Қызылорда облысының 2016 жылғы бюджеті 151,6 млрд теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде өз кірістері 4,9 млрд теңге, республикалық бюджеттен бөлінген трансферт көлемі 141,1 млрд теңге болып қаралды. Жалпы бюджет шығындарының ішінде әлеуметтік сала шығындары үлесі 44 пайызды немесе абсолюттік мағынада 66,8 млрд теңгені құрады.
Әлеуметтік саланы қаржыландырудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы барлық әлеуметтік міндеттердің орындалуы болып табылады. Толығырақ тоқталатын болсақ, білім сала¬сына – 20 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына – 37,6 млрд теңге, әлеуметтік салаға – 4,2 млрд теңге, мәдениет және спорт саласына 4,9 млрд теңге бағытталды.
Атап айтқанда, білім саласына келесі шығындар басымдыққа ие болды. Олар 2 санаториялық, 3 кор¬рек¬циялық мектеп-интернаты мен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатына, бала¬лардың оңалту және бейімдеу 3 орталықтарына, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына, 30 жаңадан іске қосылған білім беру нысаны, 11 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық кабинеттерін, патронаттық тәрбиелеуді ұстау шығындары. Сонымен бірге облыстық білім беру мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдісте¬мелік кешен¬дермен қамтамасыз етуге, "Орта білім беретін үздік ұйым” грантын тағайындауға, 12 мемлекеттік және 1 жеке колледжінде кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы мамандарды даярлауға, 3 мемлекеттік колледжінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мамандарды даярлау, медициналық колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мамандарды даярлауға қаржы қаралды.
Мұнан бөлек, Қазалы ауданындағы «Қазалы аграрлы-техникалық колледжі» ММ-нің оқу-өнді¬рістік корпусы мен шеберханасы ғимараттарына және Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің оқу ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу шығындары ескерілді.
Денсаулық сақтау саласына тоқталсақ, медициналық көмек көрсетудің сапасын және қолжетімділігін арттыру мақ¬са¬тын¬да келесідей шығыс¬тарды қаржыландыру қарасты¬рыл¬ды. Облыстық онкология орта-лығына қатерлі ісік аурушаңдығын және өлім-жетім көрсеткіштерін төмендету мақсатында және жүрек-қан тамырлары ауруларын, қан айна-лым жүйесі ауруларын төмендету мақ¬сатында медициналық құрал-жабдықтар са¬тып алуға, облыстық перинаталдық орта¬лығы базасында генетикалық орталығын ме¬дициналық-құрал жабдықтармен жарақтандыруға, облыстық перинаталдық орталық базасында туылғаннан кейінгі 30 төсек¬тік сауықтыру бөлімшесін ашуға қаржы қаралды. Сол секілді облыстық медициналық орталығы базасында санитарлық авиацияға екі бірлік санитарлық автокөлік сатып алуға (реанимобиль); жұқпалы иммунды тасығыштар синдромының алдын алу және оған қарсы күрес облыстық орталығына медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, Қызылорда қаласындағы 200 орындық көпсалалы балалар ауруханасы құрылысын аяқтауға, Жаңақорған кентіндегі 250 келушіге арналған емхана құрылысын аяқтауға, Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтауға, Сырдария ауданы Аманкелді ауылындағы ауылдық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға қаржы жұмсалды.
Облыстық бюджет әлеуметтік бағыт¬тар басымдығына ие болып келеді. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерге және олармен теңестірілгендерге берілетін материалдық көмек, аз қамтылған отбасылардың сту¬денттеріне грант алуға әлеу¬меттік қолдау, аз қамтылған от¬басы¬ларға студенттердің қоғам¬дық көліктерде тегін жүруі, мүге¬дектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қор¬ғау шығындары жалғасын та¬бады.
Облысымызда мәдениет са¬ла¬сын жандандыру мақсатында бірқатар іс-шаралар іске асы¬рылды. Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өз деңгейінде өткізуге, облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорын кітаппен кеңейтуге, Жаңақорған ауданы Талап елді мекеніндегі 150 орындық ауылдық клуб құрылысын аяқтауға, облыстың аудандарында орналасқан мәдениет нысандарының жаңадан пайдалануға берілген 12 ны¬санның коммуналдық қызметтері мен жылу беру қоры¬на қаржы қаралды.
Бұдан басқа келесідей іс-шаралар атқарылды. Бес инсти-туционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам»» Ұлт жоспарын іске асыру шең¬берінде жергілікті полиция қызметі құрылды. Сон¬дықтан, бюджетті нақтылау барысында жергілікті поли¬ция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға үй салуға, Қызылорда қаласындағы көшелерді жарықтандыру, көпқабатты тұрғын үй аулаларын жарықтандыру, қақпалар мен билбордтарды жарықтармен безендіру, техникалық қызмет көрсету және пайдаланылған электр энергиясының құнын төлеуге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, «Шиелі-Қызылорда», «Жалағаш-Қы¬зыл¬орда» кіреберіс қақпаларынан билбордқа баға¬на¬лар орнатуға, қала бағытына түнгі жарықтандыру бағандарын орнатуға, Қызылорда қаласы көшелерін ұстау және көгалдандыруға, автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге қаржы қаралды.
Республикалық бюджеттен барлығы 112,5 млрд теңге келіп түсті, оның ішінде ағымдағы трансферттер 62,3 млрд теңге, нысаналы даму трансферттері 34 млрд теңге, кредиттер 16,2 млрд теңге. Атап айтқанда, құрылысы салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, Қызылорда қаласы Сыр¬дария өзені арқылы өтетін көпір құрылысына, жергілікті бюджеттердің шығыстарын өтеуді және өңірлердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға, жылу, су және сумен қамтуды реконструкциялау мен құрылысына қаржы қаралды.
Айдана БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ,
облыстық экономика және
бюджетті жоспарлау басқармасының
бас маманы.