« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Осы аптада облыс әкімі Қ.Көшербаев белгілі айтыскер ақын, "Алтын домбыра” иегері Мұхтар Ниязов пен Елбасының қолынан домбыра алған жас термеші Арай Оңғарқызын қабылдады. Аймақ басшысы Сыр елінің мақтаныштарына алғысын білдіре отырып, сәттілік тіледі. Қос өнерпаз да өз кезегінде Сыр халқының ерекше қолдауын сезінетінін айтып, ризашылығын жеткізді.
Айтыс төрінен орын алып жүрген ақын Мұхтар Ниязов республикалық айтыста осымен екі мәрте топ жарып, елге жүлделі оралған болатын. Ал Елбасының ықыласына бөленген келесі кейіпкеріміз 8 жасар Арай Оңғарқызы Алматыдағы мұражай экспозициясының таныстырылымында Елбасы алдында ақын-жырау Айдос Рахметовтың "Елін сүйген Елбасы” атты жырын домбырамен төгілте жырлады. Осылайша, жас өнерпаздың өнеріне тәнті болған Нұрсұлтан Әбішұлы оған ақ батасын беріп, домбыра сыйға тартқан болатын. Бүгінде ол Қармақшыдағы Көшеней Рүстембекұлы атындағы Жыраулар үйіне қарасты Тұрмағамбет ауылындағы "Тасберген жырау” үйірмесінде дәріс алып жүр. Ата-анасы мен үйірме жетекшісі әрі ұстазы Зәуре Кәрібаева кішкентай Арайдың жарқын болашағынан зор үміт күтетінін, оның бұған дейін де жеткен жетістігі аз еместігін айтады. Қасиетті қара домбырасымен түрлі термені нақышына келтіре орындайтын Арай алдағы уақытта да өнер әлемінен алыстамақ емес.
М.СНАДИН.« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |