Халық сенімі бәрінен қымбат

Халық сенімі бәрінен қымбатҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек» деп атап көрсеткен болатын.
Құқық қорғау органдары жүйесінде кеңес кезеңінің сипаты сақталған әдіс арқылы қылмыстылық және құқық бұзушылықпен күресу – оның себептерімен емес, салдарымен күресу болып табылады. Бұған құқық қорғау органдарының, оның ішінде прокуратураның жұмысын тікелей байланыста болатын азаматтардың ой-пікірімен емес, сандық көрсеткіштермен бағалаулары дәлел бола алады. Бұл тәжірибе мәселелерді шешуге тиімді болмады. Тұрғындардың арасында түсініксіз болып, нәтижесінде олардың сенім деңгейіне әсер етті.
Ахуал 2016 жылдың екінші жарты¬жылдығынан, яғни прокуратура орган¬дарының жұмысына «жобалық менедж¬ментті» енгізу кезеңінен өзгерді. Жаңа әдіс жұмыс барысында басым бағыттарды дұрыс қоюға, күнделікті тапсырмадан стратегиялық мақсаттарды ажырата білуге, өңірдің әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде өз міндеттерін және тапсырмаларды сауатты түрде анықтауға ықпал етті.   
Прокуратураның негізгі жұмысы құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жағдайға әсер ететін жүйелі өзекті мәселелерді анықтауға бағытталған. Мүдделі органдармен бірлесіп шешімнің қадамдары және мәселелерді жоюдың мерзімдері әзірленді.
Ана мен бала өлімінің көрсеткіші бірінші орында болуы прокуратураның назарына түсті. Жобаны облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырудың нәтижесінде 2016 жылдың екінші жартыжылдығында көрсеткіш 104-тен 48-ге дейін немесе 54% түсті. Бұл ретте бірде-бір босанушы ана өлімі тіркелген жоқ. Ал, 2015 жылдың осы мерзімінде босану кезінде 5 әйел қайтыс болған еді. 
Басқа да шаралармен бірге, мәсе¬ле¬лерді шешудің ерекше түрлері қол-данылды. Облыс¬тық перинаталды орта¬лықта медицина қызмет¬керлерінің әре¬ке¬тіне қатысты прокурорға шағым¬дану үшін жәшіктер орнатылды. Прокуратура қызметкері емделушілер тарапынан шағымдардың болуы немесе болмау¬¬ын анықтау мақсатында аптасына 2 рет облыстық перинаталды орталығына барып тұрады, сәби өлімінің әр дерегі бойынша фармбақылау департаментінің сараптама нәтижесін процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органына жолдап отырады. 
Өзге де мәселелерді анықтау үшін осы жылдың қаңтар айында прокуратураның 17 қызметкері облыс орталығындағы медициналық мекемеге барып, қызметтік және емдеу орын-жайларында болды, 200 азаматпен, оның ішінде аурухана, емхана және диспансердің емделушілері, келушілері мен қызметкерлеріне қабылдау жүргізді.  Медициналық көмек беруде сапа мен қолжетімділікті арттырудың, сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің қызмет жағдайын тиісті деңгейде қамтамасыз етудің тетіктері анықталды. Нәтижесінде жекелеген мекемелерде ар¬найы кабинеттердің, мамандардың (офтальмолог, реаниматолог, анестезиолог және т.б.) жетіспеуі анықталды. Тұр¬ғындар прокурорлардан ауруханалар мен емханаларда олардың құжаттарының рәсімделуін жеңілдету мәселесін шешіп беруін сұрап, қоғамдық көлік тоқтайтын аялдамадан облыстық көпсалалы балалар ауруханасына дейінгі арақашықтық 500 метрді құрайтындығына шағымданды. Қабылдаудың нәтижесі туралы туындаған мәселелерді нақты шешу ұсынысымен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына хат жолданды. 
Балалар суициді мен білім беру мекемелеріндегі құқық бұзушылықтарға байланысты оқиғалар да назарға алынды. Әзірленген жоба аясында балалар арасында суицид пен порнографияны насихаттайтын 30 интернет қауымдастығы жабылды. Оларды Қызылорда қаласының 26 мектебінің 106 оқушысы пайдаланған. Сонымен қатар, өңірдің барлық мектептері бейнекамерамен жабдықталуда. Қызылорда мен Байқоңыр қалаларында және Шиелі ауданында орналасқан барлық мектептер 100 пайыз бейнекамералармен жабдықталды. 
Оқу барысында «смартфонды» пайда¬лануға тыйым салу туралы 298 мектеп пен 31 колледждің Жарғыларына өзгеріс енгізілді. Алдын ала қоғамдық тыңдау  өткізіліп, ата-аналар мен мұғалімдердің келісімі алынды. Атап айтсақ, облысымыздың мектептері мен колледждерінде сәйкесінше 141 мың және 22 мың бала білім алуда. Жалпы, бұл жоба мектептерде орын алатын телефон ұрлықтарын жоққа шығарды және жасөспірімге қарсы жасалған қылмыстарды 192-ден 78-ге төмендетті.
Азаматтардың меншік құқығы қылмысы, сонымен қатар, мал ұрлығы мен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған жобалар да оң нәтиже беріп, ол 2015 жылмен салыстырғанда 22-ге немесе 26,8 пайызға азайды. Мысалы,  бейнероликтерді көрсету, үнпарақтар мен билбордтарды орналастыру арқылы тұрғындардың алаяқ¬тықтың кең таралған түрлері туралы ақ-параттандырылуы қамтамасыз етілді. Сотты болған алаяқтардың тізімі халыққа қызмет ететін мемлекеттік органдарға жолданып, жергілікті газеттерде жарияланды. 
Жұмысшылардың еңбек жалақысын қасақана кешіктіретін жұмыс берушілерге де ерекше назар аударылды. 2016 жылдың маусым айында 400 жұмысшы алдындағы 100 млн теңге еңбекақыларының қарыздары үстіміздегі жылдың қаңтар айында 121 жұмысшы алдында 19 млн теңгеге дейін азайды. Сот актілеріне қадағалау аясында прокурорлармен жалақы қарыздарын өндіру туралы атқару өндірісі 98 пайыз төленуі қамтамасыз етілді. Кәсіпорындар 3 мың жұмысшыға 620 млн теңгеден жоғары қарыздарды төледі. 
Сондай-ақ, құқықтық әдістер арқылы алимент борышкерлері ата-аналық міндеттерін орындады. Тек соңғы 4 айда облыстағы проблемалы алименттер қарызын 730 млн теңгеден 270 млн теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізілді. Бұдан бөлек, «пилоттық жоба» аясында тек Жалағаш ауданының өзінде алимент қарызы 85 пайызға төмендеді. 
Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен 3 мың мүгедектерден заңсыз 6 млн теңге салық және баж салықтары өндірілгені анықталды. Қазіргі уақытта негізсіз алынған салықтар қайтарылуда. 
Бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және шағымдарына жедел әрекет ету мақсатында «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында «прокурор кабинеті» жұмыс істеуде. Демек, кәсіпкерлер қадағалау органының өкі¬ліне мемлекеттік органның әрекетіне шағымдануға мүмкіндігі бар немесе құқықтық көмек ала алады.
Бекітілген кестеге сәйкес, облыс прокуроры – айына бір рет, облыс прокурорының орынбасарлары – айына екі рет, облыстық прокуратураның басқарма бастықтары әр апта сайын жеке қабылдау жүргізеді.
Осы тектес «прокурор кабинеті» об¬лыс¬¬тық кәсіпкерлер палатасының аудан¬дық құрылымдарында ашылып, аудан про¬курорлары жеке өздері қабылдау жүргізеді.
Ауданның әкімшілік орталықтарында «Прокурор түсіндіреді» акциясының аясында 95 іс-шара өткізілді.  
Уәкілетті органдардың алдына кәсіпкерліктің түрлі саласындағы әкімшілік кедергілерді алу жөнінде, атап айтсақ, бақылаушы органдардың тексеру парақтарындағы сұрақтарды қысқарту, жоспардан тыс салық тексерулерін тағайындау тәртібі, жер және экологиялық заңнамалар талаптарын жетілдіру ұсынысқа бастамашы болды.
Біртектес салық органдары тарапынан тәжірибенің жоқтығын есепке алмау салдарынан  16,4 млн теңге лицензиялық алымдарды заңсыз өндірген. Осының негізінде 192 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Облыс әкімдігімен 7 шаруа қожалығына негізсіз бас тартылған 10 млн теңге субсидияның төленуіне қол жеткізілді. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар бақылаушы органның лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен 245 кәсіпкерді қорғап, олардың кәсіпкерлік қызметтерін жүргізу құқықтары қамтамасыз етілді. 
Олардан 5 алғыс хат келіп түсті. Оның бірінде монополияға қарсы ор-ган¬¬дармен жосықсыз сипаттағы бәсе¬к嬬лестігі үшін заңсыз әкімшілік жау¬ап-тылыққа тартылған (ӘҚБтК-нің 163-бабының 2-тармағы), жарты миллион теңге әкімшілік айыппұл салынған кәсіп¬кер Г.Сисен өз алғысын білдірді.  Про¬курордың наразылығымен заңсыз қаулы жойылып, кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Облыс прокуроры ЖОО сту¬дент¬терімен жеке кездесіп, сұхбаттасуды тәжірибеге айналдырған. 2016 жылдың желтоқсан айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен 3-4 курс студенттері қатысқан кездесу болып өтті. Шара барысында облыс прокуроры мемлекет дамуындағы жастардың рөліне, олардың өзіндік қалыптасуы үшін қазіргі заманғы жағдай мен мүмкіндіктердің болуына, білім беру деңгейінің ықпалына, университет қабырғасында алған жеке және тәжірибелік дағдыларға, жұмыспен қамту мен мансаптық өсуге, жастардың рөліне тоқталып өтті. Студенттерді Бас прокуратураның жаңа кадрлық саясаты туралы ақпарат қызықтырды.
Арызданушылармен жұмыс әсіресе, өз сұрағын шешуде бірнеше прокурордың жеке қабылдауында болғысы келетіндер ерекше талап етеді. 2016 жылдың 2 жартыжылдығында облыс прокурорында 113 адам жеке қабылдауда болып, заңдар түпкілікті түсіндірілді, бір мәселемен үш немесе бірнеше рет келген  19 арызданушы өзінің негізсіз талабынан бас тартты. 
Осы тектес жұмыстар қала және аудан прокурорларымен де жүргізіледі. Мысалы, «Астана-Зерттеу» қоғамдық бір¬лес¬тігінің талдауына сәйкес, республика бойынша аудан прокурорларының арасында Жалағаш ауданының прокуроры Самат Бодықов жоғары деңгейді көрсетті. Оны аудан тұрғындарының 62,5 пайызы біледі. 
Облыстық прокуратураның нәти¬желері бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат агенттіктерінің сайтында кеңінен жарияланды. Облыстық прокуратура қызметкерлерімен барлығы 3111 іс-шара атқарылды. Оның ішінде 19 баспасөз-мәслихаты мен брифингтер, 69 семинар, 46 «дөңгелек үстел», 445 халықпен кездесу болса, 1165 дәріс оқылған.
Сонымен қатар, 1355 материал, оның ішінде мерзімді басылымда 449 мақала, радиода – 235, телеарналарда – 242, ақпарат  агенттіктерінде 222 ақпарат жарияланса, облыстық прокуратураның ведомостволық сайтында 207 жарияланым шықты. Жергілікті «Қоғам ТВ» арнасында айына екі рет «Прокурор уақыты» бағдарламасы жүргізіледі. 
Аталған жобалар мен басқа да бастамалар облыстың мыңдаған тұрғынын қамту нә¬ти¬жесінде прокуратура олар үшін ашықтықты, заңдылық бұзушылықты ме𬬬зімінде анықтап, жоюды қамтамасыз етті.
Осылардың нәтижесінде «Астана-Зерттеу» қоғамдық бірлестігінің талдауы¬мен Қызылорда облыстық прокуратурасына  тұрғындардың сенімі 89,2 пайызды құрады.

Халидулла ДӘУЕШОВ,
Қызылорда облысының
прокуроры.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 ақпан 2017 г. 1 220 0