ЖАҢА ЖЫЛҒА – ЖАҢА ЕМХАНА

ЖАҢА ЖЫЛҒА – ЖАҢА ЕМХАНАӨткен жыл еліміз үшін табысты жыл болды. Егеменді еліміздің 25 жылдығы республика көлемінде тойланып, біршама жаңа ғимараттар мен құрылыстар бой көтерді. Оның ішінде біздің ауданымызда да бірнеше сауда орындары мен құрылыс нысандары салынды. 
Осы нысандардың жалғасы ретінде жаңа жыл қарсаңында Шиелі ауданының Ш.Қодаманов ауылдық округінің орталығы – Төңкеріс ауылы  тұрғындарының игілігіне жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Ескі жылды шығарып салу қарсаңында ауыл тұрғындары қуанышқа бөленді. Бұрынғы емхана, расында, апатты жағдайда болатын. Жаңадан бой көтерген емхананың ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, облыстық мәслихат депутаты Р.Ысқақова қатысып, жаңа емхананың лентасын қию рәсімінде сөз сөйледі.  
Дәрігерлік амбулаторияда 3 адамдық күндізгі стационар жұмыс жасаса, ауыл тұрғындарына 10 білікті медицина маманы қызмет көрсететін болады. Жалпы соңғы 10 жыл көлемінде Шиеліде аудан халқына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында 13 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да Еңбекші, Ақмая елді мекендерінде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілетін болады деп жоспарлануда.  
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қаңтар 2017 г. 896 0