Жарқын болашақ негізі

Ширек ғасыр ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қорытындылап, жаңа жасампаз белеске Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдаумен қадам бастық. 
Елбасы өз Жолдауында: «2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. 
Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орта Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз. 
Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. 
Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көресетеді», - деп Қазақстанның өзге елдермен салыстырғанда жоғарғы беделді мемлекетке айналғандығын атап көрсетті. 
Сонымен қатар, бұл Жолдау – жаһандық бәсекелестіктің өсуі мен әлемдегі тұрақсыздық жағдайында  ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын төмендетпей, заманның жаңа үдерісіне сай дамудың даңғыл жолына түсуге бағдар береді. 
Мемлекет басшысы күн тәртібіне Қазақстанның үшінші жаңғыруы жөнінде міндет қойды. Мақсаты - елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды нақтылады.
Мемлекет басшысы, «бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына, болашаққа бастайтын сенімді көпір»- деді.
Жолдауда айқындалған үшінші басымдық – еңбек неарығын жаңғырту. Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты  дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатындығын айта келе, жаңа индустрия құрып, дамыту, жұмыспен қамту, азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуы тиіс екендігіне баса назар салады. 
Ірі кәсіпорындар мен әкімдіктер бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеу керектігі тапсырылды. 
Жолдаудағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Әлемде жаңа технологиялар мен ағымының өзгеруіне байланысты біз сол үдерістен қалмай, бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Ата-бабаларымыздан қалған  тарихи-рухани мәдеиетіміз бен  салт-дәстүрімізді сақтай отырып,  бүгінгі заманның талабына сай  жаңа буынды қалыптастыру маңызды. Ол үшін үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында  атқарылатын жұмыстар нақты көрсетілген. 
Сондықтан да Елбасының биылғы Жолдауынан бастау алатын міндеттерді орындау жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанды құруда аянбай еңбек етуге шақырады. 

Қайрақбай ОРЫНБАСАРОВ,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары 


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 ақпан 2017 г. 737 0