Байқоңырдағы «Жұлдызды қалашықтың» екінші тынысы ашылады

Байқоңырдағы «Жұлдызды қалашықтың» екінші тынысы ашыладыБұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін халықпен есепті кездесуінде хабарлады. Соңғы жылдары Байқоңыр қаласының бюджеті оның ағымдағы мәселелерін шешуге ғана арналып, оны дамыту шаралары қаржыландырылмай отыр. Байқоңыр қаласындағы ҚР азаматтарының өмір сүру деңгейін төмендетпеу мақсатында облыс басшылығы Байқоңыр қаласы мен оның төңірегіндегі Ақай және Төретам елді мекендерін дамыту бойынша Жол картасын дайындады. Бұл ондағы жұмыстан босап қалған адамдардың жұмысқа орналасуын да шешеді.
Сонымен бірге қазақстандық стандарттарға көшірілген 6 мектеп қазақ тілінде білім беруіне, тұрып қалған перзентхана базасында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды. Қалада негізгі азық-түлік бағалары мен коммуналдық қызмет тарифтерінің жоғары деңгейі ескеріліп, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. 2016 жылы ғарыш қаласына газ жеткізілді.  
– Өкінішке орай, Ресей Федерациясының заңдылығына сәйкес біз қаланы дамыту үшін Қазақстандағы барлық елді мекендерде қолданылатын мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалана алмаймыз. Біздің барлық іс-қимылдарымыз мемлекетаралық Келісімдерде регламенттелген, – деп атап өтті облыс әкімі. 
Мемлекетаралық комиссияның отырысы барысында Байқоңыр комплексінің 14 нысанын Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру жөнінде және жалға алынған жерлерден 11,6 мың гектар жерді Қазақстан жағына шығару мен оларды кәсіпкерлікті дамытуға беру мәселесі шешілді. 
– Ғарыш айлағының әлеуеті өте жоғары. Оның базасында аэроғарыштық  мүмкіндіктерді ғана емес, қорғаныс өнеркәсібін, кіші және орта бизнесті, ғарыштық туризмді дамытуға болады. Қазір бұл мәселелерді Үкімет алдына көтеріп отырмыз. Бізда бар мұндай артықшылықтарды пайдалануымыз керек. Сөйтіп Байқоңыр кешенін дамытудың «екінші тынысын» ашуға болады, – деді Қ.Көшербаев. 


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2017 г. 657 0