Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда тұрғындармен есепті кездесуінде хабарлады.
Тұрғындардың әлеуметтік ахуалына айтарлықтай әсері бар маңызды фактордың бірі – баға. Бұл сұрақты біз үнемі бақылауда ұстап келеміз. Әсіресе, азық-түлік тауарларының әлеуметтік аса қажетті тобының нарқы назарда, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Нәтижесінде, ырыққа көнбейтін инфляцияға қарамастан негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы мен өсу қарқыны республиканың өзге өңірлеріне қарағанда төмен деңгейде сақталуда.