Инновациялық мектептерге – үздік тәжірибе

Инновациялық мектептерге – үздік тәжірибеХимия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жаңа әдістерді ендірудің тиімді жолы: мектептегі Action Research және Lesson study ғылыми зерттеу жобалары” тақырыбында аймақтық форум өтті. Форум жұмысына Шымкент, Алматы қалаларындағы ХББ, ФМБ Зияткерлік мектептер, облыстағы 2 пилотты, 24 инновациялық мектеп пен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдары, ПШО қызметкерлері қатысып, тәжірибе алмасты. Сек¬циялық практикум, семинар және зерттеу сабақтарының жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, түрлі бағыттағы пленарлық отырыста оқытудың тың тәсілдерін ұсынды. Бірлесіп жоспар жасап, оны талқылау арқылы сабаққа қажетті педагогикалық рефлексия білімін әрі қарай дамытты. 
Біз де оқушылармен бірге мұғалім С.Тобылбаеваның физика пәнінен өткен "Күш моменті” шеберлік сыныбына қатыстық. Сабақ ұйымдастырылу методикасымен ерекшеленді. Оқушылар физикалық схемаларды ұқыпты сызуда, тізбектерді құрастырып жинауда алдына жан салмады. Логикалық сұрақтарға нақты жауап беріп, ізденушілік қабілетін көрсетті. Ал қазақ тілі пәнінен өткен "Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан” романындағы әйел бейнесі” шеберлік сыныбында ұлттық әдебиеттің алтын қоры төрінен орын алған сүбелі шығарма талқыланды. Классик жазушының көркем тілінің шеберлігі туралы кеңінен айтылды. Оқушылар берілген критерийлер бойынша тоשּׁтық жұмыс орындап, жаңа ақпараттарға қанық ¬болды. 9-сынып оқушысы Д.Ештаева қатарынан оза шы¬¬ғып, берілген тапсырмаларды шалт орындауымен көзге түсті. Ол аталған романды 20 күнде оқып бітірген. Кітап десе, ішкен асын жерге қоятын шәкірт Ғабит Мүсірепов кеңес заманының жазушысы болғандықтан шығармада сол кездегі идеологияның сызы білініп тұрғанын айтты. Қазақ халқының тыныс-тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру, жарлы мен жақсының күресі тәрізді құбылыстар терең суреттелген романды оқушылар жақсы қабылдады. Оқытушы М.Дөненхожаева да оқушыларының бү¬гінгі белсенділігі ерекше екенін жеткізді. Расында, шеберлік сыныптарының барлығы дерлік қызықты стратегия бойынша өтті. Бірқатар ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Соның ішінде, оқу процесінде пәнаралық байланыстың жалпы педагогикалық маңызға ие екені, алдағы уақытта оны дамыта түсу оқушының білімін комплексті түрде қолдануына мүмкіндік беретіні ерекше ескерілді.
– Форумда аймақ мұғалімдерінің тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу, зерттеу саласын тиімді үйлес¬тіру мәселелерін қарастырдық. Осы мәселелер бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастыру қолға алынды. Сондай-ақ, коучинг, семинар-тренингтер мен пленарлық отырыстарды аттестациядан өткен мек¬тептің эксперт мұғалімдері жүргізіп, сапалы білім беру, жинақталған тәжірибе таратумен айналысты. Оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыру үшін нені назардан тыс қалдырмау керек деген сауалдарға, ғылыми әдебиеттерді зерделеуге қатысты дүниелерге жауап іздедік. Мектепте қазір Глобалды перспективалар және жобалау, Дүниежүзілік тарих пәндері бойынша ғылыми жоба қорғау қарастырылған. Осыған сәйкес, барлық оқушылар ғылымға ден қойып, бі¬лім¬діліктерін көрсетуде, – деді мектеп дирек¬торы¬ның ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Д.Мұнарбаева. 
Жалпы форум сәтті өтті. Қатысушылар зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты кеңестерімен бөлісіп, қажетті бағдарламаларды меңгергенін байқатты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта аймақтық деңгейді қамтыған шараны өткізу дәстүрге айналады. 

Мөлдір СНАДИН.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2017 г. 1 693 0