Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы — еліміздің ары қарайғы дамуының алғышарттарын көрсететін және қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін, ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат екені даусыз.
Ширек ғасырда нарықтық экономика қағидаларына негізделген іргелі мемлекет құрып, Қазақстан-2030 стратегиясының орындалуы арқылы мемлекет дамудың даңғыл жолына түсті. Ендігі меже – үшінші жаңғырту. Жолдаудың тақырыбынан көрініп тұрғандай, бүгінгі күні қоғам да, мемлекет те, тіпті азаматтарымыздың ой-санасы да кезекті үшінші жаңғыруды бастан өткеретін кезеңге келді.
Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Әлемдік аренада биік белестерге көтерілді. Өзінің даму қарқынын озық елдің қатарына қосылуымен дәлелдеді. Президент талдап көрсеткен алдыңғы екі кезеңдегі жаңғыру арқылы елімізде бұған алғы шарттар жасалып, берік негіз қаланды. Сонымен бірге, бү¬гінде халықаралық ахуал да қарқынды түрде өзгеруде. Соған байланысты жаһанды жай¬лаған интеграциялық, экономикалық және геосаяси үдерістердің беделді әрі белді қатысушысы болып саналатын Қазақстанда басты әлемдік трендтерге сай дамудың өзін¬дік жолын қалыптастыруда. Оған Мемлекет басшысының кешегі қазақстандық басы¬лымдарда жарияланған Жолдауының жаңа, серпінді әрі өте ұтымды үлгісі айқын дәлел.
Бұл жай ғана модернизация емес. Жолдауда технологиялық, сандық, индустриялық өркендеудің өзекті тұстары қамтылған. Елбасы сан-сала бойынша жақын болашақта мемлекеттің жүрер жолын айқындап берді. Мұнда белгіленген міндеттер Н.Назарбаевтың жаһандық қатерлерге берген жауабы іспетті. Онда бес негізгі бағытқа басымдық берілген. Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту және институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Кешенді міндеттердің көшін сандық технологиялар бастап тұруы бекер емес. Заманауи технологияларды ел өмірінің басым салаларына енгізу арқылы экономикалық дамудың жаңа моделін жасау – бүгінгі күннің басты талабы.
Бүгінгі күні әр тиынның сұрауы күшті. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекет бүкіл Қазақстан бойынша жаңа бағдарламаларды қолға алуға миллиардттарды бөлетін болады. Біздің Елбасы инновациялық салада жаңа толық кешенді салалар пайда болатыны туралы айтты. Осындай күрделі тапсырманы алдымызға қойып отырғандықтан қаражат мейлінше тиімді игерілуі тиіс. Әр жобаны нақты мерзімі, бақылау индикаторы және нақты жауапкершілікті мойнына алған лауазымды тұлғаны көрсете отырып, толыққанды бизнес жоспары ретінде дамыту қажет. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы бастамасы дер кезінде жасалған қадам болды.
Енді алдағы уақытта бірқатар салалар бойынша жұмысты оңтайландыру үшін біраз өзгеріс болайын деп тұр. Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудегі біршама өкілеттіліктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға тапсыратынын айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрлік және әкімдіктер толықтай жауап береді және өкілеттіліктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы билік тармақтарын да үлестіру барысында 40-қа тарта Президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін атап өтті. Ал елдің қауіпсіздігін қамту үшін Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдау тапсырылды. Жаңаша дамудың бұл бағыттары қазақстандық экономика қарқынының өсуін орташа әлемдік деңгейден жоғарылатып, Қазақстанның жетекші 30 елдің қатарына кіруде тұрақты ілгерілеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Үшінші жаңғыру экономиканың жедел тех¬но¬ло¬гиялық жаңаруына соны серпін, инновациялық салаға қуатты күш береді. Елбасымыз келешегі зор бастамалар мен іргелі жобалар негізінде экономиканың жаңа үдемелі салаларын құру жөнінде алдымызға стратегиялық міндеттер қойды. Бұл ор-талық және аймақтық деңгейдегі экономикалық тәсілдердің барлығын қайта қарауды қажет етеді. Бұл ретте 2017 жыл Қазақстан үшін аса маңызды жыл болады. Біздің еліміз аса маңызды шешім – саяси жүйені жаңғырту мен экономикалық қайта құруларды бір мезетте жүзеге асыруы керек. Ауыртпашылықтар аз емес, алайда нәтижесі жемісті болатыны сөзсіз деп сенемін.
Әділбек ЕСҚАРАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті
басшысының орынбасары.