« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімінің орынбасарлары Қуанышбек Ысқақов және Руслан Рүстемов Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты.
200 адамға лайықталған облыстық перинаталдық орталық екі жыл бұрын ашылған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовты денсаулық сақтау нысанының жұмысымен таныстырған орталықтың бас дәрігері Гүлнар Жұмашева ақ халаттылардың кеңесіне кемінде 40-50 адам күніне жүгінетінін жеткізді. Мұнда әйелдер мен жаңа туылған нәрестелерге неонатология, анестезиология, реаниматология, акушерлік және гинекология салалары бойынша қызмет көрсетіледі. Жаңа үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар пайдаланылады. Ал, биыл 30 төсек-орынды босанғаннан кейінгі оңалту бөлімшесі ашылды. Келушілер мемлекеттің ана мен бала денсаулығына қамқорлығы үшін дән риза.
Одан кейінгі аялдама – биыл Тұңғыш Президент күні қарсаңында халық игілігіне берілген облыстық балалар ауруханасы. Жаңа ауруханада 11 бөлімше, 5 ота жасау блогы, 12 орындық жан сақтау бөлімшесі, анестезия және консультативтік-диагностикалық бөлімше жұмыс істейді. Көпсалалы медициналық мекеме озық медициналық құралдармен жабдықталған.
Р.Рүстемов одан кейін дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернат пен жатақханасының тыныс-тіршілігін көрді. Мұнда да балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Жылы, жарық әрі жайлы.
Отбасылық үлгідегі «Атамекен» балалар ауылында Р.Рүстемовты қуана күтіп алған тәрбиеленушілер өлеңдерін оқып берді. Облыс әкімінің орынбасары оларға арнап жаңажылдық сыйлықтар үлестірді. Ауылдағы 8 коттедждің әрқайсысының алдында спорттық, ойын және демалыс алаңдары қарастырылған. Балалар отбасылық жайлылық сыйлаған үлкендерге алғыстарын білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Мұнда қазіргі күні 157 адам, одан бөлек күндізгі стационарда 100-ден астам адам ем қабылдауда. Су, жылу, жарық жөнінен ешқандай мәселе жоқ.
Талсуатта үш әлеуметтік нысан орналасқан, солардың бірі – мүгедектерге арналған оңалту орталығы. Жаңа жыл күндері мұнда қызмет алушылар болмайды. Соған қарамастан, қызметкерлер күні бойы кезекшілік атқарады. Балаларға арналған психоневрологиялық интернатта 183 бала бар, соның 23-і күндізгі стационарда. Мұнда да мереке күндеріне арнап кезекшілік жоспары жасалған.
Жуырда ғана қолданысқа берілген ересектерге арналған психоневрологиялық интернат 8 блоктан тұрады. Бүгінгі күні 235 адам – мемлекет қамқорлығында. Келер жылдың қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш екі есеге көбеймек. Облыста барлығы 712 адам мемлекеттік әлеуметтік қызмет алушылардың қатарында болса, 2 059 мүгедек және зейнеткер күндізгі стационар есебіне тіркелген.
Әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысу барысында облыс әкімінің орынбасарлары халыққа қолайлы жағдайлар жасалғанына көз жеткізді.
Н.САНИЯЗОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |