11 ауылдық амбулатория салынды

11 ауылдық амбулатория салындыОблыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін халыққа есеп беру кездесуінде осылай мәлімдеді. 2016 жылы облыста 200 орынға лайықталған көпсалалы балалар ауруханасы мен Қызылорда қаласының, Арал, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандарының елді-мекендерінде 11 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Қазір Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 150 орынға лайықталған орталық аудандық аурухананың құрылысы басталды, Жаңақорған кентіндегі 250 келушіге арналған емхананың құрылыс жұмысы да жалғасатын табатын болады. Құрылыс нысандары осы жылы аяқталады. 
Биыл денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық апатты жағдайдағы нысандар мәселесінің шешілуі мен олардың материалды-техникалық базасының нығаюына беріліп отыр.
– Ағымдағы жылы біз Арал ауданындағы апатты жағдайдағы аурухана орнына, 150 орынға лайықталған жаңа орталық аурухананың құрылысын бастаймыз. Одан кейін Шиелі ауданында жаңа орталық аудандық аурухананың құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. 2016 жылдың қаңтар айында облыстық онкология орталығында алғаш рет онкопатологиямен ауыратын науқастарға паллиативті көмек көрсету мақсатында хоспис бөлімшесі ашылды. Бұрындары науқастар осы мәселемен, қайғы-қасіретімен бетпе-бет қалса, қазір медицина олардың қоршаған ортаға бейімделуіне арналған белсенді шараларды қолға алды, – деді аймақ басшысы.




НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2017 г. 814 0