, екі жылдан бері Арал ауданындағы Қамбаш көлінің жаға¬лауында балықшылар слетін өткізіп келеміз. 2016 жылы өңірдің балық саласы өкілдері салтанатты шараны ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Осы жылдары аймақтың балық шаруашылығы қарқынды дамығаны бұған дәлел бола алады.
Тек соңғы төрт жылда ғана балық өндіру көлемі 65 пайызға өссе, оны өңдеу 2,5 есе, ал, балық өнімдерін экспорттау 3 есеге артты.
2016 жылдың қаңтар айында «Байқоңыр» ӘКК қатысуымен Арал ауданының Қарашалаң елді мекенінен жылына қуаттылығы 900 тонна болатын балықты сервистік-дайындау орталығы пайдалануға берілді. Ал, жақында біздің кәсіпкерлеріміздің бірі (Ерхатов Аманбай) ресейлік әріптестерімен бірігіп, Ульянов облысынан балық өңдейтін зауыт салып, ол бүгінде Ресей нарығында белсенді жұмыс жасауда.
Біз, әрине, «САРАТС» жобасының екінші кезеңіне үлкен үміт артамыз. Сондықтан, Үкіметпен бірлесіп осы фазаны тездетіп жүзеге асыруға жұмыс жасаудамыз.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында Шымкент қаласында қазақ-өзбек жұмыс тобының екінші мәжілісі өтуі тиіс, сонда өзбек жағынан Дүниежүзілік банк арқылы екінші фазаның жобасы мәселесін келісуге шешім қабылданады деп күтілуде.
Тұрғындардың әлеуметтік ахуалына айтарлықтай әсері бар маңызды фактордың бірі – баға. Бұл мәселені, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тобының бағасын ерекше бақылауда ұстап келеміз.
Нәтижесінде, ырыққа көнбейтін инфляцияға қарамастан, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы мен өсу қарқыны респуб¬ликаның өзге аймақтарына қарағанда төмен деңгейде сақталуда.
Айлық жалақының мерзімінде төлену мәселесі де айрықша бақылауда. Еңбекақыға қарыздың басым бөлігі «тікелей басқару» арқылы шегерілуде. 2016 жылы облыстағы 54 кәсіпорынның 900 млн теңгеден астам жалақыға қарызы өтелді (5600 жұмысшы).
Бұдан басқа, бірнеше жылдан бері біздің жұмыстарымыздың ең маңызды бағыттарының бірі жұмысшыларды жаппай босатуды алдын ала ескерту болып келеді. Барлық ірі кәсіпорындармен жасалған Меморандумдарда жұмыс орындарын сақтау жөнінде талап қойылуда.
Әрине, бірқатар кәсіпорындар экономикалық тығырыққа тап болуына байланысты жұмысшыларын қысқартуға мәжбүр. 2016 жылы қысқарғандар саны 503 адамға тең. Бірақ, бұл көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін еді.
Десек те, осы кезеңде экономика салаларында бір жылда 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, оның 10 мыңға жуығы – тұрақты жұмыс орындары.
Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейін тек қана ұстап тұрмай, оны 2016 жылдың басындағы 5 пайыздан 4,9 пайызға төмендетуге қол жетті.
Бұл көрсеткішті биыл да сақтаймыз деген ойдамыз. 2017 жылы 9500-ден кем емес тұрақты жұмыс орнын ашу міндетін алға қойып отырмыз.
«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында 2016 жылы жұ¬мыс орындарын сақтап қана қоймай, жаңадан жұмыс орын¬дବрын ашуға, әсіресе, құрылыс секторында, қол жеткіздік. Ел Пре¬зидентінің тапсырмасымен әзірленген «Нұрлы жол» бағ¬дар¬ламасы дағдарысқа қарсы тиімді құрал болып табылды. Со¬ның арқасында инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.
Тек тұрғын үй құрылысын қарқынды дамыту арқасында, басқа саладағыларды есепке алмағанда, құрылыс саласының өзінде ғана 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
2016 жылы қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – 2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға артық деген сөз.
Мемлекеттік қаржыландырудың есебінен ғана 2016 жылы 36 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 1864 отбасы жаңа тұрғын үйге қол жеткізді.
Өткен жылы Қызылорда қаласында барлығы 80 көпқабатты үй салынды. Ондағы 4000 пәтер 2015 жылдағыдан 2 есеге көп.
Мұндай тұрғын үй құрылысының серпілісі бұрын-соңды бізде болған емес!
Сондықтан Сыр құрылысшыларының күндіз-түні ыстық-суыққа қарамастан, атқарып жатқан орасан зор еңбектеріне арнайы алғысымызды білдірейік!
Биылғы жылы ауқымды жұмыстар жеке тұрғын үйлер құрылысына қажетті алаңдарды әзірлеуге де бет бұрып, өрістеуде. Бұл мақсатқа өткен жылы 17 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұдан басқа, көп жылдардан бері алғаш рет аудандарға да 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым¬ның құрылысын ауқымды түрде жүргізу тұрғын үй құрылысының жандануына әкеледі.
Мәселен, былтыр облыс орталығында 980 га аумақты алып жатқан «Бәйтерек» жаңа шағын ауданы ашылды. Онда 6600 жеке жер телімдерінде 36 мыңнан астам халық тұратын болады. Бұл дегеніміз – Жалағаш ауданының халқымен бірдей көрсеткіш. Яғни, толыққанды кішігірім қалашыққа айналады деген сөз!
Айтқандай, соңғы үш жылда облыс орталығында тиімді тұрғын үй бағдарламасының арқасында 11 шағын аудан бой көтерді.
Мұнан бөлек, «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының бойында 150 га жер телімінің жұмыс жоспары дайын тұр. Келесі кезеңде осы аумақтың инженерлік инфрақұрылымын жүргізуді бастаймыз. Бұл жұмыстар барысында тағы да қосымша 1200 жер телімін бөлуге мүмкіндік туады.
Осындай жұмыстар облыстың барлық аудан¬дарында да жүргізілуде. Мысалға, жаңа жыл басында Жосалы кентінде барлық 1400 өтініш иесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер телімдеріне ие болды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен көпқабатты апатты үйлер мәселесін де шешетін боламыз (38 үй, 503 пәтер). Былтыр апатты үйлерде тұрған 324 отбасына жаңа пәтер берілді. Осылайша, бүгінде біз апатты пәтерлердің 60 пайызға жуығының мәселесін шештік (қалғаны – 32 үй, 179 пәтер). 2017 жылы бюджет мүмкіндігіне қарай бұл жұмысты жалғастыратын боламыз.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық та¬қыры¬бын жалғастыра отырып, газдандыру мәселесіне тоқ¬талмасақ болмайды. Былтыр халықпен кез¬десу¬лерімде бұл тақырып жайында біраз айтылған. Бү¬гінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ. Жағдайды түсіндірейін.
Өздеріңізге белгілі, алдыңғы жылдары «Қаз¬Транс¬Газ» акционерлік қоғамымен бірлесе 25 млрд теңге көлеміндегі Қызылорда қаласын, 4 аудан орталығын газбен қамтамасыз ету, Байқоңыр қа¬ласына газ тарту жұмыстарын жүргіздік. Былтыр біз қалған 3 аудан орталығы мен Қызылорда қала¬сындағы кейбір газ тартылмаған аймақтарды газдандыруды мақсат етіп қойдық.
Жобаның жалпы құны 11,7 млрд теңгені құрайды.
Біз мәселені шешудің бірнеше мүмкіндіктерін қарастырдық: «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы қаржысы есебінен газдандыру және жобаны бюджет қаржысы есебінен жүзеге асыру.
Өкінішке қарай, елді мекендерді «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы арқылы газдандырудан бас тартуға тура келді. Өйткені, бұл инвестициялық жоба болғандықтан «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамына шығындарын қайтару үшін газ тарифін, яғни, 1000 м3 үшін 17000-нан 34000 теңгеге көтеру қажет болар еді. Бұл өз ретінде тұрғындарға да, бюджеттік және коммерциялық ұйымдарға да қосымша қаржылық қиындықтар тудыратын болды.
Сондықтан, жобаны бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, осы мақсатқа қаражатты республикалық бюджеттен тартуды жөн деп шештік. Енді, Құрметті Қанат Алдабергенұлы, Энергетика министрлігінің қолдауын күтудеміз.
Сонымен бірге, өзіміздегі ақпаратқа сәйкес, Энергетика министрлігі 2017 жылдың соңына қарай «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысын бастауды қарастыруда. «Қараөзек» елді мекенінің жанындағы «Бейнеу-Бозой Шымкент» магистральді газ құбырынан жалғасатын газ Қара¬ғанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыс¬тарын және Астана қаласын газбен қамтуға тартылуы тиіс.
Бұл – біздер үшін аса көлемді инвестиция, құрылыс жұмыстары, демек, жаңа жұмыс орындары мен жергілікті бюджетке түсер қосымша салық көздері деген сөз.
Енді әлеуметтік жағдай туралы.
Төртінші жыл қатарынан білім сапасын көтеруге жүргізіліп жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде (егер естеріңізде болса, оны жиырма жеті мектеп директорларын жұмыстан босатудан бастауға мәжбүр болғандарымызды білесіздер).
Нәтиже – бұл, ҰБТ-ның орташа көрсеткішінің жыл сайынғы өсуі. 2016 жылы облыс бойынша орташа балл (82,7) республикалық орташа балдан да (81,2) жоғары көрсеткіш көрсетті.
143 түлек «Алтын белгі» алды, бұл да өткен жылғыдан жоғары (2015 жылы – 139 түлек).
Соңғы үш жылда біз мақсатты түрде мектеп бітірушілерімізді Ресейдің және отандық үздік ЖОО-ға, колледждерге оқуға жібердік.
Бүгінде 400-ге жуық түлегіміз, соның ішінде 2016 жылдың 110 түлегі Ресей Федерациясының гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алуда.
Сондай-ақ, 2016 жылы облыс әкімі гранты есебінен оқитын әлеуметтік жағдайы әлсіз, аз қамтамасыз етілген негізінен ауылдық отбасы балаларын 350-ден 500 адамға дейін көбейттік. Биылғы жылы да осы балаларды оқытуға облыс әкімінің грантын бөлуді жалғастыратын боламыз.
«Серпін» бағдарламасы бойынша грантқа қол жеткізуде облыстың балалары жыл сайын республикадағы үздік нәтижелердің бірін көрсетіп келеді. Осылайша, бүгінгі таңда ағымдағы жылғы мектеп бітіруші түлектердің 95 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсті !
Оның тең жартысынан астамы жоғары оқу орындарында гранттық негізде білім алуда. Бұл – өте жақсы жетістік!
Елбасы тапсырмасы бойынша 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім жобасы іске асатын болады.
Осыған орай, нарық сұранысын ескере отырып, мамандарды тегін дайындауға кем дегенде 1500 мектеп бітірушіні, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қатарынан 1300 адамды тартатын боламыз.
Бұған қоса, облысымызда құрылатын жаңа өндірістер есебінен экономиканың перспективалы секторлары үшін кадрлар дайындауға басымдық берілетін болады.
Білім саласында үш ауысымдық мектептердің мәселесі шешімін тапты. Сондықтан да 2016 жылы облыс әкімінің Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жос¬парының басым бағыттарының бірі ретінде (экономикалық күрделі ахуалға қарамастан) біз апаттық жағдайдағы мектептер мәселесін шешуді айқындадық.
Сіздер білесіздер, 2013 жылдың 1 қаңтарында апаттық жағдайдағы мектептер саны 37 болатын. Ал, 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен соңғы 12 апаттық жағдайдағы мектептер құрылысын бастадық. Осы жылдың 25 мамырында біз оларды, бұйырса, бір күнде салтанатты түрде іске қосамыз.
Облыста мүмкіндігі шектеулі 6000-ға жуық бүлдіршін бар. Оның 2000-нан астамы Қызылорда қаласында тұрады.
Осы балаларды оңалту және әлеуметтендіру мақсатында Қызылорда қаласындағы №278 орта мектеп базасында «Психологиялық-педагогикалық түзету орталығы» ашылды. Бұл дамуында ауытқуы бар балаларды сауықтыру көмегімен қамтуды ұлғайтуға, оған кезектілікті төмендетуге, қызмет көрсетудің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Өздеріңіз білетіндей, біз 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді 100 пайызға орындадық. Мұнда мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытудың үлесі бар. Бүгінгі күні балабақшалардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жұмыс жасайды. Егер соңғы он жылда мемлекет 37 балабақша салса, соңғы үш жылда жеке сектор 380-нен астам балабақша салды. Айтқандай, Қызылорда облысының білім саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестіктің оң тәжірибелерін Мемлекет басшысы биылғы өз Жолдауында атап өтті.
Біз 3 жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен қамту жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз (бұл санатта балаларды қамту облыста 5,5 пайыз, ал, республикада 16 пайызды құрайды).
Мемлекет басшысы 31 қаңтардағы Жолдауында «Білім беру жаңа экономикалық өсу моделінің орта¬лық буыны болуы тиіс» деп тапсырма берген болатын. Демек, осы мақсатта жұмыс жүргізетін боламыз.
Біз "Ел болам десең, бесігіңді түзе” деген ұлы Мұхтар Әуезовтің даналық сөзін бағдар етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселені де нବзар¬¬дан тыс қалдырған жоқпыз (оларды ұлт¬тық құндылықтарымыз бен адамгершілік қа¬сиет¬¬¬терге баулу, қазақстандық патриотизмге тәрбие¬леу мақсатында 2016 жылы 3 394 түрлі фор-маттағы көпшілік-мәдени шаралар, кездесулер, конференциялар мен семинарлар, дөңгелек үстел отырыстары өткізілді).
Тәрбиесіз берілген жалаң білім, ұлы Абай айтқандай, "кемел адамды” қалыптастыра алмайды.
Өкінішке қарай, біз өтпелі кезеңде, өскелең ұрпаққа тәрбие беру жұмысын жаңарту, оны заман талабына лайықтап, мемлекет пен қоғам мүддесімен ұштастыруды назардан мүлде тыс қалдырдық.
Міне, сол себепті де, өткен жылғы тамыз кеңесінде біз жұмысымыздың басты бағытының бірі ретінде тәрбие беру мәселесін алға қойдық.
Дәл осы ұлт тәрбиесі мәселесінде қазақтың халықтық қасиетінің қаймағы бұзылмаған біздің Сыр елінің республикаға көрсетер озық үлгісі мол болуы керек деп санаймын.
Біз әдетте, "Сыр – алаштың анасы” деген сөзді мақтанышпен айтамыз, көрнекті жерге жазып та қойдық. Осы бір ұлы сөздің астарында Сыр тек қазақтың өсіп-өнген құт мекені ғана емес, ұлттың рухани уызға жарып, мәдени марқаюының да қайнар бұлағы болғанын көрсететін терең мағына жатыр.
Осы орайда, ұлы дарияның жағасында тұнып жатқан тарихи жәдігерлер, Қорқыт атадан басталатын даналар мен данышпандар ғибраты, Сыр сүлейлері мен ақын-жыраулар мұрасы, ортамызда жүрген көкірегі күмбірлеген қариялар мен өнегелі ұрпақ өрбіткен алтын алқалы аналар, тіпті, еңбек пен адамгершілікті жанына серік еткен қарапайым шаруа адамдары – барлығы тұнып тұрған тәрбиенің тұма бұлағы емес пе?! "Мәңгілік Елдің” рухани мәңгілігі де осы халық мұрасынан нәр алуы тиіс.
Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды "Мәңгілік Ел” ететін – талапты да тәрбиелі, сезімі сергек, көкірегі ояу, жүрегі Отаным деп соғатын жаңа буын.
Осы мақсатта NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Облыс орталығындағы ірі сауда орындарында («Асбол», «Сыбаға», «Сығанақ» базарлары) жыл он екі ай жұмыс жасайтын жастарға кеңес беру кабинеттерін ашу мүмкіндігі қарастырылуда.
Маргинал және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың Қызылорда қаласындағы спорттық алаңдар мен нысандарда спортпен шұғылдануына жағдай жасау жұмыстары ұйымдастырылуда.
Біздің бұл ұстанымымызды және тиісті ұсыныстарымызды Білім және ғылым, Дін істері және азаматтық қоғам, Ақпарат және коммуникация, Мәдениет және спорт министрліктері де, «Нұр Отан» партиясы да қолдайды деген сенімдеміз.
Осы мақсаттағы жұмыстарды күнделікті өміріміздің өзегі ретінде әрі қарай да жалғастыра беретін боламыз.
2016 жылы денсаулық сақтау саласы бойынша облыс орталығында 200 орындық көпсалалы бала¬лар ауруханасы және Қызылорда қаласының, Арал, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудан¬дарының елді мекендерінде 11 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді.
Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде 150 орындық орталық аудандық аурухананың құры¬лысына кірісіп, Жаңақорған ауданы орталығындағы 250 келушіге арналған емхана құрылыстарын жалғастырудамыз. Бұл нысандар биыл пайдалануға берілетін болады.
Осылайша, денсаулық саласындағы жаңа нысан¬дарды беруді кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз.
Биылғы жылғы негізгі басымдықтың бірі – денсаулық саласының апаттық жағдайда тұрған нысандарының мәселесін шешу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
Биыл апаттық жағдайдағы аурухананың орнына 150 орындық жаңа Арал орталық ауруханасының құрылысын бастаймыз. Бұдан соң, Шиелі аудандық орталық ауруханасының да құрылысын жоспарлап отырмыз.
2016 жылдың қаңтарында облыстық онколо¬гиялық орталығында онкопатологиямен ауыратын сырқаттарға паллиативті көмек көрсету мақсатында алғаш рет хоспис бөлімі ашылды. Бұрындары осындай ауруға шалдыққан науқастар өз қасіретімен, проблемасымен оңаша қалса, бүгінгі медицина науқастарды тіршілікке қайта бейімдеу үшін барлық көмегін жасауда.
Алғашқы белгілерін анықтау және онконау¬қастарға көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында онкологиялық аурудың бастапқы кезеңіне арналған мамандандырылған 32 кабинет ашылды. Нәтижесінде, профилактикалық кабинеттер 46 пайыздан 88 пайызға, кадрлармен қамтамасыз ету 37 пайыздан 80 пайызға дейін артты. Аудандарда осы категорияға жататын аурулардың наркотикалық анальгетиктерге қолжетімділігі мәселесі шешілді.
Облыстық медициналық орталықта жо¬ғары білікті медициналық көмек көрсететін офталь¬мохирургиялық орталық ашылды.
Бұл – өте маңызды, өйткені, жыл сайын 600-ге жуық азаматтарымыз Орынбор немесе еліміздің ірі қалаларына барып, тәжірибелі офтальмологтарға ота жасатуға мәжбүр болып жүр.
Сондықтан жоғары диагностикалық құрыл¬ғыларды алдық, бұл науқастардың сырт жаққа сабылуына тоқтам салып, ота жасауды 2 есеге ұлғайттық. Бүгінде біз осы орталықтың жұмысы туралы жақсы пікірлер естудеміз.
2016 жылы біздің облысымызда республикада алғашқы болып ауыр патологиясы бар әйелдер үшін босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды. Дәрігерлердің айтуынша, босанғаннан кейінгі оңалту аналар мен сәбилердің денсаулығын нығайтуда тиімді жолдардың бірі болып саналады.
Жоғары мамандандырылған медициналық кө¬мек ауқымын кеңейту үшін де республикалық бюд¬жет¬¬¬тен қосымша 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы тар¬ты¬лып, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20 па¬йызға, нейрохирургиялық операциялар саны 27 пବйызға, буындарды эндопротездеу саны 2 есеге өсті.
Егер тұрғындарымыз бұрын осындай көмек үшін облыстан тысқары баруына тура келсе, енді қазір біз ауруларды Алматы, Астана қалаларындағы дәрігерлерге «асырмай-ақ» өз күшімізбен шешетін болдық.
2016 жылы қан айналымы жүйесі ауруларын асқындырмай алдын алу мақсатында жүрек пен ми қан тамырларына шамамен 2000 ота жасалды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық.
Өткен жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қармақшы, Қазалы аудандарының және Байқоңыр қаласының тұр¬ғындарына арналып үшінші ауданаралық нейроинсульттік орталық ашылды.
Сондай-ақ, Қазалы орталық ауруханасында инсульт ауруларды оңалтуды жалғастыру бөлімшесі мен №3 қалалық емхана жанынан нейрооңалту орталығы іске қосылды.
Денсаулық сақтау жүйесінде қабылданған шара¬лар нәтижесінде туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 10 пайызға, туберкулезден өлім-жітім 17 пайызға төмендеген.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім көр¬сеткіші 21 пайызға, қатерлі ісіктен 8 пайызға азайды.
Тұрақты төмендеу үрдісі нәрестелер өлім-жітімінде байқалады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 10,5 пайызға жақсарды.
1 ана өлімі тіркелді (2015 жылы мұндай қайғылы оқиға – 9). Алайда, мұндай жағдайлар мүлде орын алмауы тиіс! Біз соған қол жеткізуіміз керек.
Денсаулық сақтау саласы біздің жұмысымыздағы ең басым бағыттардың бірі болды және солай болып қала береді. 2016 жылы аталған сала бюджеті 9,5 млрд теңгеге артып және оның бюджеттік көлемі білім беру саласынан ғана төмендеу болды.
Өткен жылы Рио-де-Жанейродағы ХХХІ олим¬пиадалық ойындар спорттағы ең басты байрақты бәсеке болды.
Облыс атынан олимпиада ойындарында 3 спорт¬шы бақ сынады. Өкінішке қарай, белгілі себептерге байланысты оған біздің Илья Ильин қатыса алмады, бірақ, біздің облысымыз Қазақстан құрамасының жал¬пы медальдар қоржынына дәстүрлі үлесін қосты.
Өздеріңіз білетіндей, зілтемірші Александр Зай¬чиков ауыр атлетикадан қола жүлдегер атан¬са, Ғалымжан Өсербаев еркін күрестен жоғары 5-орынды еншіледі. Таэквондошы Айнұр Есбер¬ге¬нова да әлемдік аламаннан үлкен тәжірибе жинап қайтты.
Спортшыларды қолдап, олардың олимпиада ойын¬¬дарына алаңсыз дайындалуына біз жыл са¬йын жергілікті бюджеттен қаражат қарастырып оты¬ра-мыз.
Ондаған жылдар бойы қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешуде аймақтың айтарлықтай артта қалуын еңсеруді, бұл салада проблемалар жеткілікті екенін ескеріп, біз төрт жыл қатарынан жан басына шаққандағы (2016 жылы – 176,9 мың теңге 1 адамға, ҚР – 135,4 мың теңге 1 адамға) әлеуметтік бюджет шы¬ғыстарының жоғары көлемін қамтамасыз етіп отырмыз. Осы көрсеткіш бойынша біз республикада 1-орындамыз.
2016 жылы облыс бюджеті алғашқы кезекте барлық әлеуметтік міндеттемелерді іске асыруға бағытталғанына қарамастан, облыс дамуына 62 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты жұмсалды.
Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 19 миллиард теңгеге артық. Өткен жылы салынған әлеуметтік нысандардың өзі 50-ге жуық, оның 25-і 2016 жылы пайдалануға берілді, 23-нің құрылысын осы жылы аяқтаймыз. Одан бөлек, тағы 25 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі.
Айта кетейік, 2016 жылы біз бірнеше жылдан бері құрылысы бітпей келе жатқан 34 «сақалды құрылыстың» соңғысын – Талсуат ауылындағы 300 орынға лайықталған психоневрологиялық интернат үйін пайдалануға бердік.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бюджет мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін ескеріп, біз халықаралық қаржы институттары мен мемлекеттік-жеке әріптестік негізіндегі резервтерді пайдаланудамыз.
Бүгінгі таңда жалпы құны 400 млрд теңгеден аса¬тын осындай 30 жобамен жұмыс жасап жатырмыз.
«Еуропа қайта құру және даму банкінің» бағалауынша, Қызылорда облысы аталған ұйыммен жұмыс жасау белсенділігі бойынша республика аймақтары арасында көшбасшы саналады. Бүгінде осы банкпен жалпы сомасы 220 млрд теңгені құрайтын 8 жобамыз бар.
Оның ішінде жолаушылар тасымалы жүйесін жаңарту, облыс орталығының коммуналдық инфрақұрылымын (жылумен, сумен, электрмен қамту) автоматтандыру және кеңейтуге бағытталған 4 жобаны іске асыру басталып кетті. Алғашқы нәтижелері де көз қуантады.
Қаладағы жолаушылар тасымалы күйінің осыдан бірнеше жыл бұрын ғана қандай жағдайда болғаны естеріңізде болар. Көшелерден аузы-мұрнына дейін адам тиелген «Газельдерді», шағын сыйымдылықтағы микроавтобустарды ғана көретін едік. Апатқа ұшыраған адам құрбандары қаншама?!
Ал, бүгін Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге автобус паркін құру жобасын іске асыру нәтижесінде қалада мүгедектерге арналған аппарельдермен, GPS-навигаторлармен және бейнекамералармен жабдықталған, табиғи газбен жүретін 112 жаңа заманауи автобустар қатынауда. Ал, наурыз айында жаңа заманауи үлгідегі қалалық автобус паркін толыққанды іске қосамыз.
2016 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыруға байланысты аталған банкпен келісімге қол қойылды, жобаны қаржыландыру мамыр айында басталады.
Қызылорда қаласының сол жағалауын игеру жұмыстары да жалғастырылуда. Бүгіннің өзінде облыс орталығындағы халық саны 300 мыңға жетті. Таяу болашақта урбанизация деңгейін, демо¬графиялық және көші-қон факторларын ескеретін болсақ, алдағы кезеңде қала халқы 350 -380 мың адамға дейін жетеді деген болжам бар. Тұрғын үй құрылысын дамытуға қосымша аумақ қажет етіледі.
Қаланың солтүстік бөлігі жеке тұрғын үй құрылысын салуға, оңтүстік бөлігі толығымен өнер¬кәсіптік алаңдар салуға берілген, ал, батыс бөлігінде индустриалды аймақ орналасқандықтан, қаланың оңтүстік-батыс бөлігін (сол жағалау) игеру туралы шешім қабылданды.
Өткен жылы сол жағалауға көпір салу құрылысы аяқталды, инженерлік инфрақұрылымын дамыту жобалары дайын және мем¬ле¬кеттік сараптамамен мақұлданған. Қазір оны қолданыстағы мемлекеттік бағдар¬ламалармен, халықаралық қаржы ұйым¬дарымен және мемлекеттік-жеке әріптестік аясында іске асыру мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз.
Енді, Байқоңырға қатысты айтар болсақ.
Өкінішке қарай, соңғы жылдары Байқоңыр қаласы¬ның бюджеті тек ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталуда.
Қаланы дамытуға қатысты іс-шараларды қаржыландыру тіпті қарастырылмаған.
Сондықтан, Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермес үшін біз:
- Байқоңыр қаласын және оған іргелес жатқан Төретам мен Ақай елді мекендерін дамытудың «Жол картасын» және аумағында ғарыш айлағы орналасқан Қар-мақшы ауданын дамытудың «Жол картасын» іске асырудамыз. Байқоңыр қаласындағы жұмыстан қыс¬қарған адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудеміз.
- өздеріңіз білетіндей, қазақ тілінде оқытатын 6 мектепті қазақстандық білім беру стандарттарына көшірдік;
- медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін қаладағы тоқтап тұрған жаңадан салынған перзентхана негізінде облыстық медицина орталығының филиалы ашылып, өткен жылдың тамыз айында өзінің алғашқы емделушілерін қабылдады. Орталық филиалы тек байқоңырлықтар үшін ғана емес, сонымен қатар Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының тұрғындарына да сапалы медициналық көмек көрсетеді. Аталған мәселені шешу аттай 6 жылға созылған!
- қалада негізгі тамақ өнімдерінің бағалары және коммуналдық қызмет тарифтері жоғары болғандықтан, біз бірінші қажеттіліктегі өнімдерді төмендетілген бағамен сатуға шығарып, тұрақты түрде жәрмеңке өткізіп келеміз. Ал, 2016 жылы қалаға газ кіргіздік.
Өкінішке қарай, Ресей Федерациясының юрисдиꬬ¬циясы жағдайында Қазақстанның барлық елді мекен¬дерінің дамуына септігін тигізіп отырған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін қаланы дамытуға пайдалана алмаймыз. Біздің барлық іс-қимылымыз үкіметаралық келісімдерде регламенттелген.
Сондықтан, 8 шілде күні Мәскеу қаласында өткен Байқоңыр қаласының Ресей Федерациясы тарапынан жалға алыну жағдайларында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдауға және дамытуға қазақстандық тараптың қатысу мүмкіндігі туралы «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысының шешімі біз үшін маңызды болды.
Бұл мәселені біз бірнеше рет көтергенбіз. Қазір Қазақстан Республикасы бюджеті есебінен Байқоңыр қаласын дамытуды қаржыландыру негіздері мен тәртібі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Үкіметаралық комиссия мәжілісінде Байқоңыр қаласында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Байқоңыр» кешеніндегі 14 нысанды Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру мәселесі оң шешімін тапқан болатын.
Мұнан бөлек, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жалға алынған аумақтан 11,6 мың гектар жерді қазақстандық тарапқа беру туралы шешім қабылданған.
Ғарыш айлағының келешегі кемел! Оның базасында тек аэроғарыштық емес, қорғаныс өндірісін, шағын және орта бизнесті, ғарыштық туризмді дамыту мүм-кіндігі бар.
Бүгінде біз осы сауалды Үкімет алдында қойып отырмыз. Өзімізде бар артықшылықтарымызды пайдалануымыз қажет, «Байқоңыр» кешенін дамытудың «екінші тынысын» ашуға мән беру керек. Сондықтан өткен жетіде Мәскеу қаласында Үкіметаралық кездесу өткізіліп, соның қортындысымен аталған мәселелерді шешу үшін арнайы Үкіметаралық комиссия мәжілісін сәуір айында Қызылорда қаласында өткізу туралы келісімге келдік.
Қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыс та маңызды басымдық болып қала береді. Жалпы алғанда, облыста криминогендік жағдай тұрақты деп бағаланады. Облыста өткен жылы тіркелген қылмыс саны 20 пайызға төмендеген, бұл – еліміз бойынша өте жақсы көрсеткіш.
Қылмыстың азаюын барлық бағыт бойынша байқауға болады. Мәселен, ауыр қылмыс – 10 пайыз, ұрлық – 12 пайыз, бұзақылық – 46 пайыз, алаяқтық – 30 пайыз, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс – 21 пайызға төмендеп отыр.
Әрине, ішкі істер органы құрылымдарының жұмыс сапасын арттыру үшін оларды материалдық-техникалық жабдықтау қажет екені белгілі. Сондықтан, ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жабдықтауға айрықша көңіл бөлініп келеді.
Өткен жылы осы мақсатқа облыстық бюджеттен 800 млн теңгеден астам қаражат қаралды.
Құрметті жерлестер!
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 25 қаңтарда Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі арнайы Үндеуін жариялады.
Бұл жерде Президент институты қазақстандық мем¬лекеттіліктің жүйе құраушы өзегі болып саналатынын және солай болып қала беретінін түсіну аса маңызды. Президент қарауында Конституция кепілдігінің негізгі фукнциялары мен тұрақтылығы, билік тармақтарының арасындағы жоғары төрелік, сыртқы және ішкі саясат¬тың стратегиясын айқындау, еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету мәселелері қалады.
Бүгінгі реформа өзінің маңыздылығы жағынан 1995 жылы қабылданған Конституциямен пара-пар, ол біздің еліміздің дамуын алдағы көп жылдарға айқындап береді.
25 жылдың ішінде қазіргі заманғы және халықаралық қауымдастық мойындаған экономикасы бәсекеге қабілетті мемлекет құрылды. Дегенмен, ХХІ ғасырда мемлекеттік басқарудың ілкімді моделінің уақыты келді. Мемлекет басшысы жаһандық өзгерістерді сезіне отырып, құқықтық және басқару жүйесінде аса маңызды шешім қабылдады. Мемлекеттік басқару тармақтарында өте айқын тепе-теңдік үрдістері басталды.
Реформа Үкіметтің және атқарушы органдардың бүкіл жүйесінің жауапкершілігін кеңейтіп, олардың Парламент пен мәслихат алдындағы есептілігін қамтамасыз етуді күшейтеді.
Парламенттің атқарушы билікке қатысты рөлі қайта қаралады. Үкімет өз қызметінде Президент, Парламент алдында жауапкершілікті болады.
Премьер-Министр Мәжіліспен кеңескеннен кейін Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізетін болады. Үкімет жаңадан сайланған Мәжіліс алдында өкілеттілігін тоқтатады.
Парламент депутаттарының ұсынысы бойынша Үкімет мүшелерін лауазымнан босату мәселелесі қаралады.
Барлық ұсынылған реформа – еліміздің саяси жүйесін демократияландыру мен конституциялық құрылымын нығайту жолындағы үлкен, маңызды қадам болып саналады.
Ұсынылатын өзгерістерді Мемлекет басшысы халық талқылауына шығарды, ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір қазақстандыққа өз пікірімен бөлісіп, заманауи мәселелерді шешуге өз жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді.
Қазір әрбір елді мекенде, ауыл мен ұжымдарда өзгерістер жобасын талқылау ұйымдастырылуда.
Елбасы ұсынған реформаны халық жаһандық саяси процестерді жылдамдату, технологиялық және әлеуметтік жаңғыртудың өсуіне қатысты әлемдік қауымдастыққа берген жауап деп түсіну қажет.
Ал, стратегиялық қадамның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру болып табылады.
Қадірлі әлеумет!
Еліміз қазір күрделі кезеңді бастан кешіріп отыр. Біздің ортақ міндетіміз – жағдайды ушықтырмау, керісінше, жұдырықтай жұмылып, туындаған мәселелерді бірлесе шешу.
90-жылдардың басын еске түсіріңіздерші, сол қиын-қыстау тұста халық жалақы да ала алмады, алса да, ол азық-түлік, тауар түрінде берілді. Зейнетақы бірнеше айға кешіктірілді, бала күтіміне бөлінетін жәрдемақының өзі жарты жылға кешігіп, тіпті берілмеген кездері де болды.
Құрал-жабдық сатып алу, жөндеу жұмыстарын жүр¬гізіп, құрылыс салу туралы, тіпті, қиялдай да алмайтынбыз.
Электр қуаты жиі өшті. Мамандардың көбісі (тіпті, жоғары білімі барлар да) базарға шығып, не болса соны сатты.
Себебі – жұмыс жоқ. Инфляция 3000 пайызға дейін жетті.
Біз сол қиын сәттердің өзінен суырылып шықтық.
Қазір жағдай мүлде басқаша!
Біз ағымдағы экономикалық жағдайдың уақытша нашарлауын пайдаланып, адамдар арасында дүрбелең туғызып, елімізді тұрақсыздандыруға мүдделі сыртқы күш¬тердің бар екенін ешбір естен шығармауымыз қажет.
Бірақ, қазақ халқы ертеден даналығымен, тәуба¬шылдығымен, береке-бірлігімен, сабырлылы¬ғымен, төзімділігімен ерекшеленді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та белесті жылдар бедерінде азаматтардың конституциялық құқық¬тарының кепілі болып келеді. Оның басшылығымен республика бірнеше дағдарысты бастан өткерді.
Қазіргі кезең Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы кезекті бір айналым ғана секілді.
Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде және дер уақытында орындалып жатыр. 2016 жылдың желтоқсан айында біз 2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті қабылдадық.
Әлеуметтік жағдайға бағытталған бюджет сақтал¬ға¬нымен, біз дами береміз. Яғни, қандай жағдайда болсын өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуі жалғаса бермек.
2017 жыл қорытындысында жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2016 жыл деңгейінен де жоғары қалыптасады деген ойдамыз. (2016 жылғы болжам 1,1 трлн теңге болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 1,2 трлн теңге деңгейінде болмақ).
Дамудың негізгі бағыттары Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттердің есебінен анықталмақ.
Осы міндеттерден туындайтын облыс әкімінің 2017 жылға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Бұл құжат жақында БАҚ-та жарияланады.
Өткен үш жылда біз дағдарысқа қарсы жоспарларды қабылдасақ, 2017 жылғы біздің мақсатымыз – дағдарыс кезіндегі қиыншылықтарды жеңе отырып, дағдарыстан кейінгі даму үшін қажетті әлеуметтік - экономикалық алғышарттарды құру. Уақыты келді деп ойлаймын. Дегенмен, үстіміздегі жылы мұнай өндіру көлемі тағы да 700 мың тоннаға қысқарады деп болжанып отырғандықтан, жұмыспен қамту және экономиканы әртараптандыру мәселелері өзекті болып қала бермек.
Алда тұрған жыл оңай болады деп ойламаймын. Әрине, өмірде ештеңе де оңайшылықпен жасалмайды. Оны оңайлату жұдырықтай жұмылып, баршамыз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана қолымыздан келеді. Оған біздің тәжірибеміз жеткілікті. Біз қай бағытпен жүруді, неге, қалай қол жеткізуді нақты білеміз. Сондықтан алдағы сынаққа төтеп беретіндігімізге кәміл сенімдімін.
Алда бізді көптеген жаңа жетістіктер күтіп тұр, соған бәріміз бірге қол жеткізейік!.
Құрметті жерлестер, әріптестер!
Облыстың 2016 жылы атқарылған жұмыстарының егжей-тегжейлі толық есебі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Бүгінгі сөзімде осы жұмыстардың маңызды жақтарына баса назар аударуға тырыстым деп ойлаймын. Жаңа жылдың негізгі міндеттеріне де тоқталдық.
Еркін пікірлесуге де қажетті уақыт қалсын деген оймен баяндамамды мүмкіндігінше қысқарттым. Қалған мәселелер Сіздерді қызықтырған сұрақтар мен оған берілер жауап арқылы толыға түседі деген ойдамын.