СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Кеше облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және облыс активі Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Нұрхан Жәлиевті жаңа қызметке ауысуына байланыс­ты құрметпен шығарып салды.

Руслан Рүстемұлы облыстың, қаланың әлеуметтік мәселелерін біржақты етуде жасаған елеулі қызметі үшін оған үлкен алғысын білдірді.

– Нұрхан Бұхарбайұлы жақында Елбасы Жарлығымен құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті» директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол еңбек жолында облыстық басқармаларды басқарған тәжірибелі маман. Осы уақытқа дейін атқарған қызметтерінде аса жауапкершілікпен және абыройлы қызмет етті», – деген облыс әкімінің орынбасары әріптесі кеудесіне Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалін тағып, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыс етті.

 

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 желтоксан 2016 г. 982 0