« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Халыққа ұсынылатын тауарлар бағасы негізсіз өспейді. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Нұрлан Пірімов түсіндірді.
Елбасының Жолдауындағы экономиканың барлық секторында нарықтық бағаға өтуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында атқарылып жатқан бағыттардың бірі нарықта бағаны мемлекеттік реттеуді болдырмау болып табылады. Атап айтқанда, бұл теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері өндірісі, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникация және почта байланысы, газ салаларына қатысты болмақ. Енгізілген жаңа бастамалар ең алдымен нарық тиімділігін арттырады, осылайша ұлттық субъектілер Еуразия экономикалық одағы субъектілерімен тең жағдайда болады. Осыған байланысты, 2020 жылға дейін баға реттеудің жаңа түрін енгізу қарастырылуда. Мәселен, газ нарығында – 2 қызмет, теміржол нарығында – 2 қызмет, азаматтық авиацияда – 5, электр энергетикасы нарығында – 4 қызмет.
Департамент басшысының айтуынша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы өсуі мүмкін. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тарифі орташа 1 кг үшін 17 теңгені құрайды. Бұл тарифтің құрамдас бөлігінің объективті өсуіне байланысты.
Ал жыл басында электр энергиясының бағасы көтерілмейді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |