Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бүгінгі халықпен есепті кездесуінде хабарлады.
– Шикізат секторына тәуелділікті азайту мақсатында біз бәсекелестікке қабілетті, экспортқа бағытталған жаңа өндірістер құру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында біздің алдымызға қойып отыр, – облыс әкімі өз сөзінде.
Мәселен, салынып жатқан шыны зауытына ендігі қондырғылардың 90 пайызы жеткізілді. Ағымдағы жылдың қазан айында оны іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыспен қамтылатын болады.
«Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнында тәжіріибелік-өндірістік зерттеулер аяқталды. 2016 жылы кәсіпорын метаванадат аммоний мен ванадий тотығын Тайвань мен Ресейге экспортқа шығара бастады. Метанаванадат аммонидің тәжірибелі партиясы АҚШ-на жөнелтілді. Басқа да елдер нарығына шығару жолдары қарастырылуда.
Мұнан бөлек, 2016 жылдың қарашасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс жөніндегі үкіметаралық комиссияда британиялық компания қара сланцыны автоклавты өңдеу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруға келісімге қол қойды. Жобаның ІІ және ІІІ кезеңін 125 млн доллар көлемінде қаржыландыру туралы шешім қабылданды.