СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ СЫЙ

Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. Жуырда осындай ұлағатты іс Қазалыда көрініс тапты. Бұл күні аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасыларына барып, Жаңа жылмен құттықтады.

Ең алдымен Тілеуберген Тобабергеновтің отбасына барған аудан басшысы тоқсан төрт жастағы соғыс ардагеріне облыс әкімінің құттықтау хатын табыстап, сый-құрмет көрсетті. Жеңісті Берлин қаласында қарсы алған Тілеуберген атамыз елге оралған соң ұзақ уақыт темір жол саласында абыройлы еңбек еткен. Қазір немере-шөберелерінің қызығын көріп, бақытты өмір сүруде.

Мұнан соң Нажмадин Шәкизадаұлы «Қызыл Жұлдыз» ордені, көптеген медальдың иегері Пірназар Мырзатаев ақсақалмен жүздесті. Келесі кезекте Қазалы қаласының тұрғыны Қалеп Бектұрғановтың, бекарыстандық Қабақ Смағұлдың отбасымен қауышып, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 желтоксан 2016 г. 586 0