БОЛАШАҚТЫҢ НАҚТЫ БАҒДАРЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаң¬ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы өз жаңалығымен, тың идеяларымен құнды. Ол  – еліміздің өркендеуінің алғышарты,  алдағы дамуының бағдарлы құжаты. Ол – заман талабы, біздің болашақ өсуіміздің нақты бағдарламасы.
Ал, өз кезегінде сот жүйесі құқық үстемдігі мен баршаның заң алдындағы теңдігін қамта¬масыз ете отырып, Жолдауды табысты іске асырудың маңызды буыны болып табылады. 
Ең алдымен Елбасы жаңа дәуір қарсаңында жолданған Жолдауында еліміздің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өткенін, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өткен табыстарымыз бен жетістіктерімізді бүкіл әлем жоғары бағалайтынын жеткізді. 
Сонымен бірге, жолдауда «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы пысықталды. Айта кету керек, Ұлт жоспары аясында сотқа тиісті 11 қадам бүгінгі күні толықтай іске асты.
Елбасы Жолдауларының қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын айқын аңғарамыз.
Биылғы Жолдау аясында Елбасы Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін баса айтты. Сондай - ақ, жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізуде жұмысты жалғастыру керектігі айтылды. Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу, судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды екендігін назарға салды.
Алдағы уақытта әкімшілік және қылмыстық заңнама ізгілендіріліп, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкестендірілмек. Бұл мәселе аталған Жолдауда көтерілді. Өз кезегінде соттар Жолдауды өзара талқылап, орындауға міндеттелген тапсырмаларды жүзеге асыруға белсене кірісіп кетті. Жуырда ҚР Жоғарғы Сотында өткен кеңесте Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесіне назар аударды. Осыған байланысты істердің кейбір санаттары бойынша айыппұл көлемін азайту мүмкіндігі мен оларды өтеудің қисынды мерзімін тағайындау мәселелерін зерделей отырып, айыппұл салу түрінде жаза тағайындау институтын кеңейту мәселесін пысықтау тапсырылды. 
Жолдау жүктеген тапсырмаларды орындау елге парыз. Ол үшін барлығы бірге жұмылу керек. Ең бастысы, сол құжатта жүктелген мәселелерді орындау – баршамызға міндет. Жалпы, Жолдау аясында кез келген саланы дамытуға мүмкіндік беретін қолдау көп.

Азамат ЖҰМАМҰРАТОВ,
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 504 0