Қызылорда облысында өңдеу өнекәсібі серпінді дамуда

Қызылорда облысында өңдеу өнекәсібі серпінді дамудаАймақта жергілікті шикізатты өңдейтін, өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын бірқатар кәсіпорындар салынуда. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпандағы халықпен есеп беру кездесуінде хабарлады. 
Мәселен, 2016 жылы облыста  екі цемент зауыты – Жаңақорған ауданында құрылыс цементі, Шиелі ауданында тампонажды цемент зауыттары салына бастады. Осы екі жобаға салынған инвестицияның көлемі 74 млрд теңге. Бұл кәсіпорындар іске қосылуы жаңадан 400-дей жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оларды  2018 жылдың басында іске қосу жоспарланып отыр. 
– «Аралтұз» АҚ  Арал қаласында кальцийлендірілген  зауыт салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру бойынша Қазақстан Даму банкі арқылы инвестиция тарту мәселелері қаралуда. Айтпақшы, «Аралтұз» кәсіпорны Индустрияландыру картасы аясында тұз өңдейтін испандық цехты іске қосуы нәтижесінде бүгінде өнімінің 60 пайызын экспортқа шығаруда. Осылайша тек соңғы екі жылдың өзінде Ресейдің ас тұзы нарығының 12 пайызын иемденіп отыр. Ал 2016 жылы кәсіпорын ас тұзын және техникалық тұз шығаратын екінші цехты іске қосты. Соның нәтижесінде майдалылығы нольдік деңгейдегі астұзын өндіру қуаты 7 есе артып, шығарылып жатқан өнім ассортименті көбейді және қосымша жаңадан тағы да 200 жаңа жұмыс ашылуда, – деп мәлімдеді облыс басшысы. 
Сондай-ақ жақын арада Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақта молибден үшокисін өндіретін кәсіпорын  («Тримо» ЖШС) жұмысын бастайды. Кәсіпорын өнімі атом энергетикасында және авиациялық-ғарыштық техникаларда, микро және оптоэлектроникада қолданылады. Өнімді Жапонияға экспортқа шығару жоспарлануда. 




НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2017 г. 786 0