ӘРБІР ІСТІҢ ӘДІЛ СЫНШЫСЫ – ХАЛЫҚ

ӘРБІР ІСТІҢ ӘДІЛ СЫНШЫСЫ – ХАЛЫҚҚызылорда қаласы – өңірдің бас шаһары болғандықтан, өзіндік ерекшеліктері жеткілікті. Коммуналдық мәселелері, инфрақұрылымдық түйткілдері жыл өткен сайын оңалғанмен, бір орнында тұрмайтын уақыт келесі мәселені алға тартады. Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қала халқына есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Қала әкімі өткен жылы экономиканың әр саласында жүзеге асырылған жұмыстарды баяндады.

ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН БЮДЖЕТ

Жылдың басында қала бюджеті трансферттерді қоса есептегенде 31 млрд теңге көлемінде бекітілсе, жыл қорытындысымен 60 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде өз кірістері соңғы 4 жылда 2 есеге артып, 8 млрд теңгеден 16 млрд теңгеге ұлғайды.
Қызылордалықтардың басқа аймақтарға үлгі боларлық үздік бастамасы бар. Ол – қала тұрғындарының көкөніс, бақша дақыл¬дарымен өздерін қамтамасыз етуі. Қосшы¬ңырау ауылдық округінен өтініш білдірген әр тұрғынға 10 сотықтан маусымдық негізде егістік жер үлестірілді. 
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін тамыз-желтоқсан айларында аптасына бір рет, барлық аудандардың қатысуымен тұрақты түрде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

ЖАҢАРТЫЛҒАН СУ ҚҰБЫРЛАРЫ

Есепті кездесу барысында республика бойынша қалаішілік су құбырлары 60 пайыздан астам толық жаңартылған бірден-бір қала – Қызылорда қаласы екенін білдік. Ай¬туға оңай, бірақ бұл қыруар қаржы мен маңдай тердің жемісі. Қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын да¬мы¬¬¬¬туға бағытталған жұмыстар жыл бойы қар¬қынды жүргізілді. ¬Жобаларды халық¬арବлық қаржы институттарымен бірлесіп қар¬жыландыру қарастырылып, «Еуро¬палық қайта құру және даму банкі» мен облыс әкімдігі арасында несиелік келісімдерге қол жетті. 
Ауыз су, кәріз жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарлама¬сына сәйкес, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 154,4 млн теңге, Ұлттық қордан 1 млрд 389 млн теңге бөлінді. Ұлттық қордан бөлінген 1 млрд 299 млн теңгеге ұзындығы 14,6 шақырым болатын су құбыры қайта жаңғыртудан өтті. Соңғы 4 жылдың ішінде Қызылорда қаласының ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды.
Қала халқын сапалы ауыз сумен қам¬тамасыз ету бағытындағы осындай ірі жо¬баларды жүзеге асыру нәтижесінде «Қы¬зылжарма» жерасты су кені арқылы 98 су ұңғымасы іске қосылып, қала халқы то¬лы-ғымен таза, жерасты ауыз суын тұтынуға мүмкіндік алды. 
Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген 997 млн теңгеге ұзындығы 13 шақырымды құрайтын жылу желілері қайта жаңғыртылды. «Қызыл-ордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнының ин¬¬вестициялық бағдарламасы аясында өз қар¬жысы есебінен 284 млн теңгеге стан¬цияның жоғарғы қысымды құбырлары жөнделді. Соңғы 4 жылда жалпы көлемі 7 млрд теңгеге, қаладағы 60 пайыз магистральды жылу желі¬лері жаңартылды.

ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН 
ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ 

Осы уақытқа дейінгі қала әкімінің есепті кез¬десулерінде қалаішілік жолаушылар та¬сы¬¬малының түйткіліне есеп ¬берушілер де, тұрғындар да бір тоқтамай өтпейтін. Биылғы есепті кездесуде бұл мәселені ешкім көтермеді. Өйткені ұзақ жылдар бойы «жыр» болған автобустарға қатысты қиындықтан құтылдық. 
Қызылорда қаласындағы қалаішілік қо¬ғам¬дық көлік тасымалын сапалы қызметпен қам¬тамасыз ету үшін «Қызылорда» автобус паркі» құрылып, бүгінде қаладағы кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің орнына жаңадан барлық талаптарға сәйкес, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалған, ең бастысы экологиялық таза үлкен сыйым¬дылықтағы заманауи 112 автобус алынып, қала халқына қызмет етуде.

ҚЫЗЫЛОРДА – 
ҮЛКЕН ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

Өткен жылы Қызылорда қаласы қарқын¬ды құрылыс алаңына айналды. Тұрғын үй құ¬рылысын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 49 млрд теңгені құрады. Облыс¬та атқарылған құрылыс жұмыстарының 80 ¬пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Өткен жылы 4126 пәтерді құрайтын 80 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүр¬гізілді.
Бір жылдың өзінде 379563 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 32,6 пайызға артты. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.
Осындай ауқымды жобалардың нәтиже¬сінде, соңғы 4 жыл көлемінде қаламызда жа¬ңа¬дан 11 шағын аудан бой көтеріп, 7 мың¬ға жуық жерлесіміз жаңа пәтерге ие болды. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту бағ¬дарламасы аясында, соңғы 4 жылда қала бойынша 3 млрд теңгеге, 121 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.
Қала халқын «көгілдір отынмен» қамта¬масыз ету бағытындағы жұмыстар да кезең-ке¬зеңімен жүзеге асуда. Талсуат ауылдық ок¬ругін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 271 млн теңге қаралып, ауылдық округ бойынша 500-ге жуық тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылды.
Былтыр ұзындығы 102 шақырым бола¬тын 174 көше жөнделді. Сұлтан ¬Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықта Сырдария өзенінің бойынан ұзын¬дығы 7 шақырымды құрайтын «Тәуелсіздік» даңғылы ашылды.
Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласының даму жоспарына сәйкес, Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту мақсатында көлемі 1532 гектар аумаққа бүгінгі талаптарға сәйкес, заманауи үлгідегі жаңа қала тұрғызу жобасы қолға алынды. 
«Бәйтерек» мөлтек ауданынан 6600 аза¬матқа жер телімдері табысталды. Бұл ауданда тұрғын ауданында ауыз су, газ, жол, жарық мәселелері толық шешімін тапқан.
 
БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ БЕДЕРІ

Биыл қала бойынша ауыз су, инже¬нер¬лік-коммуникациялық, жол-көлік инфра¬құ¬ры¬¬лымдарын дамытуға республи¬калық, жер¬гілікті бюджеттерден қаржы бөлінді. Қаланың ең үлкен көшелерінің бірі – Қазыбек би көшесінен «Жезқазған» автожолына дейінгі жалпы ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын Қорқыт ата көшесі қайта жаңғыртылады. Белкөл кенті газға қосылып, Тасбөгет кентінде 160 орындық спорт кешені, 140 орындық балабақша құрылысы басталады.
Қаламыздағы «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» ескерткішінің аумағы абаттандырылып, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші наурыз айында салтанатты түрде ашылады.
Сырдария өзенінің оң жағалауында ор¬на¬ласқан «Арай-2» мөлтек -ауданында көп¬қабатты тұрғын үй құрылысын жүр¬гі¬зуге, «Бәйтерек» мөлтек ауданынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті жер те¬лімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа алу¬ға қаржы бөлін¬ді. Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын үй кварталында, «Бәйтерек» мөл¬тек ауданында салынатын 600 орындық мек¬тептердің, 280 орындық 2 балабақша құрылысының жоба-сметалық құжат¬тарын дайындап, мемлекеттік сараптама қоры¬тындысын алуға қаражат берілді.
Есепті кездесу тұрғындар ¬тарапынан қо¬йылған сауалдарға жауап берумен жал¬ғасты. 
Бөкейхан көшесіндегі №62 үйдің тұр¬ғын¬дары:
– Біздің үйдің төбесінен су ағады, тозығы жеткен подъездердің қазіргі ахуалы күрделі жөндеуге сұранып тұр. Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына енгізуге мүмкіндік бар ма?
Н.Нәлібаев:
– Соңғы 4 жылда 21 көп¬қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Алда жөндеуді қажет ететін үйлердің тізімі нақтыланды. Қазір 33 көпқабатты тұрғын үйдің құжаттары дайын. Ертең сіздің үйді мамандар барып көреді. Егер тез арада жөнделу керек болса, жиналған қайтарымды қаражат есебінен жаңғыртылатын үйлер тізіміне қоса¬мыз. 
– Қызылорда қаласында 600-ден астам көпқабатты үй бар. «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы бюджеттің мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, тоқтап тұрған еді. Елбасы Үкімет басшысына осы бағдарламаны қайтадан қолға алудың жолдарын қарастыру туралы тапсырма берді,– деді облыс әкімі тұрғындарды толғандырған мәселеге орай.
Рыскүл Әлниязова, Титов қыстағының тұрғыны:
– Титов қыстағындағы 16 «а» үй¬дің апатты жағдайын жақсы білесіздер. Көршілеріміздің бірталайы жаңадан салынған үйге қоныс аударды. Енді қалған тұрғындар қашан қоныс тойын тойлайды?
Н.Нәлібаев:
– Қазір 253 адам апатты жағдайдағы үйлер тұрғындары есебінде кезекте тұр. Бұл кезектегілердің саны 3-4 жыл бұрын 500-ден асатын. Бүгінде жобаларымыз дайын. Бюджетті нақтылау кезінде бұл мәселені шешуге назар аударылады. 
Амангелді Мырзағазиев, «Арай» ша¬ғын ауданының тұрғыны: – «Арайдағы» ауыз су мәселесі қашан шешіледі?
Н.Нәлібаев: – Биыл қаланың инфрақұры¬лымын дамытуға қыруар қаржы бөлінуде. «Еуропа қайта құру және даму банкімен» арадағы келісім-шарт бойынша да үлкен жұмыстар күтіп тұр. Қалаға жаңадан қо-сы묬ған аумақтардың ауыз су мәселесін шешу қарастырылған. Жыл соңына дейін көше¬леріңізге ауыз су барады. 
Кездесу барысында Талсуат ауылының тұрғындары өздері тұратын елді мекенге жеткізілген газ бен жөнделген көшелер үшін, облыстық балалар ауруханасының қызметкері Таңсық Әбдиева ауруханаға салынған жаңа ғимарат үшін, Белкөл кентінің тұрғыны Сартай Қайруллаев қыстаққа газ жүргізу жобасының биылғы атқарылатын жұмыстар қатарына енгені үшін алғыстарын жеткізді. 
Есепті кездесуді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қорытындылады. 
– Соңғы 4 жылда қаланы дамытуға Ұлттық қордан, республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден 266 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражаттың игілігін халық көріп жатыр. Қасиетті Қызылордамыздың Астанадан кейінгі көрікті шаһар болғанын армандаймыз. Бірақ, барлық мәселені бір мезетте шешіп тастау мүмкін емес. 
Қазіргі уақытта экономиканың құрылы¬мын өзгерту үшін күш жұмсалуда. Болашақ өңдеу өнеркәсібін дамытумен байланысты. Ауыл шаруашылығында күріш көлемін қысқартқанмен, соңғы 4 жыл бойы рекордтық өнім алынып келеді. 
Қаланы дамыту үшін ең бірінші инже¬нерлік инфрақұрылым мәселесі оңтайлы шешілуі керек. 2013 жылы сараптағанымызда, Қызылорданың инженерлік жүйелерінің 80 пайыздан астамы тозғанын анықтадық. Бұл мәселені шешуге облыстық, республикалық бюджеттің шамасы жетпейді. «Еуропа қайта құру және даму банкінен» қаржы тарту арқылы  жобаларды қолға алдық. Инфрақұрылымдық жобалардың ауқымды бөлігі Қызылорда қаласында жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде инженерлік инфрақұрылымның 60 пайыздан астамы жаңарып қалды, – деді облыс әкімі.  
Аймақ басшысы қала әкіміне шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау¬ды, инфрақұрылымды дамытуды одан әрі жалғастыруды, коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыруды, қаланы көркейту, тазалау жұмыстарын жетілдіруді тапсырды. Дарияның сол жағалауындағы жаңа қаланың құрылысы облыс экономикасын алға сүйрейтін локомотив болатынына сенім білдірді.

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА, 
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ (сурет).    

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2017 г. 970 0