« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аймақта қаңылтыр шығаратын жалғыз кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтпақ. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы ашылған кәсіпкерлік нысан бір жыл ішінде 100 тонна өнім өндірген. Енді көрсеткішті 300 тоннаға жеткізуді көздеп отыр.
Негізінен қызылордалық құрылысшылар профнастил өнімдерін, қаңылтыр қоршаулар мен шатырларды өзге өңірлерден әкеледі. Сондықтан жергілікті нарықта оған сұраныс көп және бағасы да қалтаға салмақтау. Осы ретте цемент сатумен айналысып жүрген Александр Ким металлпрофил бағытында цех ашуға бел буады. Кәсіпкер бизнес-жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдауға иек артқан.
– Жобамды қаржыландыру үшін «Даму» қоры арқылы 92 млн теңге жеңілдетілген несие алдым. Қазір цехта өзімнен бөлек 3 жұмысшы бар. Қызылордада құрылыс қарқынды жүріп жатыр және өніміміз сапалы болғандықтан оған сұраныс көп. Енді жуырда тағы 2 өндірістік желіні іске қосуды көздеп отырмыз, - дейді кәсіпкер А.Ким.
Жалпы кепіл мүлкі жетіспеушілігі мәселесін «Даму» қоры арқылы шешкен кәсіпкерлер қатары көп. Соның арқасында жуырда нан мен кондитерлік және жартылай дайын азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Бас технологы Алёна Рейвахтың айтуынша, қазіргі таңда өндірістік желілерді іске қосқан. «Қажетті наубайханашы, кондитер, ет қақтаушы сынды мамандарды оқыған мамандығына қарамай өзіміз қайта даярлап жатырмыз», - дейді.
Азық-түлік өнімдері ешқандай синтетикалық талшықтарсыз, дәмдеуіш қоспаларсыз дайындалады. Сондықтан болар, күн санап тұтынушы қатары көбейіп келеді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы 50 субсидиялау келісім-шарт жасалған. Кепілдендіру құралын пайдаланған 30 жеке кәсіпкерлік құрылымның ісі өрге басты.
Соңғы 6 жыл ішінде «БЖК-2020» бағдарлама аясында Қызылорда облысы бойынша 373 кәсіпкерлік субъектісі қолдау алып, соның ішінде 131 кәсіпкер «Даму» қорының кепілдендіру құрылымын қолданды. Мемлекет қолдау арқасында Сыр бойының бас шаһары инвестиция тарту, құрылыс қарқыны және аймақ қазынасына түсетін салық төлемдері жөнінен оң көрсеткіштерге ие.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |